008

Бекболат Тілеухан адасып жүр…

Бекболат Тілеухан адасты. Ел сыйлайтын еді. Сөзіне де, ісіне де сенетін еді… Ең ұлы сүннет – көркем мінезді меңгерген Мұхаметжан да сонымен бірге жалтарып кетті…Неге?

Осы жерде Лев Толстойдың Максим Горькийді қыспақтағанын қаперге сала кетейін, пролетарияттың, атеистіктің ұлы жазушысы атанған оған Лев Толстой ең нәзік жерден сұрақ қояды ғой.

– Сен Аллаһтың бар екенін білесің бе? – деп, сонда ол:

– Алла жоқ қой, – дейді абдырап.

Келбеті салқын тартқан Лев Толстой:  – Сен Аллаһтың бар екенін әбден білесің, – дейді үні қатқыл шығып. Горькийдің өңі қуқыл тартып, қобалжып тұрып қалады. Жауап беруге шамасы келмейді. Лев Толстой сосын үнін бәсейтіп:

– Өйткені ол Аллаһ сенің қалауыңдай емес, сондықтан мойындамайсың, – деген. Міне, ұлы адамдар ақиқаттың алдында жалтармаған… Әр екі жағы да іштей сезінді, мойындаса барлық еңбегінен бас тартуға тура келеді оған. «Ақылы бар адамның соңғы табан тірер тиянағы – Ислам». Заманның дес бермеген жазушысы, әлемдік ақыл-ойдың көркем үлгісін зерделеуші, Нобель сыйлығынан бас тартқан Левтің сөзі осы.

Қоооош, сонымен тақырыпқа келейік. Бекболаттың осы ширек ғасырда тасының өрге домалағаны сонша, түркі халықтарына кеңінен танылған, Шахановтан да, көз еті өскен «Мұрттыдан» да әрмен даңқы төске өрлеген тұлға. Мақтайды деп қалмаңдар, тамыршы оқырман. Жоооооқ, дер едім қолымды бірақ сілтеп!

Әрине, ұлт үшін жасаған еңбегін ешкім жоққа шығармайды. Алайда, жаман адам деген жақсылығы жоқ, жақсы адам деген қателігі жоқ адам деген сөз емес. Жақсы болмасқа да еш қақысы жоқ. Айтуларға қарағанда, Сталин өлерден үш жыл бұрын  партбилетін тығып тастап, Бекболаттың атасы намазын тығып оқыған, сталиндік репрессия қақап тұрған кезде. Демек, татқаны тұнық екенінде дау жоқ. Кредиттік сана салтанат құрған қауымға  жақсылықты үндегендердің алғашқы легінде болды.

ХХІ ғасыр адам айтқысыз ақпараттық соғыс майданы. Жақсылықтың көзін жамандықпен бекітудің алуан парағы шығып жатқан кез. Кеңестік социалистік ләгерден шыққан бір қауым түрмелік психологияны мейлінше сіңірген. Құлдық сана  еттен өтіп, сүйекке барған, жаһанданудың алғашқы соққысының өзіне шыдас беретін ұлттық болмыс шашылып қалған. Түркітектес бұратана халықтардың ішінде жоспарлы соққыдан рухы тонау мен тұтқынға түскен ел екенімізді несін жасырайық. Ықылымнан келе жатқан үш ұлы құндылыққа қарсы шаптық  алдымен. Аллаһ Құранда: «Асырмен ант етем. Анығында адам баласы сөзсіз, зиянда, тек иманға келген әрі ізгі амал жасаған және бір-біріне сабырды насиқат етіп, өсиеттегендерден басқалар» деген. (Асыр сүресі, 30 пара).

Сол өзіміз қарсы шапқан құндылықтар болмаса, ең әуелі адаммын деудің өзі артық. Таң қалатының, оған өзіміз қарсы тұрдық, осыдан кейін біз кереметпіз деп айта аламыз ба?  Алдымен қазақ тіліне қарсы тұрдық, одан ділге жаулық таныттық. Дінге келгенде жауға шапқандай болдық. Оның дәлелі тарихи сана қалыптастырған асылымызды аяқ асты еттік. Мектеп оқулықтарында Кенесары ханды халық жауы деп оқыттық. Шұрық еткен пенде жоқ, қайта зұлымдықты батырлық,  алдамшыны іскер, шындықты жалған, ақты қара дедік. Дінге келгенде байбалам салып, тіпті құтырындық. Дұшпанға да тілемейтін  сөздер айттық. Құдайсыздық дерті буын құртына айналғаны сонша, алдымен орамал мен сақалға жармастық…

Мұның ең жаманы: берісі аталарымыз, арысы Аллаһ елшісіне қарсылық таныту екенін түсінбедік. Адами құндылықты араша таладық, Ислам туралы сауатсыз трактариске дейін үкім шығаратын болды. Ақыл есі енді кірген шынашақтай қыз патша туралы ғайбат айтатын бір түрлі кезең, бір түрлі қоғамға келіп, маңдайымызды аямай соқтық. Санасы барлар іштей ышқынған, шыңғырған кез! Қазаққа тән болған ұяңдық пен арды аяққа таптаған, обал болады деген опалы сөздің өзін тепкілеп тұрып терең көмген, нәпсі бездерінің безгегін жырлайтын роликтер мен әңгімелер салтанат құрған, жазықсыз адам ұру мен зина үшін мақтанатын есі ауысқан дәуірге аяқ бастық. Белгілі ғалым Ибн Баздың сөзі бар: «Кім ақыретім күйсін десе, ғалымдарды тілдесін, дүнием күйсін десе, патшаларды жамандасын» деген.

Мен білетін Бекболат осы додаға түсті де кетті. Өйткені ақылы бүтін, иманға келген адам мұндай толассыз оспадарлықтарға үнсіз қарап тұруға қақысы жоқ еді. Тілі шықпаған билік аса жаратпады Бекболатты. Бақсы, балгер, көріпкел, құдайы тамақты дін деп білген халық өзіне оны жат санады. Екі таудың ортасында қалды. Сонда да  исламға шақырды, таухидты темірқазық қылып үндеді.

Бекболат Тілеухан

Бекболат Тілеухан

Оның ақиқаттың үстінде тұрып таухидты уағыздағанын қастерлейтін едік,  алайда бүгінгі тірлігі не?  Төбемнен Түннің мәйегі ұшып өткен ұшақтың қанатында сорғалап ағады…Жалғыздың үнін, жаяудың шаңын басқан марғау түнді аяймын.

Осы жерде мазмұнды ашу үшін кілтең жерден кілт ретінде сақтап отырған екінші бір кейіпкерді айтуды жөн көрдім. Демек, оқиға мазмұнымен тас түйін байланысты болғандықтан айтамын. Есімі қазақтың азаттығымен байланысты Желтоқсан қозғалысының бірегей қайраткері Талғат Рысқұлбек Ноғайбайұлы болатын. Бұл жерде оқырман Бекболат пен Талғаттың не қатысы бар деп шамырқануы мүмкін. Шынымен де еш қатысы жоқ. Салыстырмалы әдебиет деген бар, бір нәрсенің мәнін терең ашу үшін қолданылатын. «Абай мен Әбділда тең бе?» дейтін Ықылас Ожай досым.

Сол сияқты Бекболат пен Талғат тең емес. Ең әуелі ат-атағымен емес, майданының беріктігінен тең емес. «Биіктен құлаған тас қандай ғажап, сынғанымен қалады тас қалпында» дегендей, Талғат дәл осындай алған бетінен қайтпайтын тастай берік рух иесі. Бүгінгі Қазақияда таухидты ұстанып жүрген бауырлар жетерлік, алайда соны тоқтаусыз ашып айтып жүрген санаулы ғана. Соның бірі – Талғат.

Оның ақиқаттың үстінде тұрып таухидты уағыздағанын қастерлейтін едік,  алайда бүгінгі тірлігі не?  Төбемнен Түннің мәйегі ұшып өткен ұшақтың қанатында сорғалап ағады…Жалғыздың үнін, жаяудың шаңын басқан марғау түнді аяймын.

Ақиқат пен ар алдында адал қызмет етуді парыз санаған, «Күніне мың пәлеге жолықсаң да,Сонда да күдер үзбе бір Алладан» деген тағылымды жүрегіне орнықтырған, империялық пәрменнің соққысына шыдас берген, азаттық пен қазақтықты сақтау үшін иманның ауадай керек екенін терең түсінген Қазақияның саусақпен санарлық батырларының бірі. Білегінің  күші бар, жүрегінің күші жоқ қаншама ессіз спортшыларды батыр деп келдік, жалаңаштанған есер эстрадашыл әйелдерді жұлдыз деп келдік. Бұл деген масқара ғой.

Ең бастысы, рухани әлемі туралыққа бағытталған Құдайдың құлы, адамның ұлы. Пенделіктен азат, азаттықпен бір туысқан Ноғайбай отбасында дүниеге келген, қазақтың даңқты эстафетасы, намыс феномені Қайраттың тете інісі. Қайрат кезінде шағын ауылдан үлкен қалаға ұласқан қара төбелестерде жеті-сегіз содырды жалғыз өзі сұлататын мықтылыққа сай қорқу дегенді білмейтін, атынан ат үркетін ерегіскенін екпеттетпей тынбайтын  шалымды да алымды жігіт болды. Ұлтшыл Қайрат өзге ұлт өкілдеріне рухын бермей, Талғатты ертіп барып жағаласқанын жапырып қайтатын.

Бір сенсе, Талғатқа  ғана сенген. Түрмеден рухани тірек қылып хат жазыпты тұтқындалғаннан кейін: «Менің жазамды, өздерің естігендей, ату жазасын 20 жылға  ауыстырды. Бұл, әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұған еш қуанғам жоқ. Менің бұл өмірде сенерім – інім Талғат қана. Ол мен білетін Талғат болса, мені түрмеден шығармай тынбайды. Айтқанынан қайтпайтын қайсарлығы бар» деген. Айтпағым, азаттықтың алдаспаны Қайраттың сүйеніші осы інісі Талғат екенін көп адам білмеуі мүмкін. Бүгінгі бейбіт қоғамда тыныштықты түртпектеп батыр болғандарға таң қалам.  Қайраттың әкесі Ноғайбай қайтыс болғанда елдің түкпір-түкпірінен сен тұр, мен атайын деген мықты жігіттер қарақорым болып қопарылып келген.

Аталарымызда, исламда туған күнмен құттықтау бар ма еді? Мүлдем жоқ екенін, мұндай үрдістің орыстардан жұққан дерт екенін басқа білмесе де, Бекболат мырза білуге тиіс қой. «Паровоз қалай маңса, вагондар солай жүйткиді» деген сөз бекер емес. Адасты дегенім осылар. Әркім өз нәпсі қалауымен түрлі діннің жаңалықтарын қоса берсе не қалады исламнан?

Сол күні Ноғайбаймен тұрғылас досы Жуасбай да жеткен, елуді еңсерген бұл кісінің қайратына қайран қалып жұрт аңыз етеді. Тік секіріп тұрған асауды айт деп бір ақырып, жым қылады екен. Жануар дір-дір етіп, азаматтың ырқына көне беріпті. Сосын құлақтан ұстап, жерге алып ұрғанын көргендер жыр ғып айтады. Құрыштан құйылғандай батыр қария дауысын көтеріп, сол кездегі жырынды рэкет атанған мықтыларға қарап: «Сендер мына Қайраттың даңқына бола келдіңдер, Ноғайбайды білмейсіңдер. Қайрат Ноғайбайдың төбелі ғана, нағыз қасқа, айтулы көкжал мына Ноғайбайдың өзі болатын, нағыз батыр еді ғой» депті. Демек,Тек деген сөздің тұнығы тереңде екені осыдан да белгілі.

Талгат

Талғат Рысқұлбеков

Сүттен ақ, күннен жарық ақиқатты айтудағы батылдығы қуантады дейді біраз адам. Енді бір қырынан қарағанда ақиқатты айтқан адамды көптеген адам ұната бермейді, себебі, хакім Абай айтады ғой: «Көпте ақыл жоқ, ебін тауып, жөнге сал» деп. Көпте әділдік жоқ екені жасырын емес. Әлихан Бөкейханның «халыққа қызмет ету білімнен емес – Иманнан» деген аталы сөзін жақсы түсінген Талғат Рысқұлбековті көп адам түсінбей жүрсе, шара не.

Сонымен басында Бекболатты адасты деп ой қозғаған едік. «Алтын көрсе, періште жолдан тайыпты» дегендей. Не үшін олай болғаны соқырға таяқ ұстатқандай анық нәрсе. Ақша мен билікке сатылғанын таухидтағы бауырлар және басқалар айтып жүр… Бұл автордың өз сөзі десеңіздер, қателесесіздер. Бұлда таңқалатын нәрсе емес. Ақша кімнің бағытын өзіне бұрмаған?.. Ақида мен таухид бір далада қалды… Шен мен шекпеннің қамын күйттеп кеткендей көрінеді де тұрады… Әлде әртүрлі қыспақтарға шыдас бермеді ме екен?..

Өткен қыста ШҚО-ның бас имамы жаңа жылды тойлауға болады деп қолдау білдіргеніне ренжіп жүргенде, «Май іздесең, міне, құйрық» дегендей, Бекболат Қазақстан телеарнасында наурызды құттықтап отыр: «Ұлыс оң, ақ мол болсын!» деп. Наурыз «Жаңа күн» деген парсылардың сөзінен келген Әкула мазда деген от құдайына табынатын мереке. Аллаһ Құранда «Исламға толық кіріңдер» дейді.  Діннен аз хабары бар адамның бәрі біледі бүгінде. Имамдарда бұл мерекенің дінімізге жақын еместігін ара-тұра айтып жатады.

Аллаһ елшісінің (с.а.у) хадис шарифінде: «Екі айттан басқасын құттықтаған бізден емес» деген. Демек, бидғат үлкен күнадан да ауыр дейді ғалымдар.  Және бірде Бекең – Бекболат Тілеухан мырза фэйсбук әлеуметтік желісінде БАҚ-та істейтін көз танысының баласының туған күнін құттықтап жатты. Жалпы, төңірегінде жүргендер жаппай туған күн құттықтау әдетке айналғанын айтады. Аталарымызда, исламда туған күнмен құттықтау бар ма еді? Мүлдем жоқ екенін, мұндай үрдістің орыстардан жұққан дерт екенін басқа білмесе де, Бекболат мырза білуге тиіс қой. «Паровоз қалай маңса, вагондар солай жүйткиді» деген сөз бекер емес. Адасты дегенім осылар. Әркім өз нәпсі қалауымен түрлі діннің жаңалықтарын қоса берсе не қалады исламнан?

Осы жерде кезіндегі парсы патшасы Иракил мен мүшрик Әбусуфиян (кейін мұсылман дініне кіреді) туралы айта кетсек. Иракил: – Оның (Аллаһ елшісі с.а.у) дініне кіргеннен кейін шыққан адам бар ма? – дейді.

Сонда Әбусуфиян: – Оның дініне кірген адам шыққан емес, – дейді.

Парсы патшасы: – Нағыз ақиқат дін осындай болады, – дейді. Партияға кіріп, қайта шығып кеткен сияқты, өз ұсқынымызға күлкім келеді. Бұл жерде ешкімді сөкпеймін де. Жәннатта кедейлер көп болады дейді Аллаһ елшісі Мұхаммед (с.а.у). Бұл да тегін емес шығар!

 Серік БОҚАН

 

51 пікір

  1. Бекболат

    Бугiнгi бейбiт когамда дейсiз бе? Осыган озiнiз сенесiз бе? «Тихом омуте черти водится» дегеннiн керi келiп турганы сiзге шынымен байкалмай ма, алде «бiреулердiн» канатынын астында болудан дамелiсiз бе? Шынынызды айтынызшы.

  2. Талгат

    Жазганынызды дөп басып айту ушин далдик жетиспейтин секілді.Бир деректи айту ушин бираз сойлемнин кереги жок

  3. Бағдал Ақынұлы

    Түкке тұрмайтын бірдемелермен мұндай азаматты кіналау дұрыс емес.. Мысалы, ФК-тегі парақшасында бір досының баласының туған күнін құттықтаған болса, содан болып дінімізге қаншалықты қылау түсе қалыпты. Бүгінде баласының түгілі ата-әжесінің туған күнін тойламайтын кім қалды… Қазағым деп жанын қиюға бар азамат болса, сол Бекболаттай-ақ болсын… Тырнақ астынан кір іздеудің қажеті қанша..

  4. Елжас

    Бекболатты ешкім ғалым санап Ислами білім алып жүрген жоқ,қарапайым мұсылман адам.Істегендерінің есебін Аллаh алар.Және сіз де, біз де ол үшін жауап бермейміз.Олай айқайлап,әңгіме қылып айту керек емес сияқты.Аллаh жақсырақ білуші

  5. Мұханбет Жүнбасов

    Мен Серіктің ұстанымымен он жерінен мүмін, ислам дінінің білгірі болса да келіспеймін. Имам ағзам Әбу Ханифа масхабы бойынша ислам діні жергілікті салт, дәстүр, діл мен дінді мансұқта, тек араб салтын, ділін, тілін ұстан демеген. Наурыз жаңа от деген, бұл оьқа, яғни пұтқа табыну деген не сандырақ, наурыз- жыл басы, астрономиялық ұғым, жаңа жылға да аман- есен жеттік деп, адам пенде, бұған бізді Құдыреті күшті бір Алла бұйрығымен жеткізді деп, бірін бірі құттықтап жатса несі айып? Дүниеге адамды ерлі- зайыпты әкелмейді, бір Алланың бұйрығымен жаратылады. Алланың адам етіп жаратып, сана бергені үшін бір мүмін бір мүмінді Алласын мадақ етіп, құттықтап жатса, оның несі айып? Сондықтан Сен серік бізді дініміздің хақ жолынан адастыр ма. Өзіміз әзер дегенде шала түсіне бастап, калима қайырып, намазға жығылып, Меккеге қажылыққа Аллаға құлшылық етеміз деп барып келгенімізде, сен бізді адастырып, шайтаның ісін жасама серік. Мен сенің атыңды әдейі бас әріпсіз жазып отырмын, яғни сен мен үшін мүшіріксің. Бірақ екеумізге де бағаны бір Алла береді.

  6. Ардак

    Серик Бокан адамга ауыз уру ушин берилмейди, бул иттен биик екенимизди билдиреди. Илим естиге конса гулденеди сиз сиякты ессизден ширип, сасиды екен гой. Бекболатка сын айту ушин кем дегенде ол кисинин денгейне жету керек? Ал сиз ол денгейге али дурбимен карап турсыз.

  7. Таңат Нұрғазы

    Бос сөз. Бекболат Тілеуханды жаман қылып көрсету ғана. Туған күнді атап өтуге, наурыз мерекесін тойлатуға болмайды дегенді Құран немесе пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с сүнеттерінен дәлелді етіп көрсетілмеген. Шамандыққа келейік… Егер нааурыз мерекесі о баста шамандықпен байланысты шыққан мереке болса да, уақыт өте келе ол кешірім сұрау, татуласу, жақсылықты бөлісу мерекесіне айналған. Ал бұл исламға еш қайшы келмейді. Ғайбат айтудан сақтанған дұрыс болар.

  8. Габит Жуманазаров

    Бекболат жайлы мақала жазған Серик Бокан ға айтарым бар, сен озiнше тауфих, имандылық , Аллах жайында жазыпсын , брак озин Аллахтың ешқашан күнәжасамайтын періштелерiне жала жауып тұрсын, «алтынды көрсе періште ………………..» деп, Астахфираллах. осы жерде сенің оқымаған билимсиздигин , Исламнан хабарын жоқтығы көрініп тұр. озин билмейін нәрселер жайлы жазбаға ның дұрыс

  9. Меруерт

    Тіптен не жазып, не қойғаның түсінсем бұйырмас. Əрбір жерден жұлып алып, жинақы ойсыз бір мақала болды-ау… Бекболат бір туар азамат, əркім өзін тəрбиелеп, адаспаса болғаны.

  10. Бақталант

    Айтқыңыз келгенді осыдан былай түйіндеп алыңыз әйтпесе айтпайақ қойыңыз, көп сөз көжеге қатық емес……..!

  11. Асылбек

    Серик Бокан сенин не айыткын келгенинди тусинсем буйырмасын, кудайдан уят болды ау, аз гана казактын бир бирин коре алмаганы. Осылай бир биринди аяктан шалганда кимнин абройы оспек!

  12. Akmaral

    Бекболат агамызға барша Қазақ улты карыздар десек артық етпес, Алла еки дуние бакытын насип етсин. Автор ар созинизди ойланып жазыныз. Бекболат Тилеухандай Алаш азаматына кир келтирмес бурын, ол адамдай казакка озиниз пайда келтирдиниз бе? соны ойланыныз. Елдин арасына іріткі саманыз. Ар айтылган создин оз есеби барын умытпаныз. Қазақ десен өзіне тиеді Халыққа нағыз керек адамдарды осылай халықтан алыстатады. Еліміздің діні мен ұлттық ар-намысын жоғары қоятын аттың төбеліндей болған Ел ағаларымызға сөз келтирмениздер. ЕЛГЕ ПАЙДАН ТИМЕСЕ; ПАЙДАСЫ ТИІП ЖАТҚАН АЗАМАТТАРЫМЫЗДЫ КӨП КӨРМЕЙ СӨЗ ТИГІЗБЕЙІКШІ. Мақала жазбастан бұрын ол кісідей халыққа пайдаңыз тисін сосын жазарсыз. ЕЛГЕ ірткі салмай тыныш жүргеніңіз абзал!!!!!

  13. Әбдіқадыр

    Ой, бауырым-ай! Әдеби тіліңіз үшін бес қоямын, ал әдеп тіліңіз үшін екі қоямын! Аллаһ кешірсін бәрімізді, пендешілігіміз үшін! Менің Бекболат құрдасымнан кешірім сұраңыз! Бекең өз ізі бар тұлға Қазақта! Өсетін елдің ұлдары бір-бірін батыр демеуші ме еді! Ұлықтық кішіліктен туады! Кешірім сұрап сабырға келіңіз, Серікжан бауырым! Аллаһ разылығы үшін!

  14. Нұрболхан

    Айтқыңыз келген ойды бiр-екi ауыз сөзбен жазған жеткiлiктi. Болмаса өзiңiздi сауатты қылып көрсеткiңiз келдi ме? Аса мұндай сүбелi сөздермен өрнектеп жазбай-ақ қойыңыз. Ойыңызды жинақтап алыңыз бiрiншi. Сосын, пенденiң iсiн есепке алатын сiз емессiз. Аллаһ алдында жауапттымыз бәрiмiз. Жазады, жазады деген сайын көсiле бермеңiздершi, өтiнiш!!!

  15. Мұрат Бек

    Иә, өмірден кетер де бар, өтер де бар бұл ақиқат. Бекболат бауырымды өз басым жеке тұлға ретінде өте қатты сыйлаймын, Ал Қайрат Рысқұлбек марқұм бауырымды, өте жоғары ұстаймын, өйткені қазақтың намысын жоғары ұстаған азамат ретінде, кіміміз бар осы желтоқсанның ызғары қысқан кезінде қарсы тұра алып, жанын қиған, кейінннен бәрі басылғанда, еш жауапкершілік болмағанда , талайлар (өзіше мықты азаматтар мен бүйттім, мен сүйттім деп көкірегін керді ) мықты болса осы желтоқсанның құрбаны болған азаматтардың сұрауын сұрап , жоғын жоқтап азаматтығын білдірмей ме, қаншама адамдар осы желтоқсанның құрбаны болып оқудан, жұмысынан айырылып тағдырдың тәлкегіне түсті, кейбіреулері өмірден түңіліп өтті, Өкімет шындығында бар болса осы жазықсыз жала көрген , жапа шеккен азаматтарға компенсация төлеуі тиіс деп ойлаймын………………………………………………………………….

  16. Эльмира

    такырыбына карап коркып,дегбирсиздене окысам…Алла билуши,бир накты дайек корип тургам жок…Казактын бир баласы болса ол Бекболат агамыздай болсын!

  17. Болатбек

    Әй, Серік, исламды сен қорғамай-ақ қой, Хафыз Алла жетіп артылады. Оданда иманыңды қорға. Адамды зікір еткеннен қашу, Алланы зікір еткенмен таб мүміндік болса керекті. Сен байқұс Алланы есіңе алмапсың да ғой…

  18. Оналхаг

    Бекболат ага Казак кауымына кадiрiнiздiн кандай екенiн тагы бiр
    байкаган боларсыз.
    Олай болатын болса ел ушiн еш талмай енбек ете берiнiз.
    Сiзге Аллам жар болсын.
    Казак елi жасай берсiн!!!

  19. Беркин

    Осындай надандардын макаласын неге жариялайды екен а ? Типти макала емес сандырак кой . Ар намысыныз мазаламайдыма озинди типтен . Бекболат ага казакка биткен биртуар улдардын бири , ал син к…н кири екенсин . Бекболат ага сизди ел колдайды , жолыныздан тайманыз . Президенттикке сайлауга туссениз гой аттен , коп казак кос колдап колдар едик

  20. Алмаз

    Серік Боқан! Сенің мына мақалаң тап — таза фитна ,ғайбат. Аллаһ сақтасын. Аллаһ нәсіп еткен тыныштығымызға шүкір етіп. Бір біріміз дің (артымызды) шұқымай, бүлік шығармай тыныш өмір сүрейік.

  21. Камшат

    Мақаланың тақырыбын көріп дегбірсіздене оқып, авторға ашулана аяқтаған едім, елім деген азаматтардың ой пікірін оқып, көңілім өсіп қалды. Қашанда осылай бір бірімізді қосыла жамандамай, жақсылап жүрейікші ағайындар. Ат төбеліндей ғана қазақпыз, жамандап жамандап өшірмей, мақтап, мадақтап өсіріп жүрейік бір бірімізді. Қазақ болып қазаққа пайдаңды тигізе алмасаңыз да, зияныңызды тигізіп алмаңыздаршы бауырлар…

  22. Тоқтар

    Мен еш нәрсе түсінген жоқпын.
    Сонша ұзын-сонар әңгіменің өзекті идеасы екі ауыз сөз екен, бауырым мынау дұрыс емес деп өзіне айта салса талғамды жанның таразысы сынып қалмас еді ғой.

  23. Нургул

    Булай биреуди гайбаттап,елге жария етпей бетине айтпайсын ба жигит болсан.Аз соз алтын,коп соз комир,не болса соны жаза бергенсиз.тура теледидардагы жарнама сиякты не корип отырганынды умытып каласын гой сол сиякты окып отырсан такырып не туралы еди деп ойланып калады екенсин.ток етерин жазу керек кой!Бекболаттын жеке омирине араласып не коринди соншама?

  24. Adilbek

    Автор сіз мақалаңыз да қазіргі өздерін салафпиз деп жүргендердің үлкен шейхын яғни Ибн Базды айттыңыз мұны кқалай түсіндіресіз

  25. Тілеубек

    Атың шықпаса жер өрте деген сөз ғой… Бекболат ағамыздың атын тақырып қылып, аздап тіл байлығын көрсеткісі келген — ау шамасы… Бұл да бір ақылға салынбаған іс болды — ау сірә… Бекер…

  26. Тілеубек

    Атың шықпаса жер өрте деген сөз ғой… Бекболат ағамыздың атын тақырып қылып, аздап тіл байлығын көрсеткісі келген — ау шамасы… Жүйесіз, орынсыз… Бұл да бір ақылға салынбаған іс болды — ау… Бекер…

  27. Ғалым

    Вот вам и обожествление своих шейхов и таклид за своим шейхом. https://www.youtube.com/watch?v=4rj3LwvP1pI

    Мавлид(нашид) в память Ибн база
    YOUTUBE.COM

    «Мәлітті, наурызды тойлауға болмайды, туған күнмен құттықтауға болмайды, ән айтып билеуге болмайды, қол шапалақтауға да болмайды, өйткені, мұның бәрі бидағат» дейтін «тақуа» салафиттердің Сауд Арабиясының туған күнін тойлап билеп жүргендеріне жол болсын?…https://www.youtube.com/watch?v=GehluUpBRIU

    Саудиты Ваххабиты празднуют день Саудовской Аравии

  28. Бекболат аға соншама не бүлдіріп қойыпты деп дегбірім қалмай оқып отырып ж.регім айнып кетті. Ешбір логика, жүйе жоқ, бір бәдіктің сандырағы. Автор біреуге күйе жағамын деп өзінің шынайы бет-бейнесін көрсетіп алған. АЛЛА өзі адасқандарды тура жолға салсын!

  29. Ертай

    Домбырам не дейді,мен не деймін.? Айдалада адасып,қорыққанынан есің шығып жүріп жазғансың ау шамасы мынаны.Бытпыратып езгілеп жүріп бар тапқан кінәратың солма,наурыз мейрамы құтты болсын деді,туган күнімен құттықтады.?Жазғышым ау жазсаңшы оданда өзекті мәселелер толып жатырғой.

  30. Музапар

    Бул адам астарлап сойлеп отыр,бариде туснкти ,кай агмда екениде ашылып калды,айтушынын ар жагнда айткызушлар бар,ал ози Бекболат агамыздын байлыгын коре алмайды екен,куншил саяаз адам.

  31. Ерназ

    Мына Боқаның тырнақ астынан кiр здеп фитна шығарып отыр. Айтканн бары Бекболат атамыздың создерн терп алып озне карсы қойып отыр. Мынандай малгундар болган бздн тарихта әркімге жагамдеп зиларымызды кырып тастаган бреулердн кол шоқпар саткындары.

  32. Елдік

    Нобель сыйлығынан бас тартқан Левтің сөзі осы.———— |Қай көк соққан жазып жүр, Толстойға нобель ұсынылмаған. Ұсынылмаған болса қалай бас тартады. Қайдағы бір деңгейі төмен жазушыны дін туралы бір ауыз сөзіне бола көтере бермеңдер, толстойдың шығармашылығы түкке тұрмайды. Егер Достоевскийді оқысаң, толстойдың жазғандары әшейін ойыншылқ болып қалады. Оның соғыс және бейбітшілігі көшірілген шығарма. Бірақ советке керек болды. Қазір уахабистерге керек болып жүр.

  33. NURSULTAN

    Бекболат агамыздын ози ардайым Абай атамыздын созин айтып журеди, «Биринди казак, бирин дос, кормесен истин бари бос», жане казакта макал бар гой «Болар елдин баласы бирин бири батыр диди, болмайтын елдин балдары бирин бири катын диди». Осы заттын кажети жок, Аллага шукир Бекболат ага жигиттин тореси. Бир биримиз дос кориик, бир биримизди батыр деп билеик, казакка казактан баска жанашыр жок агайын…

  34. Ақылды ит суиекті жутарда шығатын жерімен өлшеп алады.
    Мынау қып қызыл өсек .
    Қазақты жамандап өсек жазғанша тарихи ауыз əдебиеттерін жинақтап шығармаисыңдарма?

  35. Әлімжан Әділжан

    БАРЛЫҒЫ НИЕТІҢІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ: ЖАМАНДЫҚ КӨРГІҢІЗ КЕЛДІ ЕКЕН, КӨРДІҢІЗ! БІРАҚ ОЛ ҚАНШАЛЫҚТЫ ДӘРЕЖЕДЕ РАСТЫҒЫН ТЕК ӨЗ САНАҢЫЗДА ҚОРЫТТЫҢЫЗ! СІЗ ӨЗ МҮМКІНШІЛІГІҢІЗДІ АСА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАП ҚОЙҒАН СИЯҚТЫСЫЗ. АСЫП- ТАСЫП СӨЙЛЕУДІҢ НЕ ҚАЖЕТІ БАР ? САНАҢЫЗҒА БЕРСІН! КӨПТЕ АҚЫЛ ЖОҚ ДЕП КӨП КӨЛГІРСИ БЕРУГЕ ДЕ БОЛМАС

  36. 7

    Сәләфи мадхалиттер Дарын & Ділмұраттың артынан еретіндер болып екіге бөлініп еді, енді Дарынның артынан еретіндер тағы бөлініп жатыр екен ғой. Негізі сәләфи ағымыны мұсылмандарды адасқанға айыптауға, бөлінуге құмар секта

  37. АСКАР

    СЕРИК БОК АН адеби тилмен жазлган тактикалык статия , адамнын атына КИР келтиру ушин,

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *