004

Е.Сағадиев: «Мемлекеттік қызметшілер ата-аналар жиналысына қатыса алмайды»

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, ондай шара көктемде ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Бұған дейін біз ата-аналарды жұмыстан ерте жіберу мәселесін көтерген едік. Себебі балалар тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлі төмендеп кеткен. Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің ішінен ата-аналар жиналыстарына көп адам қатысып жүрген жоқ. Біздің есебімізге сәйкес, ата-аналардың 40 пайызы 11 сыныпқа дейін мектеп жиналыстарына бірде-бір рет қатыспаған. Қазіргі кезде директорлар жағдайдың сәл-пәл өзгергені жайында айтып отыр. Дегенмен, ағымдағы жылы көктемде біз «Ата-аналар сағаты» атты ұлттық күнді өткізуді жоспарлап отырмыз. Сол кезде барлық мемлекеттік органдардан, ұлттық компаниялар мен жеке меншік фирмалардан ата-аналарды ертерек босатуды сұрайтын боламыз, – деді Сағадиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, ағымдағы жылы бакалавриат, магистратура мен докторантураға қосымша 10 мың грант бөлінеді деген жоспар бар. Сондай-ақ Ерлан Сағадиев «Серпін» бағдарламасын біршама өзгертуді ұсынып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған