004

Доғарыңдаршы!

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты жиында қатысушылардан өзіне жағымпаз мақтаулар айтуды доғаруды сұрады.

«Бүгін менің атыма көптеген жағымпаз мақтаулар айтылды. Мен мұндайға сенетін жаста емеспін. Бірнәрсе жасалып жатса, ол жайлы айтқан дұрыс, ал одан асыра мақтау керек емес», – деді Елбасы бейсенбі күні өткен салтанатты жиында.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы құттықтау тілектерін айтқандарға алғысын айтты.

«Мұның бәрі мені болашақта да шабыттандыру үшін айтылып жатыр деп санаймын. Шынымды айтайын, мен шабыттанып отырмын», – дейді Елбасы.

1 пікір

  1. ел

    И.Тасмағанбетовтің бейсенбі күні өткен салтанатты жиында мақтауы жүректі айнытып жіберді. Президентті біз де жақсы көреміз, қалай болған күнде де ел президенті. Иманғали сияқтылардың сөзінен кейін президентті жек көру баталады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған