008

«Бешбармақ» деу – қазақтың ұлттық тағамын қорлау (видео)

Жазушы Мархабат Байғұт біздің ойымызда жүрген дүниені дөп басып көтерген екен. «Бешбармақ» сөзі қазақты отарлаған орыстың ойлап тапқаны» дейді ол. 

«Бешбармақ» деген сөзден құтылу керек. «Бешбармақ» деу ұлттық тағамды қорлау. Бұл сөзді баяғыда бізді отарлаған кезде генерал-губернаторлар мен олардың жандайшаптары ойлап тапқан. Қолмен жегенді » казахи бешбармачничают» деп мазақтаған. 

Әбден қорлық көріп, отарлаудың зардабын тартқан қазақ бұл сөзге көне салған, оны қабылдай салған. «Бешбармақ» деп айтуға да болмайды, жазуға да болмайды. Ет немесе орысша айтқанда «мясо по казахский» деу керек. 

Бірақ, бұл атау бәрібір қалмай келе жатыр. Неге? Себебі, оны отырыстарда өзіміз айтып жүрміз. Бұл дұрыс емес.

Біздің Шымкентте «Бешбармақ» деген атаумен төрт дәмхана ашылған. Солардың екеуін улап-шулап жүріп жаптырдық. Екеуі әлі тұр. 

Сондықтан, бұлай деп жазбаңыздар, айтпаңыздар. Бұл қазақша етіміздің қорлау…» дейді жазушы. 

Жазушы бұл пікірін белгілі журналист Төребек Байтасовтың бағдарламасында айтты. 

 

 

 

15 пікір

  1. сыр баласы

    Өте дұрыс айтады. Мархабат ағаға қосыламын. Адамда екі қолында екі-ақ бармақ бар. Сонда бес бармақты қайдан тауып жүр ҚАЗАҚТЫҢ ЕТ ТАМАҒЫН «бесбармақ» (бешбармақ) деп атап жүргендер? Орыстар санамызға сіңірген «құлдық идеологиядан» құтылуымыз керек.

  2. Жадыра Муратхановна

    Дұрыс, насихат жүргізіп , осы сөзден құтылғанды қолдаушы боламын. «Асылған ет «сөзімен алмастыру дұрыс болар еді.Өте орынды қозғағаныңызға рахмет!

  3. Ет барда бет бар ма

    Жүрген жерде түзеп жүруіміз керек. Көбінесе орыстар мен орысшалау қазақтар солай айтады.

  4. Нұрмахан

    Асылып тұрған ет. Елестетіп көргенде жиркенішті.
    Не сөз мынау — Әбден қорлық көріп, отарлаудың зардабын тартқан қазақ бұл сөзге көне салған, оны қабылдай салған.
    Көнерген сөзді көгерткісі келген, пайдасыз мылжың сөз.

  5. Өмір.

    Дұрыс көтерілген мәселе деп ойлаймын. Себебі адамда бес бармақ болмайды болса екі қолда бір — бірден сонда бір адамда он саусақ оның ішінде екі бармақ болады. Бешбармақ — деп айту қырғыз ағайындардан шыққан деп естіген едім рас болса.
    Атырауда ес ассшы, ет жиік, ас асылып жатыр дейміз.

    • Қанат

      Қазақтар «бешбармақ» деп айтпайды. Ол қырғыздын сөзі. Қырғыздардын аузынан көп естідім ол сөзді. Бұл сөзді оңтүстік қазақтар көршілес қырғыздардан жұққан. Қырғыздан оңтүстік қазаққа енге, одан барлық қазаққа тарай бастаған деп ойлаймын. Қырғыздарға еш қарсыластығым жоқ. Бірақ әр ұлт өз болмысын сақтау керек деп есептеймін. Мысалы, «беш» атап көріндерші…. бізде ондай сөз жоқ. Бізде «беС» деген сөз бар. Бірақ ол «бармақ» деген сөзбен ұйқаспайды. адамда бес бармақ болмайды. Қазақтар жай ғана «ЕТ АСУ» дейді. Жалпы қазақта әр ет тағамдарынын өз атаулары бар. «Төр табақ», «Төре табақ», Құда табақ», Тоғыз табақ», Төрт табақ», Төс табақ» деп атайды. Және де т. б. Солтүстік пен шығыс жақта сөйтіп атайды. Әсіресе,етті көп жейтің солтүстік өнірлерде.

  6. Асылан

    Өзім Қызылорда да туылғаныма қуанамын !!! Бізде Ет тамақ дейді … мына Астана жақта Беш бармақ болмаса БЕШ дейді ….
    ЕТ-ТАМАҚ деп айтылсын

    • Қанат

      Қазақтар “бешбармақ” деп айтпайды. Ол қырғыздын сөзі. Қырғыздардын аузынан көп естідім ол сөзді. Бұл сөзді оңтүстік қазақтар көршілес қырғыздардан жұқтұрған. Қырғыздан оңтүстік қазаққа енге, одан барлық қазаққа тарай бастаған деп ойлаймын. Қырғыздарға еш қарсыластығым жоқ. Бірақ әр ұлт өз болмысын сақтау керек деп есептеймін. Мысалы, “беш” атап көріндерші…. бізде ондай сөз жоқ. Бізде “беС” деген сөз бар. Бірақ ол “бармақ” деген сөзбен ұйқаспайды. адамда бес бармақ болмайды. Қазақтар жай ғана “ЕТ АСУ” дейді. Жалпы қазақта әр ет тағамдарынын өз атаулары бар. “Төр табақ”, “Төре табақ”, Құда табақ”, Тоғыз табақ”, Төрт табақ”, Төс табақ” деп атайды. Және де т. б. Солтүстік пен шығыс жақта сөйтіп атайды. Әсіресе,етті көп жейтің солтүстік өнірлерде.

  7. Қанат

    Қазақтар «бешбармақ» деп айтпайды. Ол қырғыздын сөзі. Қырғыздардын аузынан көп естідім ол сөзді. Бұл сөзді оңтүстік қазақтар көршілес қырғыздардан жұқтұрған. Қырғыздан оңтүстік қазаққа енге, одан барлық қазаққа тарай бастаған деп ойлаймын. Қырғыздарға еш қарсыластығым жоқ. Бірақ әр ұлт өз болмысын сақтау керек деп есептеймін. Мысалы, «беш» атап көріндерші…. бізде ондай сөз жоқ. Бізде «беС» деген сөз бар. Бірақ ол «бармақ» деген сөзбен ұйқаспайды. адамда бес бармақ болмайды. Қазақтар жай ғана «ЕТ АСУ» дейді. Жалпы қазақта әр ет тағамдарынын өз атаулары бар. «Төр табақ», «Төре табақ», Құда табақ», Тоғыз табақ», Төрт табақ», Төс табақ» деп атайды. Және де т. б. Солтүстік пен шығыс жақта сөйтіп атайды. Әсіресе,етті көп жейтің солтүстік өнірлерде.

  8. Бекмаханбет ұлы жүз

    Қарағым,оңтүстікфобиядан зəрезап болғансың-ау.Бізде ет асу немесе қамыр ауқат деп атайды,орыстанып кеткендер ол бешбармақ дейтіндер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *