008

Баян «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жайлы фильм түсіруді бастады

Баян Мақсатқызының арманы орындалып, өзі көптен бері аңсаған ғашықтар туралы фильм түсіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Баян Есентаева жаңа жобаны қолға алғанын сөз еткен болатын. Енді, міне, продюсер түсірілім тобын жинап, іске кіріскен-ді. Аталған туындыда басты рөлде “Алау” тобының әншісі Ержан Мұқатаев пен “Қазақ аруы” фильмінде басты рөлді сомдаған Гүлзада Тұрлаш ойнайды. Әзірге нақты қашан жарыққа шығатыны белгісіз.

– Осымен нешінші туындыны жарыққа шығарып жатқанымыз есімде жоқ. Жобаларымыздың барлығы да жақсы болды. Ал бұл солардың ішіндегі ең күрделісі. Бүгін түсірілім жұмыстарының алғашқы күні. Мұны өздеріңіз де түсініп тұрсыздар. Бірақ, мен қолымыздан келетініне сенімдімін. Осы махаббат хикаясы туралы фильм түсіруді көптен бері армандап келдім. Расымен де, армандар орындалады екен. Дәл қазір бақытты күндерімнің бірі десем де болады, – дейді Баян Есентаева.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *