008

Төреш әнімен Еркеден кешірім сұрған ба?

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жаңадан шыққан «Ерке қыз, кешір» әнін көпшілік оның өнердегі әріптесі Ерке Есмаханға арналған ән деп болжауда деп хабарлайды NUR.KZ.

«Алло» әнін дуэтте орындаған қос әншінің продюсерлері былтыр қаржы мәселесі үшін сөзге келіп қалған еді. Осы өкпеден кейін жұрт Төреғалидың жаңа әнін Еркеден кешірім сұрау үшін жазылған деп қабылдауда.

Әннің атауының өзі «Ерке қыз, кешір» болғандықтан кейбіреулер оны тікелей Ерке Есмаханға арналған ән десе, келесі бір тарап бұл пікірді жоққа шығаруда.

«Əннің мағынасына үңілсек, жігіт қызды жəй еркелеткім келген, сезімді қабылдай алмаймын, кешір» дегендей болып тұр немесе соған керісінше. Ал, «Өмір айдында өнердей алып кеменің» деген қатары шынымен де Ерке Есмаханға арналған сияқты болып қалған», – деп жазады Жұлдыз есімді желі қолданушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *