004

Қазақ жүздерінің қалыптасу барысы

Марал Қазкенұлы Томпиев, Халықаралық және Ұлттық инженерлік академиясының, Халықаралық  ақпараттандыру академиясының академигі (ХАА),экономика ғылымдарының кандидаты (Ph.D экономика)

Бұл мақала қазақ жүздерін және олардың Қазақстан аумағын қалыптастыру барысындағы маңыздылығын зерттеуге арналған. Жүз жүйесіндегі хандық биліктің және далалық демократияның икемді байланыстығы қиын-қыстау заманында хандық билігін күшейтуге, азаттық жолындағы қазақтарды біріктіруге көмектесті. Бара-бара шағын Қазақ хандығы Орталық Азиядағы аумағы ең үлкен мемлекетке айналды және Алтын Орданың, Дешті-қыпшақтың, Батыс-түркі қағанатының теңі жоқ жалғыз ғана тәуелсіз мұрагері болып айқындалды.

Қазақ хандығының үш жүзге бөлінуі ежелгі Ұлы түркі қағанатының әскери дәстүріне ұқсас болған. Мысалы, түркі-көшпелі атты әскері дәстүрлі үш бөлімдерден құрылған: Орталық (Орда-Орта), Сол қанат, Оң қанат. Оң жақ қанат қатарына қағанаттың батыстағы тайпалары кірген: үйсіндер, қаңлылар (қаңғарлар мен печенегтер), қимақтар (қыпшақтар), түркештер, қарлұқтар, шігілдер, яғмалар, бұлғарлар, аварлар, мадиярлар (венгрлер), хазарлар, оғыздар (селжүктер, түрікмендер) және дұлұ (олар кейін дулат атанған). Сол жақ қанат және Ортаңғы қанат қатарына (Орда, фулы гвардиясы – Көкбөрі) қағанаттың шығысында және орталығында тұратын тайпалар кірген: нүшіптер, дұлұлар, отыз-татарлар, тоғыз-оғыздар (жалайырларды оғыздармен шатыстыруға болмайды), теле (төлеңгіттер), көне қырғыздар, көне ұйғырлар, құрықандар, байырқулар, дуболар (тувиндер). Көне түркілер мен моңғолдардың Тәңіршілдік дініне байланысты жалпы әлем үш бөлікті құраған: әлем дүниесі (көк аспан – Көк Тәңір), ғаламшар (ұмай) және жер асты әлемі (эрлік).

Тұрақты әскерлер далалық ондық жүйесі негізінде құрылған және ондық, жүздік, мыңдық, он мың (түмен) болып бөлінген, оларды онбасы, жүзбасы, мыңбасы, түменбегі басқарған.

Қазақ батыры

Түмендер әскери бөлігі ғана емес, олар ұлыстың негізі болған – қағанаттың тайпалары одағының әкімшілік-аумақтық бөлімшесі. «Ұлыс» деген ұғым алғашқы рет Күлтегін ежелгі түркі ескерткішінде былай жазылған: «Түпіт қағаннан Бүлүн келді, Кері күн батысдағы Соғд, Берч, Бұқар Ұлыстың халқынан Інек сеңүн, Оғұл тархан келді».(Қытай) Суй династиялық әскери экспансиясынан қауіптеніп 603 жылы Түркі қағанаты ыдырады, тайпалардың шығыс және орталық бөлшектері бірігіп астанасы Орда-Балық болып Шығыс-Түркі қағанаты құрылды (680 жылдан Көктүркі қағанаты). Енді жүз жылдан соң Батыс-түркі қағанаты құлдырап, ұсақ әскери-тайпалық одақтарына бөлінді: Түркеш (дұлұ), Бұлғар, Хазар, Қарлұқ, Қаңғар (қаңлы), кейін олар Қимақ (қыпшақ немесе қуман) және Оғыз (селжүк) қағанаттарына бірікті. Бірақ та 500 жыл бойы бақылаусыз қандасқан дұшпандықтың, өзара айқастың,  бір-біріне шабуыл жасаудың себептерінен Батыс-Түркі мемлекеттігі ыдырады. XIII ғасырдың басында оның аумағында Қыпшақ әскери-саяси одағы ғана қалды – Дунайдан Ертіске дейін және шығыста Балқашқа дейін, Хорезмшах (қаңлы) Мемлекеті, Қарақытай (қидан) Мемлекеті және Еділ Бұлғариясы. Бұл жерде түркі-оғыздарды айтқан жөн, өйткені олар жаңа жерлерді басып алды (Иран, Ирак, Сирия, Иордания) және біразы Кіші Азияға (Анатолия) ауысып Селжүк Мемлекетін құрып алды, 2017 жылы осы Мемлекеттің құрылғанына 790  жыл толады. Құлдыраған Шығыс-түркі қағанатының аумағында Ұйғыр (745-847), кейін Қырғыз қағанаттары (840-924) құрылды. Бара-бара Қырғыз қанағаты ұсақ тайпалық одақтарына бөлінді: Найман, Керейіт, Жалайыр, Қонырат (Оңғырат), Татар, Уақ (Оңғыттар), Меркіт және Ойрат. Осы ұсақ тайпалар одақтарының барлығы – ұлыстар. Ұлы Түркі қағанатының қалған тайпалары 300 жыл бойы  айқасып, үздіксіз соғысып бірін-бірі жоюға талпынды. Ұлы дала түріктеріне «күдікті» заман туындады. Бірақ Ұлы Тәңір Еуроазияның түпкір-түпкірінде бітпейтін соғыстан әлсіреп қалған түркі тайпаларына бірегей батырды, ұлы қол басшыны дүние жүзіне паш етті. Ол «Дүниені сілкіндірген» Шыңғыс хан (Темірші) (1155-1227), адамзаттық тарихындағы ең ірі континенталдық империяның – Ұлы Моңғол Мемлекетінің негізін құрушы және алғашқы ұлы хан (Yeke Mongγol ulus). Оның айтарлықтай жетістіктері мемлекеттік басқарудың біліктілігіне және көшпелі халықтардың дәстүрлі түркілер әскери-тайпалық иерархияның негізінде ұйымдастырған атты армиясына байланысты болды. Ал армияның негізін құруға рулық-тайпалық тұрмыстарының принциптері себеп болды: руларды өз көсемдері басқарды, бірнеше рулар тайпаға біріктірілді, тайпалар өз одақтарын ұйымдастырды – ұлыстарды. Армияны қалыптастыру жұмыстары тайпалық иерархияға және ондық жүйесі негізіне сәйкес жүргізілді.

Үздіксіз соғыстар болған кездегі армияның санына қарай рулар мен тайпалар атты ондық, жүздік, мыңдық ұйымдастыру үшін өз жауынгерлерін жіберді.

Сонымен бірге тайпалар одақтары он мыңдық (түмендер) атты корпустарын қалыптастырған және әскери-аумақтық басшыларын тағайындаған – нояндарды, бек пен баһадүрларды.

Қазақ мергені

Көне түркі әскеріне ұқсас моңғол әскері де дәстүрлі үш бөлімді құраған: ортаңғы (кэль немесе құл), он жақ қанаты (баруңғар) және сол жақ қанаты (зюнгар немесе жоңғар). Ұсақ рулар бөлінбеу үшін және оларды бір ортаға бағындыру мақсатында ірі құрамалар, мысалы түмендер, ұлысқа бірлескен әр түрлі рулар мен тайпалардан алынған жауынгерлерден қалыптастырылды. Әскерді жинаған кезде әр он киіз үй (ауыл) саны бірден үшке дейін жауынгер беруге міндеттенеді және олардың аттары, азығы, қаруы болуы қажет. Бейбітшілік кезінде қарулар ұлыс меншігінде болып ерекше қоймаларда сақталатын. Жорыққа шыққанда қарулар жауынгерлерге таратылады. Нояндар қарудың бүлінбеуін қадағалап отырады және оларды арнайы жиындарда қатал есепке алады. Жорықтан аман-есен келгенде әр жауынгер, жеке қаруынан басқа, қаруды тапсыруға міндетті болады.

Тірісінде Шыңғыс хан Империяны үшке бөліп ұл балаларына таратқан: Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы және Үгедей мен Төле біріккен ұлысы – қарашаңырақ иесі. Кейін Шағатай ұлысы Моғолстан мемлекетіне айналды. Үгедей ұлысын Төленің ұлы, Юань Ұлы Империясының негізін салушы Құбылай жаулап алды, ал оның інісі Құлағу Таяу Шығыстағы Ильхан Империясын орнатты. Шыңғыс ханның немересі Бату хан қалыптасқан принциптерді қолдана отырып, өзінің ұлан-байтақ ұлысын (Алтын орда) бөлшектеп, үш әкімшілік-аумақтық бірліктер жасады: біріншісі – Ұлы орда (Еділ – Волга – өзенінен  Дунай өзеніне дейін, астанасы Сарай-Бату (кейін Сарай-Берке), екіншісі – Ақ орда (сол жақ қанаты), Алтайдан бастап Ұлытау бөктеріндегі Орда-Базар астанасына дейін, үшіншісі – Көк орда (оң жақ қанаты), Ұлытаудан бастап Еділ-Волга өзені, Жайық-Орал өзеніндегі Сарайшық астанасына дейін.

Екі ғасырдан кейін бар Ұлыстар жаңа мемлекеттер болып бөлінді: Қазан (1438-1552), Ноғай (1440-1634), Қрым (1441-1783), Астрахан (1459-1556), Қазақ (1465-1847), Сібір (1468-1607) және Сарай хандығы (1481-1502).

Шыңғысхандық құлдырауға бет алды, өйткені дәстүрлі абсолюттік билікке ие болған ұлыс хандары ұлы бабасының өсиетін сақтамай, абыройын түсіре бастады және бағынышты тайпалардың мүдделеріне аса назар аударған жоқ. Сонымен бірге билік үшін айқасып тайпаларды үзіліссіз қанды соғыстарға тартып, оларды ашынуға дұшар етті. Осының бәрі мемлекеттердің жоюлуына әсерін тигізді. Аман қалған көшпелі мемлекеттер – бұрыңғы Шыңғыс хан империясының қалдықтары, оның ішіндегі соңғы көшпелі Жоңғар Империясы 1635 жылғы Их Цааз (Ұлы жинақ) заңын пайдаланып жүйені қайта құрастыруға тырысты. Бірақ та, біріншіден, шорос қонтайшылары ұрпақтарының қандас тоқтаусыз соғыстары Империяның жоюлуына себеп болды, екіншіден, оны Ресей мен Цин империялары жоқ қылуға тырысты, Жоңғар империясы тек қана тарихта қалды. Ал бұрыңғы елдерді жаулап алушының тайпалары жаңа империялық ұлттарының дамуы үшін жақсы генетикалық тыңайтқыш болып шықты. Кәсіби атты садақшылардың (гулямдар, альптар, мамлюктер, сипайлар, самурайлар, нүкерлер, баһатурлар, батырлар, төлеңгіттер) отырықшы халықтарға жасаған мыңжылдық үстемдігі зеңбірек жасауға түрткі болды және қаруладырудағы технологиялық ұмтылысқа әсер етті. Сонымен енді кейінгілері өз биліктерін көрсете бастады. Шыңғысхандық күйзелісінде жоюлудан аман қалған Қазақ хандығы мен оның үш жүзі туралы тоқталайық. Қазақ хандығы шөлмектің мойынындай тар өткелден өтіп, соғыстарда бірігіп көптеген жеңістерге жетті, оның ішінде беті қайтпайтын ойраттарға өліспей беріспеді.

Жоңғар сарбаздары

Жүздер туралы ресми түрде бірінші рет 1634-1641 жылдары Махмуд бен Вали еңбектерінде былай айтылған: «Шейбани хан қайтыс болғаннан кейін оның Боһадур ұлы елді және ұлыстарды басқарады… қыстақтары мен жайлауы Ақ орда (Йуз орда деп те белгілі болған) аймағында орналасқан. «Йуз» деген сөз қазақша «жүз» деген, ол политэтноним болып айқындалады және қазақ руларының тайпалық одағын білдіреді. «Жүз» деген қазақ сөзінің көптеген мағынасы бар, мысалы, «дүние жүзі», «балтаның жүзі», «балғын жүз» немесе «жүз» жыл. «Жүз» деген политэтноним әскери атау ретінде Қазақ хандығында Тәуке хан заманында ресми түрде пайдаланды, мысалы «Жеті Жарғы» заң жиынтығын жазып шығарғанда және ойраттармен айқас басталғанда бас билер – Төле, Қазыбек, Әйтеке Қазақ хандығын үш аумақтық-әкімшілік бірліктерге бөлді. Басқарудың ұлыс жүйесіне қарағанда, жүз жүйесінің айрықша айырмашылығы бар, өйткені мұнда рулық бөлінуі есепке алынған, ал ұлыстар аумақты ғана біріктірген. Ұлыс – бұл аумақтық құрылым, мұнда рутайпалық және тайпалардың туысқандыққа бөліну дәрежесі қатал есепке алынбайды. Ұлыста әр түрлі халықтар тайпаларының өмір сүруіне мүмкіндік болды. Ұлыстар тек қана тұрақты аумақтық шекараны белгіледі, ал ұлыс ішінде айтқандай әр түрлі тайпалар мен халықтар мекендеді.

Қазақ әскері

Біріншіден жүздер туысқандық жақындығы бар тайпалардың әскери-саяси рутайпалық одақтары болған, олар жалпы арғы аталары бір жасақтарды жинау үшін ұйымдастырылған, одан кейін аумақтық құрылым дәрежесіне жеткен. Бірте-бірте аумақ көлемдері кеңейтілді және жүздердің рутайпалық бөлінуі  орын алды. Сондықтан бар жайылымдарды дұрыс бөліп беру үшін бұл жаңадан құрылған жүйе тайпалар арасындағы ірі әскери айқастардын болмауына әсер етті, ұлыстар болған кезінде жайылым үшін айқастар болып тұрған. Әр тайпа мен ру өз жайылымдарына және белгіленген қыстақтарына ие болды. Олардың шекаралары атақты билерге, батырларға қойған мазарларымен немесе қатардағы көшпелі адамның бейіттерімен белгіленген. Атап айтқанда осы кезеңді қазақтың мазар архитектурасының дамуымен байланыстыруға болады. XX ғасырдың басында Орта Азия мен Қазақстан ұлттар, мемлекеттер болып межеленіп бөлінгенде Қазақстанның қазіргі аумағының қалыптасуына қазақтың рұлық мазарлары мен бейіттерінің бары жақсы ықпал етті. Уақытына қарай әр жүз өзінің табиғи шекарасымен, өзіндік басқаруымен, көлемі үлкен әкімшілік-аумағымен бірлестікке айналды. Жүздер аумақтары ылғи да өзгеріп тұрды, өйткені оның ішіндегі тайпалар мен рулар бір жерден екінші жерге көшіп-қонып жүрді. Өз еркімен бір жүзден басқа жізге ауысуға мүмкіндік берілмеген.

Жүз құрамындағы қазақ тайпалары қай жерге көшіп-қонса да жүз аумағының жері өзіңікі болып саналды. Осы жүйені пайдаланып Қазақ хандығының аумағы 150 жыл бойы 20 есе ұлғайған.

1634-1641 жылдардағы өз еңбектерімен белгілі Махмуд бен Вали кезеңінен бастап Тәуке хан     (1626 – 1718) қайтыс болғанша 80 жыл аралығында «жүз» деген политэтноним қалыптасты, ол туралы «Жеті Жарғы» заң жинағында айтылған. XVII ғасырдың ортасынан  XIX ғасырдың аяғына шейін, екі жүз елу жылдан астам уақыт ішінде, жүздердің қалыптасу барысы екі кезеңге бөлінген.

Бірінші кезең (1634 – 1718) – халықты әскер қатарына жұмылдыру үшін Қазақ хандығы құрамындағы үш жүз тайпаларының әскери-саяси одағын қалыптастыру. Бұл кезең Есім хан (1598 – 1628), Жәңгір хан (нақты 1629 – 1652), Боһадур хан (1652 – 1680) және Тәуке хан (1680 – 1718) басқаруымен тұспа-тұс келді.

Екінші кезең (1718 – 1881) – үш жүздің аумақтық шекараларын қалыптастыру. Бұл кезең «Жеті Жарғы» заң жинағын қабылдағаннан бастап Қазақ хандығын Ресей мен Маньчжурия империясына бөліп беру туралы Петербург шарты қабылданғанға дейін.

XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының құрамына 50 – ден астам тайпалар кірді. Әр тайпаның өз тамғасы, туы және ұраны болды және олар мыңнан астам руларды, ірі тектес топтарды біріктірген. Қатарында кемінде жүз жауынгері бар жауынгерлік бірлігін сапқа тұрғызуға қабілеті бар 250 тайпа болды. Дәстүрге байланысты әр жауынгер жеті атасын, ру басшысын және шежірені білуге міндетті. Жүздерді қалыптастыру барысы, көне көшпенділердің жасақтарды сапқа тұрғызудың дәстүрлі әскери-үштік жүйесіне ұқсас негізделген. «Есім ханның ескі жолы» заң жиынтығы қабылданып, хан, сұлтан, би және батырлардың құқығы, міндеттері, өкілеттіктері нақты айқындалған. Жоғарғы заң шығаратын билік болып Мәслихат белгіленген, оның құрамына билер, батырлар, жыраулар және сұлтандар тағайындалған. Мәслихат жылына бір рет күзде Ұлытауда немесе Түркістанда отырыстарын өткізген. Басқарудың аумақтық «ұлыс» жүйесі, ептілігі ерекше рутайпалық «жүз» жүйесіне өзгертілді. Мысалы, Байұлы тайпаларын Орал мен Еділ өзендері аралығына көшіргеннен кейін (Бөкей ордасы) Кіші жүз тайпаларының аймақтары ұлғайды. Саны жағынан көп және қуатты тайпаның биі жүздің басы болып Төбе (жоғарғы) би атанған. Сонымен бірге хан билігін шектеу үшін билер кеңесі тағайындалған. Билердің мәртебесі тек қана оның жеке абыройы мен еңбегіне байланысты болған. Билерді тағайындаған кезде тіпті ханның өзі де оған ешқандай ықпал жасай алмаған.

Түйе үстіне орнатылған зеңбірек

Есім хан Қазақ хандығының астанасын Сығнақтан Түркестанға ауыстырған және далалық құқықтарды жүйелеп жинақтаған (Есімханның ескі жолы). Осы заң жиынтығы шыңғысхандық күйзелісінен аман есен шығуға, шыңғысқандық сұлтандардың менмендігін, бақылаусыздығын, сонымен байланысты үзіліссіз қанды айқастарын тоқтатуға көмектескен. Хан сайлауына қатысып, дауыс беру үшін жауынгерлер және шонжарлар мәслихатқа толық қаруланып келуі қажет болатын, керісінше оларды сайлаға қатыстырмайды. Кандидаттар өз еңбегі мен алдында тұрған жоспарлары жөнінде баяндайды, одан кейін оларды жақтайтын және қарсылас адамдар  сөз сөйлейді, өз пікірлерін білдіреді. Ханды сайлағаннан кейін, жұма күні «хан көтеру» рәсімін белгілейді.

Төбе басына ақ киізді төсейді. Сонан соң аса қадірлі сұлтандар, билер, батырлар ішінен төрт адамды таңдап алады, олар ақ киізге ханды отырғызып үш рет жоғары көтереді. Ханның сырт киімі ұсақтап бөлшектеніп тәбәрік ретінде таратылады. Одан кейін ханның үстіне аранайы тігілген ақ шапан жабылады және биліктің тазалығын бейнелейтін қалпақ кигізіледі. Ханның мүлкі (мал) сарқыт ретінде сайлаушыларға бөлініп беріледі және бұл дәстүр басқарушы байымау керектігін бейімдейді – оның байлығы хандық құзырындағы азаматтар болып есептеледі.

Егерде хан жүктелген сенімді ақтамайтын болса, онда мәслихат шешімімен оны орнынан босатады да, барлық мүлкін тартып алады. Бұл рәсімді «хан талау» деп атайды. Қарапайым халықтан шыққан қабілеті мол, абыройлы билер мен ру-ақсақалдарын көтермелеудің  жаңа жүйесі қазақтардың жауынгерлік рухын көтеріп, белсенділігін арттыруға әсер етті.

XVI ғасырда Моғолистан мен Ноғай ордасы құлдырап қалғаннан кейін Қазақ хандығында (Орда) Ұлы (сол жақ қанаты) және Кіші (оң жақ қанаты) жүз негіздері құрылды. Жәнібек ханның үлкен бұтағының басқаруымен Ұлы жүз атанды, ал кіші бұтағының – Кіші жүз. Мұрагерлер құқығына ие болған соң Орда-Орта жүздің хандары Қазақ хандығының аға хандары болып есептелді.

1718 жылы Ұлы жүздің алғашқы хандары болып Қарт-Әбілқайыр сайланды (1718-1730), ал ақырғысы –  Жолбарыс хан  (1730-1740). Кіші жүздің алғашқы ханы Әбілқайыр болды (1718-1748), ал ақырғысы Арынғазы хан (1816-1821), Бөкей ордасында – Сағип-Керей хан (1845-1847). Орта жүздің бірінші ханы Самеке (1719-1734), ақырғысы – Кеңесары хан (1824-1847).

Әбілқайырдың (әулеттің кіші бұтағы) көрнекті еңбектеріне қарамастан, бүкіл қазақтың ханы болып Тәуке ханның ұлы Болат сайланды (1718-1729), одан кейін Абылай хан (1771-1781). Абылай ханның ұрпақтары Орта және Ұлы жүз тайпаларының ақырғы басқарушы-сұлтандары болды. 1841 жылдың қыркүйегінде Үш жүздің құрылтайында бүкіл қазақтың соңғы ханы болып Абылай ханның немересі Кеңесары сайланды. Ол тәуелсіздік үшін 1847 жылы қаза тапты.

Жалпы мифология бойынша Алаш бабадан, оның Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс  ұлдарынан тараған және туыс қандастығы бар тайпалардан құрылған жүздер таңқаларлық тарихи бекімдігін көрсетті. Тіпті Жоңғария, Қоқан, Ресей империяларының өктемдік билік сынақтарынан өтіп, жауынгерлік албандар мен суандар Іле алқабын ойраттардан босатып, өз рулық баба-үйсіндердін жерін қайтарды. Ойраттар мен қырғыздарды Тянь-Шань тауларының оңтүстік бөктерлеріне Тарим ойығына (Баянгол-моңғол автоном округі), Кашгарға (Қызылсу-қырғыз автоном округі) қарай сырғытты. Әлі күнге шейін бұл жерлер Ұлы жүздің жері болып саналады.

XVIII ғасырдың басында тайпалар жүзге бөлінгенде Ұлы жүз құрамына 11 тайпа және 70 ірі рулар кірді, оның ішінде Үйсін одағын 8 туыстас тайпалар (тұрғындардың 80%) құрады, олардан басқа жалайырларды, қанлыларды және шаңышқыларды санамағанда. Ресей империясының 1896 жылғы ауылшаруашылық санағы бойынша Ұлы жүздің жалпы саны (Үйсін политэтнонимы) 945 мың адамды құрады, оның ішінде үйсіндер – 80% – 730 мың адам. Махмуд Дулатидың деректерін алсақ, Салқам-Жәңгір хан кезінде ойраттардың басқыншылығынан дулат, албан және шапырашты тайпалары Шу-Іле тауларын асып-түсіп Шу, Талас және Сырдария өзендерінің алқаптарында орналасқан, албандардың біразы (шажа руы) Сарыарқаның оңтүстігінде мекендеді. Осы тайпалар Қазақ хандығындағы Ұлы жүздің негізін құрады. «Жеті Жарғы» заң жиынтығы  қабылданғанша бөлшектенген қазақ тайпалары орталықтырылған Жоңғар империясына қарсы тұра алмады. Бірақ «жүз» жасақтарын жинау, ханды және қолбасшыны сайлау жүйесі іске асырылғаннан кейін жағдай таза басқаша болып өзгерілді.

Кіші жүздің құрамына 26 тайпа мен 80 астам ірі рулар кірді, оның ішінде жетіру тайпаларын санамағанда, Алшын одағы – 19 тайпа (тұрғындардың 80%). Кіші жүздің саны 1896 жылдың басында 1090 мың адам болып есептелді. Еділ қалмақтарының соққыларынан 1633-1635 жылдары Ноғай ордасы ыдырады, сондықтан Алшын ордасы тайпаларының біразы Қазақ хандығына қосылып, кіші жүздін негізін құрады. Қираған Сарай-Жүктен саяси астана Хиуаға көшірілді, бұл жерде ұзақ уақыт Кіші жүз хандары басшылық жасаған.

Орта жүздің құрамында 6 тайпа және 100 астам ірі рулар мен туысқандық жақындығы бар адамдар кірді. Оның ішінде арғын тайпалары – 40% және қыпшақ – 10% құрады. Екінші жартысы – наймандар, уақтар, қоңыраттар және керейлер (керейіттер), бұрын олар Шыңғыс хан әскерінің негізі болып саналған. Моңғолия мен Қытай тайпаларын қоса алғанда 1896 жылы Орта жүздің саны 2,3 миллионнан астам адам болып есептелді, бұл жалпы қазақтардың санынан 50%  көпті құрайды. Ақтабан-Шұбырынды аса қайғылы кезеңінен кейін Арғын одағы географиялық қатынастық орталығы және тәуелсіздік үшін күрестің негізгі күші болды, өйткені басқа екі одақтың жалпы шекарасы болған жоқ. Ал жүздерге кірмеген төрелер, төлеңгіттер, қожалар, сұнақтар, құрамалар, түрікпендер, ноғай-қазақтары, сарт-қалмақтары сырт қалып отырды.

1896 жылы қазақтардың жалпы саны 4,5 миллион адамды құрады. Осыдан екі жүз жыл бұрын ғаламшар тұрғындарының саны, мысалы, он есе аз болса, онда Ақтабан-Шұбырынды апатынан кейін қазақтардың жалпы саны 450 мың адам болған деп болжауға болады. Олардың 250 мыңы Қаратау тауларының төңірегінде орналасқан. Осындай жердің тығыздығы және көшпенділердің дәстүрлі негізгі жолдарының жоюлуы кезінде тайпалардың әскери-саяси одақтары – жүздер пайда болды. Сонымен екі ғасырға бағытталған қазақ жүздерінің өз аумақтарын кеңейту қозғалысы басталды.

«Жүз» жауынгерді дайындап қатарға қоятын ру жауынгерлік бірлік болып есептелді, оны абыройлы ақсақал басқарды. Демек рудың саны кемінде 2000 адам болуы керек – бұл шамамен алғанда 10 ауыл.

Бейбітшілік заманында 10 ауылдың жасақтар жию қабілеті – 5%, яғни 100 жауынгер, соғыс кезінде – 10%, яғни 200 жауынгер. Сонымен  «жүз» деген сөз әскери жасақтарын жию қабілеті бар жүз руын білдіреді. Мысалы, саны ең көп Орта жүз қатарға 100 жауынгері бар 100 рулық «жүздікті» сапқа қоя алады, яғни 10 мың жауынгер, жасақтарды толық жиғанда (соғыс кезінде) – 20 мың жауынгер. Жүз-жүздік жүздердің политэтнонимын білдіреді. Ұлы жүз 70 «жүздік» – 7 мың жауынгер, Кіші жүз – 80 «жүздік» – 8 мың жауынгер. Жүздердің ішінде саны ең аз Ұлы жүз болған, сондықтан оларды шығыс және батыста орналасқан жауынгерлік жалайырлар мен қанлылардың санымен күшейткен.

Шыңғысхандық жалайырлары Үйсін одағында үлкендік танытқан, олардың тарақты бөлшегі Орта жүз құрамында, табын – Кіші жүз құрамында қалған. Арғындар Түркістаннан Сарыарқаға көшкенде, қоңыраттар, Шынғыс хан кезінен қалған оғыздар Орта жүз шаңырағын сақтап Түркістан мен Қаратауды мекендеп қалды.

Кіші жүз – Алшын одағы.  Салқам-Жәңгір хан заманында байұлы, әлімұлы және жетіру көне қыпшақ тоқсаба, беріш, байбақты, керей (төртқара және керейіт), арғын (қаракесек және шекті) руларымен күшейтілді. Әлімұлы руы (Қаракесек одағы деп те айтылады) Кіші жүзде жоғары саналған. Кіші жүз құрамындағы тобықтылар да башқұрт пен қалмақтармен айқасқан, одан кейін олар Мамай батыр мен Ырғызбай бидің басқаруымен Сарыарқаның шығыс жағына көшірілген.

Қазыбек би, өз рулық жерлерін қайтару үшін, жауынгерлік наймандарды, керейлерді және уақтарды, ойраттар мен маньчжурлар басып алған жерлердің шекарасына көшірген. Сонымен олар Шыңғыс хан кезінде мекендеген жерлеріне қайта оралды: Алтайға, Кобдо өзенінің алқабына (Моңғолиядағы Баян-Ульги аймағы) және Тянь-Шань мен Алтынтаудын шығыстағы сілемдері (Қытайдағы Моры, Баркөл және Ақсай-Қазақ автоном үйезі).

Біріншіден жүздер, жалпы әскер жинау үшін, туысқандық тайпалардың әскери-саяси одақтары ретінде қалыптасқан, одан кейін, тайпалар жеке-жеке орналасып, аумақтары ұлғайған соң, олар Қазақ хандағының жеке әкімшілік-аймақтық бірліктері болып құрылды.

Кіші жүздің аумағы оңтүстікте Сырдария бастауынан Қаратаудың солтүстік бөктерімен, солтүстікте Орал тауларына дейін, батыста Мұғоджар тауларынан Еділ өзеніне дейін орналасқан. Жауынгерлік адайлар түрікмендердің күл-талқаның шығарып, екі бөлшекке бөліп тастады (кавказ трухмендерін), одан кейін қызылбаштарды (Иранды басқарған түркі тайпасы). Сонымен қатар Шығыс-Кәспи жағалауынан Ұлы Горган қабырғасына (ұзындығы 200 километр.), Иран мен Маңғышлақтағы суы құрғаған Үзбой өзенінің арнасына дейінгі керуен жолын қайтарып алған.

Қарақалпақ тайпалары Кіші жүздің құрамына кірген. Осы күндері Горган төңірегіндегі Гүлістанда қазахлу (қазахлар) және байбурлу (байұлы) рулары, сонымен бірге адай руынан 7 мың қазақтары тұрады.

Ұлы жүздің аумағы шығыста Сырдария сағасынан бастап Шу мен Іле өзендерінің оңтүстігімен Жоңғар Алатауына дейін және Орталық Тянь-Шань (ҚХР Іле-Қазақ автоном округі) алқабына дейін, оңтүстікте Бұқарлық, Тәшкенттік алқаптарына және Ыстықкөлге дейін созылған.

Орта жүз аумағы батыстағы Мұғоджар мен Түркістаннан бастап, шығыстағы Алтай және Тянь-Шань тауларының шығыс бөктерлеріне дейін, оңтүстіктегі Шу мен Іле өзендерінен бастап солтүстіктегі сібірдің қалың ормандарына дейін орналасқан. Атап айтқанда жалпы қазақ жасақтарын жинақтау жүз жүйесі (қазақтардың тұрақты әскері болмаған) Азияның ең күшті атты әскерлеріне қарсылық көрсете алған – кәсіби атты садақшыларға, сауыт киген, оқпен ататын қарумен және зеңбіректермен толық қаруланған жауларға. Көршілестерімен және Қытаймен үзіліссіз айқастарда шыныққан ойраттарда бірнеше әскери құрамалары болған. Садақ пен мылтық ататын, арнайы қалқан пайдаланатын аттылы атқыштары, түйе артиллериясы, сонымен бірге жеңіл және сауыт кавалериясы – сауыт киген, бірнеше қатарға қойылған, алдыңғылары қысқа, артқылары ұзын найзалармен қаруланған аттылы атқыштары (бұзау бас). Осындай бас-аяғына шейін қаруланған әскерге, әсіресе аттылы атқыштарға, тойтарыс беру өте қиын.  Ойраттардың негізгі күштері Қытай шекарасында шоғырланған, осы қиын жағдайдан жол тауып шығу үшін, қазақ әскерінің сан жағынан басымдылығы болуы қажет және партизандық тактикасын қолданудың біліктілігі.

Қазақ жүздері халықты ұйымдастырып, саны асып түсетін әскер жинастырып, хан – бас қолбасшы әскерді басқарып, айбынды батырларды біріктіріп үлкен жеңіске жетті. Жоңғария мемлекеті қирағаннан кейін, қазақ әскерінің сан жағынан басымдығы жайылымдар үшін күресте көмектесті, қазақтар өз бақталастарын ығыстырып жіберді – қырғыздарды, алтайлықтарды, ойраттарды шығысқа, башқұрттарды, еділ қалмақтарын және түрікмендерді батысқа қарай, сонымен өз аумағын 5 миллион шаршы километрге дейін кеңейтті.

Қуатты дұшпанды жеңген ел үлкен құрметке ие болады. Қазақтар қардан көп деп тегін айтылмаған. Расын айтқанда, Жоңғария мемлекеті болмаған жағдайда мүмкін осындай үлкен Қазақ хандығының болуы да екі талай.

Ресей мен Цин империяларының қазақ жерлерін бөлу туралы 1881 жылғы Петербургтік шартпен бекітілген ақырғы жүздер аумақтары қалыптастырылған. Хандық билік жойылғаннан кейін жүздік жүйесі қайта қарастырылып, ұлыстық-болыстық басқару жүйесіне ауыстырылды. Орыстар ұлысты ресейлік болыспен теңдестірген, одан кейін Кеңестік империясы кезінде Қазақстанның облысы ретінде саналған. Бұрыңғы ұлыс нойаны кейін болыс сұлтан-басқарушысы болды, кеңес кезінде компартия облыстық комитетінің бірінші хатшысына теңестірілді, қазіргі кезеңде облыс әкіміне айналды.

Ойраттарға қарсылас болған жүздер қазақ тайпаларының жауынгерлік рухын жоғары көтерді. Жоғарыда айтқандай, екі ғасыр бойы, қазақ аймақтары  200 мың шаршы километрден 5 миллион шаршы километрге дейін кеңейтілді, ал халық саны 450 мыңнан 6,5 миллионға дейін көбейді.

Көшпелі халықтың осындай өсуі таңқаларлық. Жүздер мен тайпалар арасында бірде-бір ірі айқастар болған жоқ, керісінше, жаулар шапқыншылық жасағанда, немесе әскери қажет туғанда жүздер бірігіп, біріне- бірі қолдан келген көмегін көрсетеді. Мысалы, Нұралы хан, әкесі Әбілқайыр ханды өлтіргені үшін, Ұлы жүзде хан болып сайланған Барақ сұлтаннан кегін алмақшы болды, бірақ билер мен батырлар, туысқандық бірін-бірі өлтіретін соғысқа бармай, оның шешімін қолдамай тастады. Басқа бір мысал. Бірнеше арғын руы, бейбітшілік заманында ханның екі қаракесек-серіктестерін тұтқынға алғаны үшін, соңынан біреуі қайтыс болуына байланысты наразылық білдірді. Хан кешірім сұрап, кінәсін өтесін деп Қазыбек би ұлы Бекболат басқарған үш мың арғындар келеді. Бекше мерген, көп сөзді қойып, оны мылтықпен атып тастауды ұсынды. Бекше мылтықты сирағына орнатып және жақындап келе жатқан Абылайды көздеді, бірақ кенет келіп қалған Жанақ батыр мылтықты алып қойып, өз хандарын өлтірген қалмақтарға ұқсас болма деп, кеңес берді. Тек қана Абылайға тән қулылығы мен сабырлылығы және қиянат көрушілерге, қаракесек көсемдеріне мол бағалы берілген сыйлықтар, оған ала-ауыздықты бейбітшілік жолымен реттеуге көмектесті. Басқалармен бірге Бекше мергенге, ендігәрі ханды көздемеу үшін, түйе сыйға тартылды, ал Жанақ батыр Бекше мергенге уақытында ақыл айтқаны үшін тоғыз түйеге ие болды. Бекболат та бұл жағдайдан абыроймен шықты – хан қазанның құлағын ұстап.

Сайланған хандық биліктің – мәслихаттар, қариялар кеңесі, билердің сот билігімен үйлескен орталықтандырудың икімді саясатын және әскери-көшпелі демократияны қолдаған жүз жүйесі өзін толық ақтап шықты. Бүгінгі күні Қазақстанның аумағы әлем бойынша тоғызыншы орынға ие болып отыр.

Ұлы даланың тарихында көшпенділердің тартыспен жеткен табыстары және көшіп-қонуы шығыстан батысқа қарай бағытталған, ал қазақ тайпалары ерекше тіршілік жасаған. Мысалы, жауынгерлік керейлер шығысқа қарай Қаратау тауларынан Тянь-Шань мен Алтынтау шығыс бөктерлеріне, қытай әкімшілік-аумақтық Хами/Кумул мен Ганьсу бөліктерін қосқанда, 4 мың километрден астам өткен. Сонымен қатар шығысқа қарай мыңдаған км. қашықтығы бар жерге наймандар, уақтар, албандар мен суандар қонысын аударған. Арғындар батыс Памир мен Тянь-Шаньнан Сарыарқаның солтүстік-шығысына қарай, Алтай тауларының солтүстік бөктеріне дейін көшіп-қонып жүрді. Сонымен шағын Қазақ хандығы Орталық Азиядағы ең ірі мемлекетке айналды және Алтын Орда, Дешті қыпшақ, Батыс-түркі қағанаттарының жалғыз ғана тәуелсіз мұрагері болды. Бұл жерде біз неғайбіл және заңға сыйымды шытырман таңғажайып жағдайды байқаймыз. Икімді хандық биліктің және дала демократиясының үйлесімдігі, өзін-өзі ұйымдастыру қабілеті күйзеліс жағдайларда хандық билікті күшейтуге, қазақтарды біріктіруге, жауға тойтарыс беруге көмектесті.

Дала демократиясының басқа да қырлары, мысалы, прагматизм, икімділік, діни догматизміне берілмеуі, еркін ойлауы, білімге талпынуы, қазақтардың Ресей және Кеңес империялары кезіндегі тарихтың қолайсыз жағдайларына бейімделуіне мүмкіндік берді.

Марал Қазкенұлы Томпиев,

Халықаралық және Ұлттық инженерлік академиясының, Халықаралық  ақпараттандыру академиясының академигі (ХАА),экономика ғылымдарының кандидаты (Ph.D экономика).

Марал Томпиевтың “Шегара шегін айқындау дәуірі” кітабын төмендегі телефонға хабарласып, сатып алуға болады. +7-701-711-92-39, kazpromstrom1@mail.ru

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Dalanews.kz close[x]