008

Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрған адам қайтыс болды (фото)

Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрған ер адам қаза болды. Оқиға Іле ауданындағы Өтеген батыр кентінде болған.

Бұл туралы nur.kz сайты хабарлап отыр. 

Ринат Авазбакиев есімді оқиға куәгері хабарласып болған жайтты баяндаған. Оның айтуынша, қаза болған ер адамның жасы 60-65 шамасында. Сонымен бірге ол шағымын да жеткізді.

 «Кезекте 100-ге жуық адам тұрады. Әр адамға 20 минут уақыт кетеді деген уәде орындалмаған. Тіркеумен тек екі адам айналысып отыр. Біреулер тіпті сенбіден бері тіркеле алмай әлекке түсіп жүр. Соған қарамастан, сондағы «заң өкілдері» айыппұл саламыз деп қорқытып жүрген көрінеді», — дейді ер адам.

Алматы облысының ІІД 1957 жылы туған Іле ауданының тұрғыны қайтыс болғанын растады. Қазіргі уақытта құзырлы органдар ер адамның өліміне қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Толық ақпарат кейінірек беріледі.

Осы орайда Алматы облыстық ІІД аудандық полиция бөлімшесі жаңа заңнаманы түсіндіру жұмыстары бойынша БАҚ өкілдерімен кездесіп, уақытша тіркеуге қатысты ХҚКО-тарында келеңсіз жағдайлар туындамағанын айтқан.

Естеріңізге сала кетсек, уақытша тіркеуді елімізде 7 қаңтардан бастап енгізді. Ал тіркелмеген азаматтарға 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап айыппұл салына бастайды.

 Уақытша тіркеуге тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген адамдар тұруы қажет. Ішкі миграцияны бақылауды учаскелік полицияға жүктеп отыр. Заң бұзушыларды олар бұрыннан келе жатқан үйреншікті әдіс-тәсілдермен анықтайды.


Бас тақырыптағы nur.kz сайтынан алынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *