008

Қазіргі заманның мақалдары

Әлеуметтік желі қолданушысы Аймұханбет Бейсембеков өзінің «Фейсбуктағы» парақшасына заман ағымына сай шығарған мақал-мәтелдерін жариялапты. Оқып көріңіздер, автор қазіргі қазақ қоғамындағы көңілге қонымсыз көріністерді семсер сөзбен дәл бейнелепті.  

 

Қалтасына қарай – тоқалы, заманына сай – мақалы!

* * *

Бүгіні биліктің «көгіндегілер»,

Ертеңгі түрменің «төріндегілер».

* * *

Баспанасыздар «тіркелем» – деп ЦОН-да өлер,

Немесе қаңғып жүріп «жол да» өлер.

* * *

Қазақ тілін мемлекттік тіл – дейді,

Ал, ол тілді министрлер білмейді.

* * *

900 000 алатын депутаттар не демейді,

Ал, кедейлер ашыққан не жемейді.

* * *

Депутат «төрт аяғын» көтеріп жағымсынар,

Спортшылар допингті «татып ап» бағын сынар!

* * *

«Қолы таза» басшы қорықпай басқарады,

«Арты былық» басшы «көлеңкесінен де» жасқанады.

* * *

Іскер әкім келсе Семей көркейер,

Жемқор әкім келсе Ертіс «өртенер»!

* * *

Пара бермей, пара алатын «креслоға» отырмайсың!

* * *

Параны бергеннің «іші ашыйды»,

Алғанның «мерейі тасиды».

* * *

Алдымен «баксыңды» тық,

Содан кейін «басыңды сұқ!»

* * *

Шайпау қатын ердің соры,

Жемқор билік елдің соры.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *