004

Тоқаевтың мұнысы несі?

Үлкен кісілердің ұрпағы – ұл-қызы, немересі орысша сөйлейді. Бұдан келіп бұлар бізге ақыл айтады. Алдымен өзінің үрім-бұтағының тілін  түзеп алмай ма?

Марқұм Кемел Тоқаевқа менің алты аласы, бес бересім жоқ. Өзім де ақсақал жасына жеткен адаммын. Қазақтың детектив жанрын қалыптастырған ұлы жазушы ғой. Бірақ, бауырындағы баласын өз тілін сыйламайтындай осыншалықты деңгейде тәрбиелегеніне таңғалып отырған жайым бар. Оған ғана емес, талай зиялыға…Талай зиялының баласына…

Өткенде Қасымжомартты көрдім, телеарнадан. Бір министрден қазақша сөйлеуді талап еткен депутатқа жекіп тастады. Жаман көрінеді екен.

Әлгі Аслан Сәрінжіпов деген жас бала Білім министрі болғалы бір-екі рет қана қазақша мәлімдеме жасапты.

Соған Сәрсенбай деген депутат орынды сын айтты: «Мемлекеттік тілде баяндама жасауыңыз күн өткен сайын сиреп барады», – деді.

Дұрыс, айту – мақсат. Есінде жүреді. Бірақ, мынаны қарамайсыз ба?!

«Депутат Еңсегенов, заңға байланысты сұрақ қою керек. Сіздің сұрағыңыздың заңға ешқандай байланысы жоқ», – деді осы арада Тоқаев. Осының бәрін тыңдап отырмын. Әлгі Еңсегеновтің түрі бұзылып кетті. Тоқаевтан сын естіген соншалықты ауыр болар ма еді. Кешірім сұрады.

Негізінде, дұрыс айтты. Оның «дұрыс айтқаны» Тоқаевқа ұнаған жоқ, бірақ. Байқағаным, орысша сөйлеп, орысша ойлайтындардың көпшілігінде қазақ тіліне деген іштей қарсылық бар. Сол қарсылық қазір сыртқа шығып жатыр. Тоқаевтың сөзі соның бір дәлелі.

Ол жаман дәстүрді бастап берді. Ертең өзгелері Қасымжомарттан көргенін істейді. «Заңға байланысты сұрақ қою керек» дейді. Білеміз, бұлай айтатындар көп.

Сонда мемлекеттік тілде сөйлеуді талап ету заңға қайшы ма?

Жұмаш ШҮЙКЕНОВ,

«Қала мен Дала» газетінің тұрақты оқырманы   

 

15 пікір

  1. Еркебұлан

    Тоқаев мырза да басқа да мырзалар да Қазақтың тілі мен ділін аяққа таптап болды ғой! Осындайларды да жоғары лауазымға сайлаған Елбасыға жол болсын!

  2. Тоқаев намыстан жұрдай екендігін осы жерде дәлелдеді деп ойлаймын. Осындай көріністен соң, қазақ тілінің мəртебесі қайдан жоғарылайды. Балық басынан шіриді деп, бекер айтылмаған.

  3. K.Kadyrbaev

    Қ.Тоқаев кейбір басшылар сияқты мақтану дегенді білмейді.Қазақ тілінде баяндамаларды айтып жүр, алайда ол басқалары сияқты мақтанған емес: үйренемосындай уақытта,бүйтем алдыңғы уақытта деп.Үндемей ғана қазақ тілін меңгеруде. Депутаттардың регламенті бар емес пе. Қай тілде баяндама жасайтынын басталмас бұрын сұрақ қою керек еді деп ойлаймын. Ал баяндама аяқталып, заң жобасын талқылауда, баяндаманың қай тілде жасалғаны туралы сұрақ қою не регламентке не тақырыпқа жатпайды, сондықтан Сенат төрағасының ескертуі орынды. Әйтпесе Заң жобасын талқылау уақыты кімнің қаншалықты тілді меңгергенің талқылауға кетіп қалу қаупі бар. Тіл мәселесіне депутаттың құзыретіне сәйкес арнайы талқылау күнін белгілеуге, оның ішінде министрлерді тыңдауды міндеттеуді сұрауға құқылы. Артық кетсем кешірім өтінемін. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болған бірінші қазақ ағамызды да сыйлағанымыз дұрыс болар деп үміттенемін.

  4. Лилия

    Келисем, айтканыныз дурыс. Кейде ойлап калам, неге орысша окымадым екен деп, кай жерде де али орыс тили алда. Орыс тилин дурыс билмегеннен коп кедергиге тап келип журмиз…. Кашан оз тилимизди биринши орынга кояр екенбиз

  5. Ilyas

    Осындай биліктегі кісілер Шаханов, Тілеухан айткандай кулдык санадагы адамдар. Озін мын жерден бастыкпын дегенімен кулдар калай ойлайды буларда солай ойлайды. Орыстарга жагымпаздар, оз Ана тілін салтын Ділін курметтемеген бишара деуге болады

    • Болат 34

      Қосыламын.«Есть две формы жизни: гниение и горение. Трусливые и жадные изберут первую, мужественные и щедрые – вторую» (М.Горький).
      Менің аудармам: Қорқақтар мен сараңдар өмірден бықсып өтсе, ер мінезді жаны жайсаңдар шырақтай жанып өтеді.

  6. Баглан

    Патриот намыс ар деген бойымыздан кетип бара жатырма деп коркам озимиз сыйламай жатканда озгелер кайтсын биздин тилимизди динимизди менталиттетимизди

  7. Мен Қасымжомарт Тоқаев Кемелұлын білімді азаматтар қатарына жатқызамын, сол үшін сыйлайтын едім. Себебі, Асылдың сынығы , әкесі –Кемел Тоқаев милиция полковнигі. әрі қазақ тілінде тұңғыш дедективті жанрда қаламтартқан жазушы ретінде есімде қалған болатын. Кейде адам баласына ортаның әсерінен мінез-құлқы бұзылатын кезі болады.
    Шетел банкісінің бизнесмендері болып жүрген қазақ балаларының көбі әкелерінің мемлекеттен жасырған қаржыларын шетел банкісінің депозит бөліміне долларлық пйызбен алуға салып қойғандықтан, соның пайызын алып, елімізге “отправить” етіп отырады екен. Олардың оқуынан гөрі, қаржылық тоқуы мол болуы –сондықтан. Бар, әрине ,ішінде кейбір шынайы студенттер білім алып жүрген. Бірақ олардың көбі жұмысқа өз күшімен елге жайғасқамен, бағамы биік кадрлық орынға отыра алмай, елімізде оқыған студентпен бірдей етіп қояды…. Жұлдызын шағып талайдың… өлең шыққалы тұр ғой тағы!?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған