004

Қалдықтан жасалған жылусақтайтын материал

Жану мәселелері институтының ғалымы х.ғ.д., профессор С.Х. Ақназаров мнинералды және техногендік шикізат көздерінен құрылыс жұмыстарына қажетті жылусақтайтын материал дайындап шығарды, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.

Қазақ ғалымы жылу сақтағыш материалды дайындауда плазмалық технологияны пайдаланып, құрылыс саласы үшін маңызды материал алудың жолын ұсынды. Ол ғылыми-зерттеу жұмысы барысында табиғи базальт пен металлургиялық комбинаттардан шыққан техногендік қалдықтарды және доломитті электрлі-магниттік жолмен балқытқанда құрылыс саласы аса қажет жоғары сапалы жылусақтағыш материал алудың технологиясын әзірледі.

Болашақта Жану мәселелері институты ғалымы дайындаған құрылыс материалын құрылыс, энергетика және коммуналдық шаруашылық саласына кеңінен пайдалануға болады. Бүгінде ізденуші ғалым дайын тауарлық өнім алудың технологиялық жүйесі мен минералдарды балқытатын реактордың сызбасын ұсынып отыр. Алдағы уақытта әлеуетті инвестор табылса, жобаны іске асырып, мол пайда табуға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған