008

Тіл тигізуге болмайтындай Путин соншалықты кім еді?

Журналист Жанболат Мамай Путинді сынаймын деп басы бәлеге қалған ақтөбелік Санат Досовтың жағдайына қатысты пікірін білдіріпті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған екен. 

Ақтөбеде Путинге тіл тигізген блогерді 3 жылға соттап жіберді.

Оған Ресей соты емес, біздің, қазақ соты үкім шығарды. Тіпті Ресейдің өзінде тікелей Путинге сын айтқан адамның сотталып кеткенін естімеппін. Есесіне біздің елде, тәуелсіз елде осындай жағдай орын алды.
Қазақстанға қатысы жоқ адамды сынға алғаны үшін бейшара блогер сотталып кете барды.
Осы әділетті ме?
Блогерді соттаған сот Кремльдің шовинистері Жириновский мен Лимоновтың үстінен неге іс қозғамайды? Бұл екеуі «Қазақстанның солтүстігін Ресейге беріңдер» деп елді арандатқанда біздің билік неге үнсіз қалады? Бұл екеуі «қазақта мемлекет болмаған» деп тұтас ұлтты мазақ еткенде біздің билік неге үнсіз қалады?
Путин де дәл осылай айтқан. «Қазақ мемлекеті 1991 жылы пайда болған» деген ол. Біздің билік сол кезде неге қарсылық нотасын жібермеді?
Жириновский сияқтылардың шовинистік ұрандарын күллі Қазақстанға таратып отырған ресейлік ақпарат құралдарына неге тыйым салмайды біздің билік? Күніне біреуі құлайтын «Протондарды» ұшыруға неге қарсылық білдірмейді біздің билік?
Сауал көп. Айналып келгенде, билік кімнің сойылын соғып отыр өзі? Тіл тигізуге болмайтын Путин соншалықты пайғамбар ма еді?
Айтпақшы, осы үшін сотталып кеткен Санат Досовтың артында алты баласы қалды. Оларға кім көмектеседі?
Егер біз шын тәуелсіз болсақ блогерді босатуымыз керек. Керісінше, қазақтың мемлекеті мен тәуелсіздігін мойындамағандар түрмеге отырсын.
Аударған, Думан БЫҚАЙ 

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *