008

Назарбаевқа Ашық хат

Қазақстан Республикасының Президенті

 Н.Ә. Назарбаевқа

Көшірмесі: ҚР Премьер-Министрі

  К.Қ. Мәсімовке

ҚР Сенатының спикері

Қ.К. Тоқаевқа

ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері

Б.С. Ізмұхамедовке

Барлық деңгейдегі әкімдерге, Министрлерге,

Сенат және мәслихат депутаттарына,

БАҚ, Қазақстан азаматтарына!

 

Құрметті  Нұрсұлтан Әбішұлы!

 

Өзіңізге мәлім, «Нұр Отан», «Ақ жол», «Азат», ЖСДП партиялары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазэнержи» қауымдастығы, «Атамекен» ҰҚП, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясы, Жазушылар одағы, Халықаралық Адам институты (Институт), «Алаш» ҒЗО, қаржыгерлер, тәуелсіз кісіпкерлер, ректорлар қауымдастығы т.б. қоғамдық ұйымдар құрған Ұйымдастыру алқасы Мемлекеттік емес ұйым ретінде елімізде адам капиталы мен мәдениетті дамыту, жаңаиндустриалды қоғамға өту бағдарламаларын іске асыруда.

Жерді шетелге сату және жалға беру туралы 2015 жылы қарашада қабылданған заң мен білім саласындағы ұлттық мемлекеттің ұстанымдарына кереғар ҚР БжҒМ кезекті реформасы, елде өткен жылы басталған экономикалық дағдарысты саяси-әлеуметтік дағдарысқа ұластыруда.

Францияның мәдениет министрлігімен Париж жанында Аттилаға музей және ескерткіш ашу (2012), БҰҰ-да «Қазақстан-Мәңгі Ел» (Нью-Йорк, 2014), ЮНЕСКО-да «Қазақ хандығының 550-жылдығына» халықаралық конференция (Париж, 2015) сияқты елдің имидждік жобалары мен құрамында 87 Нобель лауреаттары істейтін Әлемдік инновациялық Қор және әлемдегі ТОП-50 технологиялық компаниялармен бірге инновациялық экономиканы қалыптастыру жобасын іске асыру барысында түсінгеніміз, елдегі барлық дағдарыстардың себебі өзімізден. Біз оны Президент жолдаулары орындалуының 25%-дан аспауы, инновацияның экономикадағы үлесі 1%-ға жетпегендіктен (Швейцарияда 62%) экономиканың диверсификацияланбауы, ШжОБ үлесінің 20%-ға жетпеуі (дамыған елдерде 50%-дан астам), көлеңкелі экономика үлесінің 40%-ға жетуі, ауылдағылардың еңбек өнімділігінің Батыс елдерінен 14-16 есе төмен болуы т.б. көреміз.  

10.04.2016ж. № 1/627 қоғамдық ұйымдар мен зиялылармен бірігіп жазған хатта жерді сату және жалға беру мәселесі қаралған еді. Осы мәселе бойынша өз ұстанымдарын анықтамаған «Ауыл» және «Бірлік» сияқты өлара партияларды халық қолдамағандықтан тарату керек. Себебі, жерді сату – ол Отанды сатумен бірдей қылмыс. Біз оны б.д. III-IVғғ. түрік тайпаларын билеген тоба тайпасының Қытайға жерін сатып бодан болғанынан көреміз. Сол тобалықтардың басшылығымен бодандық қабылдаған түріктер жүз жылда тілі, діні, ділінен айырылып қытайға айналса, империяға құл болған тобалықтардың төрт ұрпағын бір ғасырдан кейін елдің түкпір-түкпірінен бір жерге жинайды да қылышпен турап шауып, денелерін Хуанхэге ағызып жібереді. Бүгінде түрік халықтарының ішінде тоба тайпасы ізімен жоқ және олардың моласын да таппайсың. Адамзат тарихында сатқандық кешірілмейтін қылмыс болса, елі мен жерін сатқандарды тұқымымен жоқ қылып, тазартып отырған. Тек Адам ғана емес, жабайы аңдар да сатқындықты кешірмейді!

Айдаһардың асқазанында жатқан бүгінгі Шығыс Түркістан да осыдан үш ғасыр бұрын ұйғыр ағайынның ішінен шыққан сатқындар қытайға жалға жер беріп, олардан көше сыпыратын т.б. арзан қол жұмысшыларды (олардың бәрі әскерилер еді) кіргізді. Ондаған жылдан кейін келімсектердің саны белгілі мөлшерге жеткесін Шығыс Түркістанды бір күнде жаулап алды. Бүгін сондағы елу миллиондай ұйғыр, қазақ, өзбек т.б. түрік халықтары қасиетті Түркістанды өз атымен атауға қорқатын құлға айналуда. Біздің «асыл арманымыз» осы ма?!

Жоғарыдағы көрсетілген экономикалық дағдарыс, жер және білім салаларының мәселелерін қоғам алдында ашық талқылап, саяси-әлеуметтік дағдарыстың алдын-алып, экономикадағы дағдарыстан шығу жолдарын анықтау үшін, Парламент және Үкіметпен бірге ортақ шешім қабылдау мақсатында құрылатын үш Комиссияға қоғамдық ұйымдар атынан әр салаға 15 маманнан ұсынамыз (тізім негізінен қол қойғандар ішінен алынады). Бұл Комиссия алғашқы отырыстарын 04.05.2016 күні экономика, ауыл шаруашылығы және ҚР БжҒМ ғимараттарында бастап, маусымның ортасында қабылдаған ортақ шешімдерін барлық БАҚ-да жариялау керек.

Ол ортақ шешімде жерді шағын және орта бизнес өкілдері мен шаруа қожалықтарына сату не жалға беру, шетелге не шетелдік үлесі бар компанияларға жалға беру, не сатуға тиым салу туралы соңғы заңға тиісті өзгеріс енгізілуі қажет. Сонымен қатар, педагогика заңдарына сүйенген Мәңгі Елдің – «Бір тіл, бір дін, бір мораль, бір мемлекет» ұстанымдарына негізделген тәрбие, білім және ғылымды дамыту тұжырымдамасы мен «Қазақстанның жаңа индустриальдық стратегиясы» қабылданады деп күтілуде.

Осы Комиссиялардың шешімдері бойынша қоғамдағы әлеуметтік-саяси және экономикалық дағдарыстардың себептері анықталып, Президент пен қоғам алдында Үкімет пен жеке министрлерге сенім, Қазақстан заңдарын бұзған шетелдік компанияларға халықаралық санкция қою т.б. шешімдер қабылданады. Осы мәселелер бойынша ұсыныстар төмендегі адреске қабылданады.

 Құрметпен, Ұйымдастыру алқасы атынан:

ӘКІМ Жанұзақ – Халықаралық Адам институтының президенті, ҚР Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корр.-мүшесі, Еуропа жаратылыстану ғылымдары Академиясының мүшесі;

СӘБДЕН Оразалы – Қазақстан ғалымдар одағының Төрағасы, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі;

ӘУЕЗОВ Мұрат –  М.О.Әуезов атындағы қордың Төрағасы, Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, ғалым;

ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары «Табиғат» қауымдастығының Президенті;

ТҰЯҚБАЙ Жармахан – ЖСДП Төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері;

ҒАБЖӘЛЕЛОВ Хайрулла – «Алаш» тарихи-зерттеу Орталығының президенті, Әлеуметтік ғылымдары Академиясының академигі, КОНКОРД Академиясының (Франция) құрметті академигі, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР алғашқы валютасы-теңгенің авторы;

ТОҚАШБАЕВ Марат – «Президент және халық» газетінің Бас редакторы, ҚР ПҒА академигі, профессор;

ИСА Қазыбек  –  “Қазақ үні” газеті президенті, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығы лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық – “Алтын күз” ордені иегері.

НҰРЫПБАЕВ Мақсат – «Антигептил» қозғалысының ұйымдастырушысы;

ЖҰМАЛЫ Расул – саясаттанушы, дипломат;

ЖӘКЕЕВ Ғабиден – Ғ.М.Мүсірепов атындағы қордың Төрағасы;

АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы;

 

Қазақстан зиялылары мен қоғамдық ұйымдары атынан:                                                                                                           

Ауған соғысы ардагерлер Қауымдастығы;

Қазақстанның генералдар Қауымдастығы;

Қазақстан суретшілер Одағы;

Қазақстан композиторлар Одағы т.б., 12 республикалық Қауымдастықтар мен Одақтар қолдады;

 

НҰРПЕЙСОВ Әбдіжәміл – жазушы,  ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ҚИРАБАЕВ Серік – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;

ҚАЙДАРОВ Әбуғали – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;

АЙТБАЕВ Өмірзақ – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы;

ҚАЛМАТАЕВ Мұрат – генерал-майор, мемлекет және қоғам қайраткері;

МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай – физика-математика ғылымдарының докторы,  профессор, ҚҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕЛЕМЕСОВ Көпмағамбет – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик;

ЕЛЕШЕВ Рахымжан – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, академик;

ҒАББАСОВ Совет-Хан – медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты, Халықаралық  М.Нострадамус атындағы Академияның академигі;

ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас – жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі; 

РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒАакадемигі, ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі;

ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш – Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ИСАБЕКОВ Дулат – «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

СМАТАЕВ Софы – жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының  лауреаты;

МЕДЕТБЕК Темірхан – ақын, ҚҰ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕСДАУЛЕТ Ұлықбек – ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жұлдыз» жорналының Бас редакторы;

ЕЛУБАЙ Смағұл – жазушы, ПЕН-клубының вице-президенті;

АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымдарының докторы, профессор, «Жаратылыстану ғылымдары және иновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры;

КАПЕКОВА Гулнар – Қазақстан ғалымдар Одағының Алматы облысы бойынша филиалының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор;

НЕСИПБАЕВА Калия – тарих ғылымдарының докторы, профессор;

БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері;

БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті;

ҚҰЛКЕНОВ Мереке – жазушы, қоғам қайраткері;

ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт– тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» тарихи- ағарту қоғамының президенті;

СӘРСЕНБАЙ Рысбек  – «Жас Алаш» газетінің бас редакторы, қоғам қайраткері;

БАПИ Ермұрат – «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері;

АЙҒАЛИҰЛЫ Е. – «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы;

ҚАЛЫБАЙ  Жарылқап – «Жұлдыздар отбасы-Аңыз Адам» журналының бас  редакторы;

САРЫМ Айдос –  Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі, Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;

ШЫМШЫҚОВ Жанкелді  Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ  ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

ЖАНДАРБЕК Зікірия – тарих ғылымының кандидаты, Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Түркістан университетінің профессоры;

ЗЕЙНУЛЛИН Аманжол – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Дала» институтының директоры;

ҚАНАТБАЕВ Серік – ветеринария ғылымының докторы;

ТӘЖИЕВ Қадырбай – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ғылыми жетекші;

АМАНЖОЛОВ Қыдырбай –ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, ғылыми жетекші;

АЙЫПҰЛЫ Рахым – ЖСДП Президиум мүшесі, Қоғам қайраткері;

ҚАЛЫБАЙ Мақсот – Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңірген зейнеткер;

САГИДУЛЛАЕВА Айман – ұстаз, қоғам қайраткері;                                     
ҚОЖАБЕРГЕНОВ Өсербай – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты;    

БАБАМҰРАТ Дәурен –  «Болашақ» жастар қозғалысының лидері;

ЕРҒАЛИЕВА Баретта – Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи

-құқық орталығының төрайымы;

КЕНЕБАЙ Жұмаш – ақын, қоғам қайраткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты;

ҚОСАНОВ Әміржан –қоғам қайраткері, тәуелсіз саясаткер;
АЛИБАЕВ Алик – экономист, БСДП Президиум мүшесі;
КЕНЖЕБАЙ Мырзан
– ақын, ҚР мәдениет қайраткері

ТӨРЕХАНОВ Эрнст –  жазушы, қоғам қайраткері;
МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек – ғалым, қоғам қайраткері;

МАМАЙ  Жанболат – журналист, қоғам қайраткері;

ҚАПТАҒАЙ Қ. –  «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы;

ҚУАТ  Дәурен «Абай.kz» ақпараттық порталының жетекшісі;

СӘДУҰЛЫ Б. – «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

ӘЗІМБАЙ Ғали – саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;

БЕЙСЕБАЙ ТЕГІ Руза – қоғам қайраткері;

МҰҚТАЙ Қуаныш – ақын;

ЗАЙТОВ Ринат – айтыс ақыны;

МҰҚАНОВ Дәурен – аудармашы, әдебиеттанушы;

КӨШІМ Дос -“Ұлт тағдыры” қозғалысының төрағасы;

НҰР-АХМЕТ Дос -“Ұлт патриоттары”қозғалысының төрағасы;

ТАЙЖАН Мұқтар –  Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті;

БӨТЕЕВ Марат – «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы;

ТӘЛІМҰЛЫ К. – Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры;

АШУҰЛЫ  Ж. – Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;

МҰХТАРБЕК С. – журналист, қоғам қайраткері;

ҚАНАФИЯ Назарбек – филология ғылымдарының кандидаты;

УАТҚАН Марат – журналист;  

ҚЫСТАУБАЕВ Геройхан – қоғам қайраткері; 

АҚЖІГІТ Өмірзақ– тәуелсіз журналист;

БЕРКІМБАЙ Ардақ – жорналист, зерттеуші;

КӘРІПЖАН Аманғазы – ақын;

ҚҰТТЫ Кеуімілжай – қоғам белсендісі;
МЕРГЕНБАЙ Сағидолла – қоғам белсендісі;

ТОҚАЙ Бірлік – журналист;

АЙТМЫРЗА Құрманғазы – желтоқсаншы;

ЖАНЫСБАЙ Талғат – саясаттанушы;

АҒЫБАЕВ Берік – саясаттанушы;

ЕРМЕКҚАЛИЕВ Айбар – саясаттанушы.

Abai.kz

Пікірлер

пікір