008

Назарбаев: “Бізде басқа жол жоқ”

Жекеменшік банктерді мемлекет есебінен қаржыландыруды доғару қажет. Бұл туралы бүгін 6-шы шақырылған ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Банктердің барлығы да жекеменшік. Жұмыс істегенімен, жетекке алуға тура келетіндей жағдайға түсті. Енді мемлекет тағы қаржыландыруда. Мұны тоқтату керек, ең дұрысы бұл банктерді жойып, оларға төлегенше өзімізге алған жөн. Өзі жұмыс істеп, пайда тауып отырған жекеменшіктерді біз не үшін субсидиялауға тиіспіз? Қазір басқа жүйе. Барлығы да егер сен жекеменшік болсаң, онда толықтай өзің жауап беретіндігін түсіну қажет. Банкрот па – онда банкрот, тиімді жұмыс істей алмайсың деген сөз. Дәл осы жолға түсейік. Өйткені, бізде басқа жол жоқ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, мұнан бөлек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің құзыретін айтарлықтай кеңейтуді ұсынған болатын.

Пікірлер

пікір