004

Жер сатылмасын: Атырау бастаған іске Алматы ғана нүкте қоя алады

2016 жылдың 24 сәуірі қазақ санасының ресми түрде серпілген, оянған күні. Солай деп санаңыздар.

Болды, бұл процесті енді ешкім тоқтата алмайды. Күні кешеге дейін қазақты қойдан жуас санап келгендер аз болмады. Атыраудағы жердің сатылуына қарсы шыққан халық наразылығынан кейін бұл пікір күрт өзгерді. Өзгеріп қана қойған жоқ, ойлантып тастады. Ендігі жерде әр шешімге деген жауапкершілік, қорқыныш пайда болады. Бұл үлкен жеңіс. Алайда бұл күрестің басы ғана…

Анығында, Атырау бастаған іске Алматы ғана нүкте қоя алады. Алматы «ашуға мінсе» бүкіл геосаяси картинаны өзгертіп жіберетін әлеуеті бар, оны алматылықтар сайлауда анық аңғартты. Билік жағдайда шиеленістіргісі келмесе:
1. Халықпен тез арада мәмілеге келуі.
2. Жер туралы құжатқа вето қоюы.
3. Осы құжаттың лоббистерін ашық жазалауы керек.
Осы нақты үш қадам жасалса ғана қауіптің алды алынбақ…

10 пікір

  1. Руза

    Енді барша қазақ, атыраулықтарды қорғап өре түре келуіміз керек! Үстерінен қылмыстық іс қозғалып жатыр дейдіғой..

  2. казак баласы

    Жалга берген елди жерди сатты ма.Казактын озине жастарына кол ушын берседе жастар да колга да алар еди.Алде келешегин жастарын сорлатып жиберседе акелеримизге бари бир
    болганы ма

  3. Алашорда ұлтжанды батыр қазақтардан кейін қазақтың рухының көтерілуін ұзақ күткен едік, Аллаға шүкір, рухымызға жан бітіп келе жатқанын көру бір ғанибет болды. Бүгінгі таңда “нигилистердің” басым бөлігі билікте отыр. Оларда Отан, Жер деген ұғым жоқ қарнының тойғанына мәз жандар. Ендігі жерде, осылардан құтылсақ ҚАЗАҚты ешқандайда жау алмайды. Ол үшін Ана тіліміздің өрісін тайлы-тұяғымыз қалмай өрістетсек “НИГИЛИСТЕР” не қазақ болады, не “қашып” кетеді (халықтан “ұрлаған” байлықтарымен.)

  4. гульзада

    Енді жер жалғага бермесендер үздеринин колыннан келу керек ол ис. Колымыздан келмесе келетін адамдарға беріңдер. Ол пайдалыгой .

  5. гульзада

    Қазақтың жастары бастық болгысы келеді креслода отырғысы келеді. Курек алғысы келмейді сондықтан ел басшы билип жалғага берип жатыр .

  6. гульзада

    Бізге жер беріңдер биз өз жерімізді өзіміз гулдетемиз деп неге айтпайсындар. Әр казака 8 сотка жер берілсін деп кутериндер дауды

  7. ерик

    Бастаған ісіңіз оңынан оралсын əр қайсымыз патриот болуымыз керек өкімет халық пен санасу керек

  8. Алашұлы

    Ия естип жатырмыз слл кунги котерлистин басын бастап слл аланда халыктын атынан пикирин айткандардын биразы камауда отыр дейди. Бул сонда тагы Жана Озеннин кейби болганы ма

  9. Rustem kz-orda

    Қазақстанда Өмір сүріп жатырмыз.сол жерді үй салып,шаңырак құруғада алалмаи жүркко. Жер мəселесімен кезекте тұрған бізге неге бермид десем. Сату үшін екенго

  10. Газиза

    Букил Казак халкын турмеге отыргызсса да,жерди бермеймиз!Кеин шегинбеик !Жерди бермеймиз!Ата -бабамыздын каны тогилген жер бул.Суйеги жаткан жер бул.Коргап калуымыз керек.Токтатайык бул сумдыкты ел болып баримиз бир ауыздан!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Dalanews.kz close[x]