008

Нартай Дүтбаевтың соты басталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев сот алдында жауап беруде, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Республикалық әскери соттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысының ісі сотта қаралып жатыр. Іс материалдарына мемлекеттік құпия болғандықтан процесс жабық өтеді.

2017 жылдың 4 шілдесіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев Дүтбаевқа қатысты тергеу аяқталып, іс Ақмола гарнизонының сотына жолданғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Нартай Дүтбаев пен істің өзге фигуранттарына қатысты тергеу құпия түрде жүрді. Нартай Дүтбаевтың ұсталғаны туралы 2016 жылдың 28 желтоқсанында белгілі болды. Ол кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері бұрынғы басшыға қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген.

Нартай Дүтбаев, Нұрлан Хасенов және Ерлан Нұртаев «Мемлекеттік құпияны жария ету» және «Билік пен қызметтік өкілдігін асыра пайдалану» деген күдікпен ұсталған болатын. Күдіктілер ҰҚК-нің тергеу абақтысына қамалған еді.  Еске салайық, Нартай Дүтбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2001 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың ақпанынан дейін басқарған болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *