008

Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күндері ЭКСПО көрмесіне келушілердің саны рекордтық деңгейге жетті

 

Астанада өткен ОҚО күндері аясында ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілердің саны рекордтық деңгейге жеткені белгілі болды.

Елодарада 29 сәуір мен 3 қыркүйек аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне келушілер саны реккордтық деңгейге жеткенін көрмені ұйымдастырушылар мәлімдеді. Осы күндері көрмені тамашалауға 398 341 адам келген. Орта есеппен алғанда күніне 56 905 адам келгенін байқаймыз. Нақтырақ айтсақ, көрмені тамашалаушылардың рекордтық саны 3 қыркүйек күні тіркелген. Бұл күні көрмеге 75 мыңнан астам келіпті.

Дәл осы күні ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің амфитеатрында Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан эстрада жұлдыздарының «Ән мен күй әлдилейді Астанааны» атты Гала-концерті өткен болатын.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында өткен Гала-концертке Қайрат Нұртас, Жұбаныш Жексенұлы, Алтынай Жорабаева, Нұрлан Өнербаев, Заттыбек Көпбосынұлы, Маржан Арапбаева, Ибрагим Ескендір, А.Жайлаубаева сынды елімізге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, жиналған жұрттың құлақ құрышын қандырған болатын.

Айта кетейік, Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысның күндері аясында бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылғаны белгілі. Олардың арасында бизнес-форум, тауар өндірушілер мен ауылшаруашылығы жәрмеңкесі де бар. Оңтүстік халқы Астана тұрғындарына мұнымен қоса, қайталанбас концерттік бағдарламаларымен, ұлттық ат спорт ойындары жарысымен қуанытты. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарына Құрбан айтта дастархан жайып, 300 келі палау пісіріп, таратты. Диқандары 40 тонна қауын-қарбыз әкеліп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен балалар үйіне тегін таратып бергенін айта кетуіміз керек.

Жалпы, ЭКСПО-2017 көрмесі ашылғалы бері 10 маусымнен 3 қыркүйекке дейін Астанаға келіп, көрмені тамашалаушылар саны  3 миллион 525 мың 300 адамға жеткен.

Нұрлан ӘУБӘКІР

«ҚмД» ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *