008

Жетісудың шабандоздары ЭКСПО қонақтарына өнерлерін көрсетті

 

Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромында Алматы облысының ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімі басталды. Шара «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Алматы облысының Мəдениет күндері аясында өтуде.

Көрсетілімде теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, тазы иттер жарысы сияқты ұлттық спорт түрлерінен шеберлік ойындары ұсынылуда. Сол сияқты ипподром аумағындағы этноауылда асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресінен «түйепалуандар жарысы» қызды.

Көрермендер жетісулық бүркітшілердің бүркітті қолға шақыру өнерін де тамашалауда.

Алматы облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының бөлім басшысы Алмат Үшкемпіровтің айтуынша, жалпы ұлттық ойындарды астаналықтар мен Елорда қонақтарының назарына ұсынуға өңірден 50-ге тарта спортшы келген. Олардың арасында Қазақстан Республикасының спорт шеберлері Мейіржан Мəтжан, Елдос Тілебалдиев, Эльдар Жиенқұлов, Закиржан Жиенқұлов жəне өзге де спортшылар бар. Тоғызқұмалақтан Астана жəне жетісулық командалар арасында жолдастық ойындар өтеді деп жоспарлануда.

–  «Астана ЭКСПО – 2017» көрмесінің қонағы ұлыбританиялық Фредерик Августин Баумайстер ұлттық спорт ойындары үшін ипподромға арнайы келген. «Бұл Қазақстанға алғаш келуім. Астананы көріп, қазақ мəдениетінен, өнерінен хабардар болдық. Бүгін мен үшін ұлттық спорт түрлері, соның ішінде бүркітті, арнайы иттерді спорттық жарыстарға қосуды көру аса қызықты болды. Өте жақсы əсер алдым, – дейді Ф. Баумайстер.

Айта кету керек, ипподромдағы спорттық шаралар екі күн бойы жалғасады.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

5 пікір

  1. сәкен

    тек қана болашақ энергиясын насихаттап қана қоймай, мәдениеттің көрінісін көрсетіп жатқанымыз қандай керемет.

  2. саян

    ЭКСПО ның арқасында бәсекеге қабілеттілігімізді де дәлелдедік, өнеріміз пен ұлттық мүраларымызды ортаға салып жатырмыз, керемеееет!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *