008

Руза Бейсенбайтегі: «Шыдамым шегіне жетті…».

Шегіне жетті. Мемлекеттік тілді қашанғы табанға таптайды? Қашанғы «орысша сөйле» деп қақылдап тұрады. Бұлармен қалай күресуге болады? Аштық жариялап. 

Керекуде туратын қоғам белсендісі Руза Бейсенбайтегі босағасынан «говорите по русский» деп қарсы алатындарға қарсы аштық жарияламақ. Осындайлардың бірінен ауыз сөз естіген Руза апай әлгілер бүгін сағат кешкі 5-ке дейін кешірім сұрамаса осындай қадамға баратынын айтуда. 

Руза Бейсенбайтегі әлеуметтік желіде бұл туралы былай деп жазған:

«Қазақтар! Шыдамым жетті, осыны көзімді жасқа бұлап әзер жазып отырмын. Бүгін, таңертең ұлттық экспертиза бөлімінің, лабораториясында, басшысы Биляловқа барғанымда 10-15 минут

«говорите по-рюзки» деп менің алдымда әйнектерін тарс жауып ұстап тұрды.

Әрең дегенде ар жағынан біреу келді де, шаруамды айттым. Кері қайтқанда бұрынғы «Ласточка» базары, қазір «производственное объединение лидер» ғой деймін, соған кірдім, тамақ алмаққа. 1,5-2 айдың төңірегінде 3-4 рет келіп тұруым. Ылғи қазақша емес, музыка бағамдары тек РФ тілінде», – деп жазыпты қоғам белсендісі.

Ал қатты қорланғанына  аталған мекеменің директорымен болған кикілжің себеп болған. Тіл жанашыры үнемі орыс әндерінің ойнап тұрғанына ескерту жасамақ болған.

 «Павел деген директорларына кез болдым. Айтарымды айтқаннан кейін, «рюски никто не отменял, у нас 2 языка, вы националистка, вы мешаете работать. Вас с силой вывести отсюда либо сами выйдете отсюда?!» дегеннен кейін шығып кеттім. Қорланғаным сонша, аштық жариялайын деп отырмын…Басқа жол қалмады, – дейді Руза Бейсенбайтегі.

Руза ханым енді әлгі Павел сағат кешкі 17.00 – ге дейін кешірім сұрамаса қалалық әкімшіліктің алдында аштық жариялайтынын мәлімдеді. Ал полиция ұстап әкетсе, қамауда жатып жалғастыра бермекші.

– Мен керек десеңіздер, өзімнің өлімім арқылы бүкіл дүние жүзіне маргинал, құбыжық қазақ билігін көрсетіп, қазақ тіліне халықаралық араша сұраймын. Мұл нағыз дискриминация! Неше жыл төзіп келемін ғой, енді төзбеймін,- дейді ол.

Ал біз таңданыстамыз.

Керекуде Рузаға қол созатын, тілдің тағдырына алаңдайтын ұлт жанашырлары жоқ па?

Әлеуметтік желіде белсенді көрінетін жастар қайда? Олар неге үнсіз? Үйсіздік үйдей бәледен құтқармайды ғой…

15 пікір

  1. Губа

    Қазақ тілін Қазақтанда өмір сүретін бар ұлт білуге міндетті.
    Руза апайдың іс əрекет дұрыс Нағыз ұлт жанды, елжанды азаматтық.
    Мен апайдың қолдаймын.

  2. МЕРУЕРТПІН

    РузағРузаға АЛЛАМ жар болсын! Оны қолдамайтын қазақ жоқ шығар. Тек, қол қусырып отырмай, əрбіріміз өз ойымызды желі арқылы жеткізіп отырғанымыз дұрыс.

  3. МЕРУЕРТПІН

    Рузаға АЛЛАМ жар болсын! Оны қолдамайтын қазақ жоқ шығар. Тек, қол қусырып отырмай, əрбіріміз өз ойымызды желі арқылы жеткізіп отырғанымыз дұрыс.

  4. Рабиға апай

    Бірақ, орыстар емес, мәселе орыстарда емес, өзіміздің қазақтарымыз сөйлемейді ғой Павлодарда. сөйлесе -қазақтардың 50 пайызы сөйлер. Ал қалғаны 50 пайызы қазақтар орыс тілінде . Бүкіл аудандық , ауылдық әкімідіктер түгле ауылда отырып, ауылда тұрып тек орыс тілінде сөйлеседі. Ақтоғай, Лебяжі Май аудандарына барыңызшы түгле қазақтар орыс тілінде. Олар өз тілдерін менсінбейді. Бұл шындық.
    Руза апайдың рас әбден шыдамы жетті. Қиын әрине. бірақ, біз қанша жазып, айтқанмен де Павлодар облысы ның 50 пайыз қазақ тілінде сөйлмейтін қазағы -сол сөйлмеген күйі қалғаны қалған. Мүмкін Павлодарға өзгеше басқа қатаңдау заң керек шығар тіл туралы бөлек.

  5. Сандуғаш

    Руза апай ұлт жанашыры Алла жар болсын! Сіз сияқты адамдар бар екеніне қуанамын! Қолдайтындарыңыз əлеуметтік желіде пікір қалдырыңыздар

  6. Руза

    Алла жар болсын, кереметтей силайтын бауырларым! мына билікті тоқылдата берсек, оянарар мүмкін, мен не істеп отырмын, өз ұлтымның, мемл. тілін аяққа таптатып деп…

  7. Жұлдыз

    Руза апайымыздың күрескер мінезіне қатты сүйсінемiн. Батырларымыздың шын тұяғы. Алла өзіне жар болғай қашан да. Өзімнің қолымнан келмес едi осындай табандылық. Басымды иемiн.

  8. Валерий

    Ст. 164 Уголовный Кодекс РК N 167 от 16.07.1997 года

    
    1. Умышленные действия, направленные на возбуждение социальной, национальной, родовой, расовой, религиозной вражды или розни, на оскорбление национальной чести и достоинства либо религиозных чувств граждан, а равно пропаганда исключительности, превосходства либо неполноценности граждан по признаку их отношения к религии, сословной, национальной, родовой или расовой принадлежности, если эти деяния совершены публично или с использованием средств массовой информации, — наказываются штрафом в размере до одной тысячи месячных расчетных показателей или в размере заработной платы или иного дохода осужденного за период до десяти месяцев, либо арестом на срок до шести месяцев, либо исправительными работами на срок до двух лет, либо лишением свободы на срок до пяти лет.

    2. Те же действия, совершенные группой лиц или неоднократно, или соединенные с насилием либо угрозой его применения, а равно лицом с использованием своего служебного положения либо руководителем общественного объединения, — наказываются штрафом в размере от пятисот до трех тысяч месячных расчетных показателей или в размере заработной платы или иного дохода осужденного за период от пяти месяцев до одного года, либо ограничением свободы на срок до четырех лет, либо лишением свободы на срок от двух до шести лет с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью на срок до трех лет или без такового.

    3. Действия, предусмотренные частями первой и второй настоящей статьи, повлекшие тяжкие последствия, — наказываются лишением свободы на срок от трех до десяти лет с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью на срок до трех лет или без такового.

    • Болат 34

      Русским соотечественникам из города Павлодар. Я поддерживаю Рузу Бейсенбайтегі по вопросу внедрения казахского языка в городе.. Знание казахского языка, хотя бы на элементарном уровне, это –не унижение, а уважение — казахскому народу. Каждый день уважение начинается с приветсвия. Научитесь поздороваться с казахами на казахском языке. Не подобайтесь Ивану непомнящему родства. Казахи кровью скрепили дружбу с русским народом в прошлую войну. Казахстанские металлы военного назначения внес огромный вклад в победу над фашисткой Германией. 17 августа 1941 года Германия захватила основную базу марганца на Украине – Никопольское месторождения марганца; Не стало марганца для брони танков. Вопрос для СССР стоял, или жизнь, или смерть (в случае победы, Германия планировала уничтожить 120 миллионов советских людей в течении 20 лет. См. историк Рейнхард Опиц «Сов.секретный архив №14 Рейха»). Сталин (Приказ №1 ГКО) приказал срочно наладить производство танков на Востоке СССР. Для этого нужен был марганец. Уроженец Павлодара академик ученый геолог К.Сатбаев предложил открыть Жездинский рудник (О значении жездинского марганца, читайте Историю ВОВ, первые выпуски, том II,стр. 155).Всего за пять недель (38 дней) был построен рудник (Сталин лично контролировал по связи ход строительства), и с июня 1942 года началась отгрузка руды на оборонные заводы, что позволило обеспечить броневой сталью прежде всего — танковые заводы Урала, тем самим было обеспечено явное превосходство советских танковых дивизий над германскими (начиная с июля 1943 года, после победы под Курском). Курское сражение имело окончательное необратимое значение для обеих сторон (читайте высказывания ведущих политиков и историков мира). Во время войны 80 % потребности СССР в марганце- обеспечивал Жездинский рудник и 50% в меди –Жезказган

    • айгак

      Руза Бейсенбайтегi требует исполнения не только закона о языках, а исполнения требования норм Конституции Республики Казахстан: «Статья 7
      1. В Республике Казахстан государственным является казахский язык.
      2. В государственных организациях и органах местного самоуправления наравне с казахским официально употребляется русский язык.» Если услуги общественного транспорта не соответствуют этим требованиям, тогда надо лишать лицензии таких транспортных организации. Надо обеспечить работников возможностью выучить 2. В государственных организациях и органах местного самоуправления наравне с казахским официально употребляется русский язык.» Если услуги общественного транспорта не соответствуют этим требованиям, тогда надо лишать лицензии таких транспортных организации. Надо обеспечить работников возможностью выучить
      несколько фраз на казахском. В Казахстане более миллиона оралманов, которые не владеют русским. Что они, изгои в собственной родной стране? Вопрос никогда не ставился, чтобы не употреблялся русский язык, вопрос стоит в том, чтобы государственный язык — казахский, не был задвинут на задворки. Даже в советское время,
      «беспощадной борьбы с якобы проявлениями национализма» такое не допускалось. И страна называлась И страна называлась
      определенно — Казахская ССР, а не Республика Казахстан.Есть хорошая русская пословица: В чужой монастырь
      со своим уставом не заходят.

  9. Валерий

    Советую администрации удалить данную статью! В интернете уже много обсуждений на эту тему. Читаейте пункт 3 данной статьи! Иначе я напишу заявление в полицию!

  10. Қастер

    халық қаһарманы атағын Руза апайға беру керек. бұл кісі қазіргі заманның, ұлттың батыры. Павлодардың шалбарының бауын байлай алмайтын, ынжық қазақтарының қолынан келмейтін жұмысты жалғыз өзі атқарып отыр. ұлттық мүддеге жұмыс істемейтін, шолақ ойлы, зиялысымақ, боқ қарын қазақтың мыңын Руза апайдың садағасы үшін құрбандыққа шалуға болады.

  11. Жұлдыз

    Валерий көп сөйлейсін. Қазақ жерінде тұрсаң қазақша сөйлеуге , сол тiлдi білуге міндеттісiң!!! Соны түсініп ал!!!!
    Ал ұнамайды екен, ешкім сенi ұстап тұрған жоқ.

  12. айгак

    Валерию Во-первых, вы бросьте свои имперские и шовинистические замашки. С вас хватит Украины, Грузии, Польши, Европы, США и других. .И вообще, Русь -Россия начиналась с маленькой киевской Руси. Имперскими захватами чужого добра добрались до крайнего востока. Этого мало? Хорошо, если сумеете удержать. Вы можете не говорить ни на одном языке кроме русского, но в Казахстане государственные и другие услуги обязательны на государственном языке, то есть на казахском. А страрщать статьей УК нечего, он для всех граждан Казахстана одинаков.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *