004

Қазақ жерін сатуға жол бермейміз! (Президентке ашық хат)

   Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевқа

Көшірмесі: ҚР Премьер-Министрі

К.Қ. Мәсімовке

ҚР Сенатының спикері

Қ.К. Тоқаевқа

ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері

Б.С. Ізмұхамедовке

Барлық деңгейдегі әкімдерге, Министрлерге,

Агенттіктерге, Ұлттық компанияларға,

Құқық қорғау құрылымдарына,

Сенат және маслихат депутаттарына,

БАҚ , Қазақстан азаматтарына!

Құрметті  Нұрсұлтан Әбішұлы!

Өзіңізге мәлім, «НұрОтан», «Ақжол», «Азат», БСДП партиялары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазэнержи» қауымдастығы, «Атамекен» ҰҚП, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясы, Жазушылар одағы, Халықаралық Адам институты (Институт), қаржыгерлер, тәуелсіз кісіпкерлер, ректорлар қауымдастығы т.б. қоғамдық ұйымдар құрған Ұйымдастыру алқасы Мемлекеттік емес ұйым ретінде елімізде адам капиталы мен мәдениетті дамыту, жаңаиндустриалды қоғамға өту бағдарламаларын іске асыруда.

1992 жылы БҰҰ Қазақстанды өзіне мүшелікке қабылдағанда, оған «авторитарлық режимдегі ұлттық мемлекет» деп анықтама берген. Ұлттық мемлекеттің негізгі байлығы оның ұлты яғни адамдары және жері мен жерасты байлығы. Жерасты байлығының 70%-дан астамы шетелдік компаниялардың басқаруына 25-65 жылға берілгендіктен шет тілдерін меңгерген білімді мамандардың негізгі бөлігі елге емес, сол ТҰК қызмет етуде.

Қазақстанды иесіз жер деп түсінген Қытайдың СНПС ұлттық компаниясы жұмысқа алатындардың міндетті түрде қытай тілін білуі керектігі туралы ел Конституциясына кереғар бұйрық шығарды. Ал, бұл елдің екінші ұлттық компаниясы Синопек білімді инженер Қазақстан азаматына жалақыны басқа инженерлерден бірнеше есе кем төлеп, ол өз құқығын қорғаймын деп сотқа жүгінгенде, сот Қазақстан азаматының құқығын жерге таптап Конституцияға қарсы шешім шығарды.           Жоғарыдағы компаниялардың осындай келеңсіз тірліктерін қоғамда Қазақстанға жұмысқа уақытша келген емес, елді отарлауға келгендердің тірліктері деп қабылдауда.

Бұл компаниялар Қазақстан мен Қытай арасындағы достық, стратегиялық серіктестік пен екі ел арасындағы ширек ғасыр бойы қалыптасқан татуластыққа сызат салып, екі елді аластатуда.

Ел мен оның азаматтарының мүдделеріне кереғар жоғарыдағы істе елдегі атқарушы, құқық және сот органдары өз үлестерін қосуда. Ел тәуелсіздігіне қауіп төндіретін және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау мақсатында біз СНПС және Синопек компанияларын Қазақстан заңдарына қайшы жұмыс істегені үшін олар жұмыс істейтін елдердің барлығының елбасшыларына бұл компаниялармен жұмыс істеуге болмайтынын ескертіп, оларға халықаралық санкция жариялайтынымызды ескертеміз. Сонымен қатар, олар Қазақстанмен арадағы контрактіні бұзатын болса, сол келісімшарттарды мерзімінен бұрын қысқартуға жұмыстанатынымызды ескертіп, бұл компаниялардан сәуір айының аяғына дейін жоғарыда көрсетілгендер бойынша жазбаша анықтама берулерін талап етеміз. (Хаттың жоғарыдағы мәтіні Қытай Үкіметі мен компанияларына жіберілді).

Келесі мәселе, — ол Қазақ жерін шетелге сату немесе жалға беру туралы. Жер мемлекеттің негізі болғандықтан ол жалпы сатылмайды немесе өз азаматтарынан басқаларға  жалға берілмейтіндігі аксиома. Ол туралы бұрынғы жер туралы заңда көрсетілген. Халық жерді сатуды — елді сату деп түсініп соңғы кезде қатты толқып, әртүрлі ұйымдар құрып, біздің дерек бойынша облыстарда 50 мыңнан астам қол жиналды. Егер жер сатылып, не шетелге жалға берілетін болса халық оған қарсы көтеріліске шығуға дайын екенін ескертуді өзіміздің азаматтық парызымыз деп санаймыз.Біз осы іске қатты алаңдап, ел болашағын ойлағандықтан билік пен қоғамды ескертіп отырмыз.

Себебі, мемлекеттік тіл, жер, Ел мәселесін бүгінгі билікке сенуге болмайтынын ел де түсінді. Ел бірлігі қоғамдағы келісім мен сенімге негізделген. Енді, оны жер сатып әрмен қарай ушықтыру, — ол, Ливиядағы сияқты биліктің басымен доп ойнап, мемлекеттен айрылуға әкеледі. Ел мүддесін сатып, өткен қарашада осындай заң шығарған депутаттар мен сыбайлас жемқорлыққа былыққан шенеуніктер мәселенің тап осындай ушығатынын түсінбейді, не олар оны түсіне алмайтын кереңдер не соқырлар. Ал, араб елдері, Қырғызстан, Украинадағы төңкерістердің болатынын ешбір арнаулы органдар ескерте алмағаны, ондай жағдайлар болғанша бізде де ресми билік сенбейтінін көрсетеді. Ол халық пен биліктің арасы соншама алыстағанының, ел билікке сенбейтінінің, ал билік елдің жағдайын түсінбейтінің белгісі.

Украинадағы сияқты экономиканы олигархтар және шетелдіктер билеген Қазақстандағы билік қазіргі саясаты, елді, сол елдегідей сын сағатта ыдырауға дайындауда. Қазақстан ішкі саясатын түбегейлі өзгертуі қажет.

Адам құл болу үшін, ұлт бодан болу үшін жаралмайды. Жерді сатып, елді бодандыққа итермелейтіндер бұл елден кетулері, не кетіру керек. Ал, елді тонаған ұры-қарылар жердің астына кіріп кетсе де табылады.

Жоғарыдағыларды ескере келіп, Үкімет, қоғамдық ұйымдармен бірге жерді шағын және орта бизнес өкілдері мен шаруа қожалықтарына сату не жалға беру, шетелге жалға беруге тиым салу туралы соңғы заңға тиісті өзгеріс енгізіп, Парламенттен сол өзгерістерді маусым айында қабылдауын талап етеміз. Біз осы хатты барлық БАҚ арқылы таратып, елдегі толқуды басуға уақытша ықпал жасап, негізгі мәселені шешуді Үкімет пен Парламентен талап етеміз. Ел тыныштығы, оның жарқын болашағының кепілі!

Құрметпен,

Ұйымдастыру алқасы атынан:

ӘКІМ Жанұзақ – Халықаралық Адам институтының президенті, ҚР Ұлттық

Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корр.-мүшесі,

Еуропа жаратылыстану ғылымдары Академиясының мүшесі;

СӘБДЕН Оразалы – Қазақстан ғалымдар одағының Төрағасы, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, экономика ғылымдарының докторы,

ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі;

ӘУЕЗОВ Мұрат –  М.О.Әуезов атындағы қордың Төрағасы,

Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, ғалым;

ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары «Табиғат» қауымдастығының Президенті;

ТҰЯҚБАЙ Жармахан – ОСДП «Ақжолдың» Төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері;

АХАНАЕВ А. — ҚР Өнер Академиясының Президенті, ҚР мемлекеттік

сыйлығының иегері,  ҚР еңбегі сіңген қайраткері, Әлем Шебері;

ТОҚАШБАЕВ Марат — «Президент және халық» газетінің Бас редакторы,

ҚР ПҒА академигі, профессор;

ҒАБЖӘЛЕЛОВ Хайрулла — «Алаш» тарихи-зерттеу Орталығының президенті, Социология ғылымдары Академиясының академигі, ҚР өнер қайраткері;

НҰРЫПБАЕВ Мақсат – «Антигептил» қозғалысының ұйымдастырушысы;

ЖӘКЕЕВ Ғабиден – Ғ.М.Мүсірепов атындағы қордың Төрағасы;

АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы;

ОШАНБЕКОВ Нұржан – Қазақ Ұлттық Кеңесінің атқарушы директоры.

Қазақстан зиялылары мен қоғамдық ұйымдары атынан: 

Ауған соғысы ардагерлер Қауымдастығы;

Қазақстанның генералдар Қауымдастығы;

Қазақстан суретшілер Одағы;

Қазақстан композиторлар Одағы т.б., 12 республикалық Қауымдастықтар мен Одақтар қолдады;

НҰРПЕЙСОВ Әбдіжәміл – жазушы,  ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ҚИРАБАЕВ Серік филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;

ҚАЙДАРОВ Әбуғали — филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;

АЙТБАЕВ Өмірзақ — филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі,

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы;

ҚАЛМАТАЕВ Мұрат – генерал-майор, мемлекет және қоғам қайраткері;

МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай — физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,

ҚҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕЛЕМЕСОВ Көпмағамбет – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор,  академик;

ЕЛЕШЕВ Рахымжан – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, академик;

ҒАББАСОВ Совет-Хан — медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты, Халықаралық

М.Нострадамус атындағы Академияның академигі;

ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас — жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,

                                   Қазақстанның құрметті журналисі;

РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒАакадемигі,

ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі;

ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш – Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ИСАБЕКОВ Дулат — «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

СМАТАЕВ Софы — жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының  лауреаты;

ЕЛУБАЙ Смағұл — жазушы, ПЕН-клубының вице-президенті;

АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымдарының докторы, профессор, «Жаратылыстану

ғылымдары және иновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры;

КАПЕКОВА Гулнар – Қазақстан ғалымдар Одағының Алматы облысы бойынша  филиалы директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор;

НЕСИПБАЕВА Калия – тарих ғылымдарының докторы, профессор;

БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері;

БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті;

ҚҰЛКЕНОВ Мереке – жазушы, қоғам қайраткері;

ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт– тарих ғылымының кандидаты,

«Әділет» тарихи- ағарту қоғамының президенті;

СӘРСЕНБАЙ Рысбек  — «Жас Алаш» газетінің бас редакторы, қоғам қайраткері;

БАПИ ермұрат — «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері;

АЙҒАЛИҰЛЫ Е. — «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы;

ҚАЛЫБАЙ  ЖарЫЛҚАП — «Жұлдыздар отбасы-Аңыз Адам» журналының бас редакторы;

ШЫМШЫҚОВ Жанкелді  Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ

                                   ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

ЗЕЙНУЛЛИН Аманжол — ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

«Дала» институтының директоры;

ҚАНАТБАЕВ Серік — ветеринария ғылымының докторы;

ТӘЖИЕВ Қадырбай – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ғылыми жетекші;

АМАНЖОЛОВ Қыдырбай –ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, ғылыми жетекші;

АЙЫПҰЛЫ Рахым – БСДП Президиум мүшесі, Қоғам қайраткері;

ҚАЛЫБАЙ Мақсот — Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңірген зейнеткер;

СЕЙДУЛАЕВА Айман – ұстаз, қоғам қайраткері;

ҚОЖАБЕРГЕНОВ Өсербай – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты;

БАБАМҰРАТ Дәурен —  «Болашақ» жастар қозғалысының лидері;

ЕРҒАЛИЕВА Баретта — Қазақстанның «Демократия және құқық»

халықаралық тарихи-құқық орталығының төрайымы;

ҚОСАНОВ Әміржан –қоғам қайраткері, тәуелсіз саясаткер;
АЛИБАЕВ Алик     — экономист, БСДП Президиум мүшесі;
КЕНЖЕБАЙ Мырзан
– ақын, ҚР мәдениет қайраткері
ТӨРЕХАНОВ Эрнст  жазушы, қоғам қайраткері;
МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек – ғалым, қоғам қайраткері;

МАМАЙ  Жанболат — журналист, қоғам қайраткері;

ҚАПТАҒАЙ Қ. –  «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы;

СӘДУҰЛЫ Б. «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

ӘЗІМБАЙ Ғали – саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;

МҰҚАНОВ Дәурен — аудармашы, әдебиеттанушы;

КӨШІМ Дос -«Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы;

НҰР-АХМЕТ Дос -«Ұлт патриоттары»қозғалысының төрағасы;

ТАЙЖАН Мұқтар —  Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті;

БӨТЕЕВ Марат — «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы;

ТӘЛІМҰЛЫ К. – Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры;

АШУҰЛЫ  Ж. — Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;

МҰХТАРБЕК С. — журналист, қоғам қайраткері;

ҚАНАФИЯ Назарбек — филология ғылымдарының кандидаты;

УАТҚАН Марат — журналист;

ҚЫСТАУБАЕВ Геройхан — қоғам қайраткері;

АҚЖІГІТ Өмірзақ– тәуелсіз журналист;

БЕРКІМБАЙ Ардақ – жорналист, зерттеуші;

КӘРІПЖАН Аманғазы — ақын;

ҚҰТТЫ Кеуімілжай — қоғам белсендісі;
МЕРГЕНБАЙ Сағидолла — қоғам белсендісі;

ТОҚАЙ Бірлік – журналист;
АЙТМЫРЗА Құрманғазы —
желтоқсаншы

Ұлт порталы

120 пікір

  1. Ақан

    Ғылымы дамыған озық елдер үздік технологияларды сатады.
    Өнеркəсібі дамыған озық елдер үздік тауарларды сатады.
    Шикізат өндіруші, дамушы елдер, көмірсутек пен металлдар сатады.
    Жерді кім сатады?

    • Гулназ

      Оян қазақ! Бұл жер- халықтың жері!. Үкіметтің емес! Ақан дұрыс айтады! Мұнай мен барлықты ертеңді ойламай сатып жатқанымыз жетпей ме! Бұл хатты оқып жаным кірді! Өте қуаныштымын Азаматтарымыздың бар болғанына! Үкімет басына осындай адамдар керек! Аман болыңдар ағалар! БІЗ ҚОЛДАЙМЫЗ!

  2. Бақытжан

    Шүкір… шүкір зиялы қауым бар екен шүкір, енді депутаттар қосылса тіпті жақсы болады.Оян қазақ!

  3. Нұрдаулет

    Атам ҚАЗАҚ осынша ма жерде қай-қайдағы қытай және т.б. ұлттар сатып алсын деп қорғаппеді. Атам ҚАЗАҚ дана болған. ОЯН ҚАЗАҚ !!!

  4. Елдос

    Рахмет сіздерге ашық хат жазғандарыңызға. Басымды ием алдарыңызда. Сіздер болмасаңыздар жерімізден айырылатын түріміз бар бұндай билікпен. Неге халықтың ызасын келтіріп жүр? Шыдам таусылып барады. Бұл хат жауапсыз еш нәтижесіз қалса халық көтерілетіні анық! Оң шешім қабылдаңыздар билік басындағылар!

  5. ДАНИЯР

    Сатқызбаймыз ата бабамыз қорғап қанын төккен КИЕЛІ ҚАЗАҚ ЖЕРІН АҚША КЕРЕК БОЛСА ӨЗДЕРІН САТСЫН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАР БАЙЛЫҒЫ 17 МЛН АДАМДЫ АСЫРАЙ АЛМАЙДЫ ДЕГЕНГЕ СЕНБЕЙМІН . КЕШЕ ҒАНА ДАРИҒА ҚАЗАҚСТАН 500 МЛН АДАМДЫ АСЫРАЙ АЛАДЫ ДЕДІ ЕМЕСПЕ. СОНДА МЫНА САЯСАТТЫҢ АСТЫНДА НЕ ЖАТЫР, ҚОЙЫҢЫЗДАР ҰЯТ БОЛАДЫ СІЗДЕР ЕЛ ҮМІТІН АРТҚАН ҚҰРМЕТТІ БАСШЫСЫЗДАР. ХАЛЫҚ ӘРЕҢ ОТЫР, ЕГЕР ЖЕР САТЫЛАТЫН БОЛСА ХАЛЫҚ КӨТЕРІЛІП КЕТУІ МҮМКІН. БЕЙБІТ ТЫНЫШ ЖАТҚАН ЕЛІМІЗДЕ ЕКІНШІ ҚЫРҒЫСТАН РЕВАЛЮЦИЯСЫ БОЛМАУЫНА КІМ КЕПІЛ . БӘРІ ІШТЕН ӘРЕҢ ТЫНЫП ЖҮР . БІРЛІКТІ САҚТАҢЫЗДАР ӨТІНІШ СІЗДЕРГЕ.

  6. Қ.Ғ

    Қурметті қауым. Мен қытайдағы қазақпін, Қытайда туылып өскен өзім Қазақтың тарихы мен көрге қорлығын ойлағанда жаным удай ашиды. Мен ҚХР сындағы қазақтар ежелден бері өмір сүрген орта Алтай, Тарбағатай, Еле аймағында болып жатқан өзгерістерді өз көзіммен көріп келе жаттым. Ол аймақтарда, мейлы қазақ болсын, әлде ұйғур, кырғыз секілдік жақын ұллтар болсын. Жалпы осы аз санды ұлттардың ділі мен діні жойылып барады, жас сабилар қазақша сөйлеуді умытқан. Халықтың турмысы жақсарғанымен олардың рухани жан дуниесі азып барады. Кеше ғана Қытай сабақтастарымен әнгімелескенде, олар маған күлімсіраған жүзбенен бір студенттің бинандан секіріп өзін өлтіргендігі туралы істі айтты. Міне, бұл халық қазір әбден есінен ауысып, көздерінде ақшадан басқа еш нәрсе қалмаған мейрімсіз халық болды. Менім айтпақшы ойым: Қазақтар, ақшаған қандай қысылсақ та өз жерлеріңді сатбаңдар, қытайларды жолатпаңдар, өз жандарыңды жоғалтпаңдар! Бизнес! Бизнес! деп тек ақшаны ойламаңдар, турмысқа жетсе болғаны, оқыиық, оздық білімге қол жеткізейік, сонда өзгенде мықты бола аламыз, өз байлығыңа өзің ие боласың! Қытайшані ұйреніп, қасыр жағыңді қанық тусынсең шетте қалмайсың! Қытайлар қорқынышты емес, олар тек талпіністі, ұйткені олар таритағы отаршылдық орайға қол жеткізе алмаған, сондықтан, жаңа заманда олар жаңа әдіс қолданбақшы.

  7. Руза

    Осы хатты, тіл үшін деп арнап бастаған қол қоюда қолдап отырмыз. шамамен 3000болып қалатын шығар, әрі қарай жинамақпыз

  8. Қазақ

    Жерді сатқаны мені жəне қатын баламды сатқаны мен сатылу үшін туылған жоқпын қатынымды сатқызу үшін алған жоқпын баламды сату үшін таптырған жоқпын…

  9. Ауезхан Саттарұлы

    Бабаларымыздан Елімізге қалдырған аманатқа қиянат жоқ бауырлар,біз де біргеміз

  10. Ақан

    Соғысып ала алмаған жерді ақшаға сатып алатын болса, қазіргі қытай мен қазақтың жағдайынан мол сыр білуге болады.

  11. Алаш баласы

    Өте дұрыс! Қолдаймын. Қара қытай қаптаса! Сары орыс əкендей болады деп Асан-қайғы бабамыз айтып кеткен! Қазақ жерін сату ол үлкен қате! Онсызда тіліміз ақсап жүргенде! Ондай жағдайға жол бермеу керек! Қазағым аман болсын! Еліміз бір тұтас бірлікте болсын!

  12. Газиза

    Жер сату деген нағыз сатқындық! Ата бабаларымыз сатсын деп емес бизге ие болсын деп калдырды Не деген сұмдық, бұған тозе алмайтын шыгар, казак!

  13. Қожатай Азамат

    Жерді сатуга да , жалга беруге де мүлдем болмайды! Жерді сату қылмыс , Бұл деген ата-баба әруагын корлау ! Жерді сатқандар екі дүниеде де оңбайды! ОЯН ҚАЗАҚ!

  14. Серик

    Жерды озге ел тугил озге ултка сатпау керек. Азаматтык согыс басталмасын десе Масимов кутырмасын. Сонын угиттеуимен болып отыр. Масимовты неге тындайды президент

  15. Пшенбай

    Алла жар болсын Қазағым мың өліп мың тірілген осындай зиялы адамдар барда біз өлмейміз есіңді жиып басыңды көтер ҚАЗАҒЫМ.

  16. Алия

    Үкімет басына нағыз қазақ жанашыры келмей, қытайға оны мұны сату тоқтамас, инвестиция деген желеумен, батыстың мұнайын қолға алды сол қысық көздер. Мəсімов деген китаяведтен қашан құтылар екенбіз.

  17. ӘСЕМ

    Ата-бабамыз жанын беріп, қанын төгіп сақтап қалған жеріміздің бір бұрышын да шетелдіктерге бермейміз! Керек болса митингке шығамыз! Жер үшін, ел үшін жаным құрбан!!! МЕН СІЗДЕРМЕН БІРГЕМІН!!! ОЯН, ҚАЗАҚ!!! ЖЕРІҢДІ САТЫП БАЙЫП КЕТПЕЙСІҢ. Ресей қытайларға жерді жалға беріп халқын улап алды, әрі сол жер ештеңеге жарамсыз болып қалды. АҚШ-қа Алясканы 50 жылға жалға беріп ақыры айырылып қалды. Көршілеріміздің қателігін қайталамайық.
    Бәрінен де күйінетінім екі-үш күн бұрын ғана жаппай халық сенім артып сайлаған депутаттар жақ ашып қарсы сөз айта алмады. Бәрін биліктен кетіру керек осы ұсыныс түсірген адамнан бастап. ЖОҚ, ОЛ АДАМ ЕМЕС. ӨЗ ЖЕРІН, ХАЛҚЫНЫҢ МҮДДЕСІН САТҚАН ХАЙУАНСЫҢ, НАДАНСЫҢ.ҚАНША КҮННЕН БЕРІ ХАЛЫҚТЫ ЗАР ИЛЕТІП ЖЫЛАТҚАНЫҢ ҮСТІНЕ ЖЕР САТУДАН ТҮСЕТІН ПАЙДАНЫ АЙТЫП ӨЛІП БАРАСЫҢ!
    қАЗАҚТЫҢҒ ЖЕРІ САТЫЛМАЙДЫ!!!

  18. Әсем

    Ата-бабамыз жанын беріп, қанын төгіп сақтап қалған жеріміздің бір бұрышын да шетелдіктерге бермейміз! Керек болса митингке шығамыз! Жер үшін, ел үшін жаным құрбан!!! МЕН СІЗДЕРМЕН БІРГЕМІН!!! ОЯН, ҚАЗАҚ!!! ЖЕРІҢДІ САТЫП БАЙЫП КЕТПЕЙСІҢ. Ресей қытайларға жерді жалға беріп халқын улап алды, әрі сол жер ештеңеге жарамсыз болып қалды. АҚШ-қа Алясканы 50 жылға жалға беріп ақыры айырылып қалды. Көршілеріміздің қателігін қайталамайық.
    қАЗАҚТЫҢ ЖЕРІ САТЫЛМАЙДЫ!!!

  19. Талгат

    Жер сатылмасын,жалга да берилмесин! Мен зиялы кауымды колдаймын! Жерим,елим,тилим ушин жаным пида!

  20. Дидар

    Мен де қосыламын! Жупарxан Дидар. 01.07.1991. – Жалпы Практика Дәрігері. Медицина Бакалавры. Астана қаласынан.
    87756414240

  21. Гуля

    Кеше Бекболат Тлеухан 25жылға жалға береді деп мəлімдеме жасады. Онымен кімді алдады халықты ма əлде өзін алдады ма? Билік басындағылар мен депутаттар ел намысы үшін емес отырған орындары үшін ғана қорқады. Жер сатылмасын! Жалға да берілмесін! Атырау қаласында митингіге шығартпаймыз деп əкімшілік қысып жатыр. Жұмыс орнынан, оқудан шығарамыз деп қорқыиуда. Тек Атырау емес митингіге бір күнде бүкіл республика шығу керек. Оян қазақ!

  22. Акнур

    Рақмет ағалар еліміздің жанашырлары. Мына хатты оқып бір көзіме жас алдым біздің қазақ елінің қамын ойлайтын азаматтарымыз әлі де бар екен деп.Ел,тіл,жер ол тек қазақтардыкі.

  23. Замзагуль

    Менде косыламын! Жеримизди ешкимге бермеймиз! Мен казакпын оз елимде, оз жеримде не уй жок, не жер жок, 10 жыл болды шеретте турганыма, алалмай журмиз али! Оны Кытайга бергенше оз казагына бермейсин ба? Мен сияктылар каншама? Оз халкынын жагдайын жасандар ауели!!! Биз сиздерди не ушин сайладык? Жумыс истеп билмесендер орынды басқасына бериндер!!! Оян казак!

  24. Магира

    Қолдаймын. Жерді сату қазір керек емес. Талан таражыга түсіп айырылып қаламыз. Бұны жасап отырган Елбасыда емес акша десе жерінде арында сатқан шолақ белсенділер

  25. Магира

    Ақмола обл. Бурабай ауд. Жанажол, Балықты, Корнекі сияқты ауылдарга барып көрдіңіздерме? Зона отдыхқа өтіп бара жатқанда жол бойына назар салсаңыз орманда тау бөктері түгел биіктігі.2 м. темір тормен қоршалған. Ауылдың адамдары 3 жылдан бері өз ауылының орманына кіре алмай, отынсыз отыр. Балалар жазда жидекке барып тоятын да заман келмеске кетті. Бұл жер сатылып кеткен әлдеқашан

  26. Маржан

    Мен казир 6 ай екикабат болсам да котерилиске барамын!! Баламнын кытайлармен араласып оскенин каламаймын! Оз жеринде, оз тилинде сойлеп еркин осуи ушин мен КАЗИР бирнарсе истеуим керек! Егер котерилис керек болса котерилемин! Акем 86 жылы желтоксанга катыскан, менде де канымда намыс, патриотизм бар. Мен колдаймын!!

  27. Найман

    Жерді сатқаны несі???Ұлы Отан соғысында ата – бабаларымыз кейін жерді сатып ақша қылып,басқа елге құл болсын деп қорғап па еді? Ақша үшін өз халқын,елін,жерін,тілін сатқан сұмдық қой!!!

  28. СаЯт

    Мен ҚАЗАҚПЫНПЫН ДЕП ЖАР САЛДЫҚ СОСЫН АТА-БАБАМЫЗ МҰРА ЕТІП ТАСТАП КЕТКЕН ЖЕРІМІЗДІЗД САТПАҚШЫ БҰЛ НЕ МАСҚАРА КӨТЕРІЛІС БОЛСА МЕНДЕ ШЫҒАМ АЛҒА АЛАШ ЕЛІ АЛҒА ҚАЗАҚСТАН

  29. Мейрамбек

    Басымды ием казак зиялылары! Жеримди, елимди коргау ушин керек болса кару алам Колыма ! Кул болганша, кYл болайын!

  30. Еркош

    Казак халкы жерин сататын болса алдагы болашагы да жойылады гой.Казак халкы не болса да намысты болган,ешкимге де оз есесин жиберип коймаса екен.ал егер есесин жиберип алатын болса казак халкы барынан айырылады.Алла тагалам ози жар болсын!!!

  31. Ақмарал

    Мен Жас Анамын. Келінмін. Қазақ Жігіттің жарымын. Мен қазақтың қызымын. Мен де жеріміз үшін аянбаспын. Қазақтың Ұрпағы үшін, біздің Ұрпағымыз үшін жерімізді сатқызбайық. Зиялы ұлт жанды ағаларымыз, інілеріміз, әпке сіңілілеріміз барына риза боп отырмын.

  32. ұлан

    Жердің киесі болады.. Иесінен өзгенің күлпаршасын шығарады. Отпен ойнамаңдар, ақжағалы ағайын!

  33. Заузат

    Мен Қазақстан Республикасының жерінің сатылуына қарсылық білдіремін!Жер сатылмасын, жалға да берілмесін!

  34. Есен

    Жер сатылмасын! жерим ушин жан пида. косыламын зиялы кауымга! АЛЛА ТАҒАЛАМ КӨРІП ТҰР АҚ ПЕН ҚАРАНЫ!

  35. Серік

    Өте дұрыс және уақытында жазылған хат екен! Қымбатшылыққа әрең шыдап отырған халық көтерілсе ешкімді де оңдырмайды! Украинадағы майдан жайына қалады!

  36. Болат

    Оте дурыс жазылган! Алты алашым казактын тили, жери ушин жан беруге дайынмын! Жерди сатуга болмайды ешкашан.

  37. Ислам

    Ассаламу’алейкум рохматуллахи уа баракатух! Дурыс айтасындар бауырлар жер сатылмауы керек…

  38. Нұрмұрат

    Жер -анамыз,
    Тіл-руқымыз жанымыз,
    Осы екі құндылығымызға неге жағаласа берді, басқа жасайтын реформалары құрып қалғандай…
    Осыдан өкімет не ұтатынын білмей ақ қойдым ағайын, жерді меніңше шетелдіктерге сатқанды қойып ,Қазақстан қалқына да сатуға болмайды. Себебі өз қаракөздерімізде қаражат жоқ сатып ала алмайды…Егер өзімізге сата бастасақ өз ішіміздегі басқа ұлттар барлығын сатып алады да өзімізге жалға беріп отыра береді, сосын мәңгілік соларға жалшы боламыз да шыға келеміз.
    Сондықтын жерді бөліп беріп бажысын сәл көтеріп, өқімет төмен несие беріп жұмыс істеуін жете қадағалап отырып Қазағымызды жұмыс істеуге, байуына жағдай жасағанымыз жөн болар деп ойлаймын….

  39. Куралай

    Колдаймын халкым деген азаматтарымыз аман болсын Алла бизге жар болсын жеримиз сатылмасын

  40. Өліп кетсекте 1МЕТР жеріміздіде сатқызбайық.Мұндай масқараны кім күткен сұмдық биліктегі бас ал десе шаш алатындардың көзін құрту керек шала қазақтардың ,недеген намыс жоқ сорлылар надандық .Болашағымыз не болмақ кішкентай ұрпақтарымыз не болмақ …..жерімізді қорғайыыыыыықққққққққ

  41. Алтын

    Ия енді жер сату қалып еді.Не деген сұмдық сонда халық не болады.Ертеңгі ұрпақ ше.😢😭Біздің қазақтар талай қиыншылықты басынан өткерді ал енді мына бейбіт өмірде бары қымбат білген боғын жеп жатыр ғо итакта.Алланың алдында жауап беретінін ұмытпаңдар.Қазақстан Қазақтардың үйі,отаны
    Терең ойланып ақымақ болмаңыздар.Басқаға жем боп қор боп кетпейік.Қазақтың квартирада журген жастары да əрең жүр.

  42. Патриот

    Косыламын. Жерди сатып алгандар Казактарга ауа мен суын сататын болады. Куйыршыктардан Казакстанды тазалау керек.

  43. А.б.

    Елдің билік ұстаған азаматы бірінші кезекте сол елдің ұлтына, тіліне, дініне және салт-дәстүріне жаны ашитын адам болуы керек. Ал, бізде керісінше биліктегінің көбісі құлдық санада жүргендер ондайлар тек өзінің құлқынын ғана ойлайды. Сондықтан біз осындай күйге жеттік. Әрқашанда ұлтжанды азаматтарымыз көп болсын. Сонда ғана елдігіміз мәңгі болмақ. Жеріміздің асты-үстін сату барып турған сатқындық.

  44. Жаннат

    Жерді сатуға немесе жалға беруге барша қазақ қарсы. Төңкеріс ұйымдастыруға да дайын. Кедей өмір сүрсек те өз жерімізде өмір сүруге тиіспіз. Бюджетке ақша керек болса, шенеуніктер жымқырған мүлкін, қатын-баласының қос-қостан теуіп жүрген машинасын аукционға қойсын. Тіпті, жалақыларын да қысқартсын. Қатардағы қарапайым қазақ 50-90 мың жалақыға да күн көріп жүр

  45. Жаннат

    Қазақтар, неден қорқасыңдар? Жеріңді алса, өмір жоқ. Билік басындағылар осы жер мен халықтың арқасында шалқып отырғанын түсінбеген болу керек. Ондай санасы төмен билеушілердің қажеті жоқ.

  46. Күнзипа

    Қазақ жері ол Қазақстанның мәңгіге, ұрпақтан ұрпаққа мұра, асыл қазынамыз. Ер туған жерінде, ит тойған жерінде. Өзге елдің жері керек емес бізге өз еліміздің жер керек. Ешкімге көз алартпай тыныш жатқан халықпыз. халық наразылығы деген жанартауды оятудың еш қажеті жоқ екенін тарихтан белгілі.

  47. Арайлым

    Елимиздин осындай патриот азаматтары аман болсын! Елим деп соккан журектериннен айналдым, хатты окып конилим коншиди, коркынышым басылды! Алла елимнин тыныштыгын, халкымнын амандыгын берсин! Бейбит елимиз ешкашан жойылмасын!

  48. Есенкелді

    ҚОЛДАЙМЫН ! Жер сатылмасын,қытайлықтарға жалға берілмесін!,Жер халықтың қазақтың жері! Жалға бергізу қытайдын саясаты,осыны қолдап жатқандар ақшаға сатылған қазақтың жаулары,іштен жыққан жау жаман,ОЯН, ҚАЗАҚ!!! Жерім,елим үшін,тілім үшін жан пида!

  49. Акнур

    Қолдаймын!Жер ата-бабаларымыздан қалған мұра. Ол сатылмасын да, жалга берілмесін де. Ата-бабаларымыз сол үшін қан мен тер төккен жоқ.

  50. Сержан

    Жердің сатылуына қарсымын! Ата Бабамыздан мұра болып қалған жердің сатылуына көпшілік қандастарымыз қарсы! Сондықтан 10 адамның жерді сатылады деген жариясы бұл жерде жүрмейді! Азшылық көпшілікпен ақылдасулары керек

  51. Асхат

    Шүкір осындай зиялы адамдарымызға.ата бабамыздан қалған жер үшін қасық қаным қалғанша аянбаспыз.мен сіздермен біргемін.

  52. Алтынбек

    Жер жалга берилмесин кытайда махабат жок адамнын етин жеген хайуан да ар намыс деген жок казакымызга жаны ашиды деп ойлайсын дарма жерымызды улайды казакты улайды казагым кудайга шукыр жаман емеспыз осы кунге шукыр болашакты оилайык казагым мулдем карсымын жерды кытайга жалга беруге! Жер бос игерлмей жатыр деп жогарыдаглар айтады кытайдын стегенын ауылдагы казагымда стеиды берiндер акша ауылдагы казагыма жер жыртып егын ексын мал устасын казагымнын исы шыгсын ауылдан кытайдын сасык исы шыканша ойланындар депутат министыр агалар догарайык бос созды осы кунымызге шукыр айтып тыныш омiр суреиiк?

  53. Президент не қарап отыр??? Өз қарнын толтырып алса болдыма, неге шырылдап жатқан халықты оиламайды қанша дегенмен президент емеспе( ..Осы жер үшін қан токкен ата-бабаларымыздың еңбегін еш кетірді. Еш.((( Не болсада еліміз жерімі жұртымыз аман болсын.Алла сақтасын жамандықтан.Ең бастысы қазақ екеніңізді ұмытпаңызшы..

  54. Сұлтанмақмұт

    Жер – АНАМЫЗДЫ сатпаймыз! Құрып кетсін қол қойған АЙУАН! Өзіде, ұрпақтары жойылып кетсін оңбағаннын! Анасын сатқанмен бірдей болып отыр! Халыққа не шықпайды МАЛ!

  55. Кəрім

    Мемлекетте сататын түк қалмаган сияқты ғой енді анасын жерін сатпақшы. Бəрін тарам таражға салып жеп түк қалдырмай бөліп алды. Табиғи байлығымызды сатып шет елге қашып жатыр . Халықтын атқа мінбей тыныш отырғанына президент рахмет айтсын …

  56. ҚАЗАҚТЫҢ БІРІ

    Қазағым, мына сөзді ұмытпаңдаршы!
    Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!
    Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың.
    Жақсы менен жаманды айырмадың,
    Бірі – қан, бірі – май боп енді екі ұртың!!!
    Абай атамыз босқа жырламап еді. Ал, Ахмет атамыз да “Оқусыз халық қанша бай болса да – біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді.” деп ескертіп еді. Тыңдар құлақ болмады. Міне, оқу білімнің керек жері осы. қаптаған қытайды да, елді арандатқан мына заманды да тек білікті ғана жеңеді. білекті бірді жығатынын білмейсіңдер ме?! Бірлігі тозған ел ел болмайды. Бірлігіңді жоғалтпа, өрлігіңді жоғалтпа!!! Оян, ҚАЗАҚ! оЙЛАН, ҚАЗАҚ!

  57. ҚАЗАҚТЫҢ БІРІ

    Абай атамыз босқа жырламап еді. Ал, Ахмет атамыз да “Оқусыз халық қанша бай болса да – біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді.” деп ескертіп еді. Тыңдар құлақ болмады. Міне, оқу білімнің керек жері осы. қаптаған қытайды да, елді арандатқан мына заманды да тек білікті ғана жеңеді. білекті бірді жығатынын білмейсіңдер ме?! Бірлігі тозған ел ел болмайды. Бірлігіңді жоғалтпа, өрлігіңді жоғалтпа!!! Оян, ҚАЗАҚ! оЙЛАН, ҚАЗАҚ!

  58. Зарема

    Бізге уақытша мораториидің қажеті жоқ. Түбегейлі заң қабылдансын. Жерімізді жəне тілімізді сақтаймыз. Халық аяғына дейін барады

  59. Негизи ООН Араласып жатыр бул жер маселесине биздин биликке бейбит митингкке шыккан Халыкты устап камауды тогарындар деп Кандайда болсын Мемлекет Халкы ушин кызмет жасайды ен басты байлык Халык адамнын кукыгы онымен санасып жаткан бизде биликти кормеппин Егерде бул маселени ягни жерди жалга беруди токтатпаса Казак котериледи ал Казак бир котерилсе онда оны токтату мумкун емес сол себепти жалга беру деген маселени жою керек Сосын шет елге сол Кытайга байга тип жаткан кыздарды Азаматтыктан айыру керек Елден куылсын осы маселени козгау айту керек.

  60. ЖҰБАНДЫҚ

    Қазақ Елімнің Жері сатылмасын да, жалға да берілмесін. Тіпті өз азаматтарымызға да солай болсын. Себебі: ол тек қана мемлекет меншігі. Жерге жан ашу өте орынды, олай болса бұрынғы колхоз, совхоздарды қайта құрып, мемлекет оған көмек берсін. Мына Беларуссия қандай етіп отыр, сол әдісті қолдансын. Біздің билік тек бір кісінің жалған абройын ойлап ләббай тақсырдан аспай отыр… Өте ӨКІНІШТІ-АҚ. Сырт елге жақсы жылтырақ болып көрінгісі келеді. Одан не пайда іші түтін болып жатқан соң. Ай-ай-ай…
    Жоғарыдағы зиялы қауым өкілдерін от-басыммен және өзіммен мүдделес бірнеше жүздеген адам қосылдық.

  61. ЖҰБАНДЫҚ

    Қазақ Елімнің Жері сатылмасын да, жалға да берілмесін. Тіпті өз азаматтарымызға да солай болсын. Себебі: ол тек қана мемлекет меншігі. Жерге жан ашу өте орынды, олай болса бұрынғы колхоз, совхоздарды қайта құрып, мемлекет оған көмек берсін. Мына Беларуссия қандай етіп отыр, сол әдісті қолдансын. Біздің билік тек бір кісінің жалған абройын ойлап ләббай тақсырдан аспай отыр… Өте ӨКІНІШТІ-АҚ. Сырт елге жақсы жылтырақ болып көрінгісі келеді. Одан не пайда іші түтін болып жатқан соң. Ай-ай-ай…
    Жоғарыдағы зиялы қауым өкілдеріне от-басыммен және өзіммен мүдделес бірнеше жүздеген адам қосылдық.

  62. Жандос

    Жерді басқа біреуге беріп байымай-ақ қояйықшы. Қазақтарды әбден мазақ қылып бітті жаулар. Ойына келгендерін істеп жатыр. Оған жол жоқ.!!!!!

  63. Мереке

    Біз қостаймыз, жер сатылмасын, жалға да берілмесін! Аяқсыз қалдырмау керек ағайындар, бəрін ақылмен істеу керек.

  64. Алаш баласы

    17миллион нағыз қазақ 10миллионғада жетпеиміз бұл не масқара Колбин кеткеннен кеиін 1987жылдан бастап осы көкеміз таққа отырған жоқпа ,Беишара қазақтың ана тіліде өспеді,саныда өспеді енді жерімізге көз тікті,Қазақ өз жерінде өгеидің күнін кешуде өз ой пікірін айтуға шамамыз келмейді бейбіт шеруге қара халық шықса басалып аты жөні жоқ қамайды шаш ал десе бас алатындар ,Сонда бұлардың балдары ертең құдай сақтасын қарақытай елімізде осылардың әкелерінің кесірінен қаптағанда не айтар екен,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған