008

Бензин тапшылығы – Бозымбаевқа сөгіс жарияланбақ

Премьер Бақытжан Сағынтаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс жасамақ. Сағынтаев бұл туралы шешімді сейсенбіде Астанада Үкімет жиынында Қазақстандағы бензин тапшылығына қатысты министрдің есебін тыңдаған соң қабылдады.

Премьер-Министр бұған қоса энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босатып, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының вице-президенті Данияр Берлібаевті орнынан алуға тапсырма берді.

Үкімет жиынында Қазақстандағы бензин тапшылығына қатысты сөйлеген Қанат Бозымбаев елде бензин «тапшылығы жоғын» айтып, бұл сөзді қолданудың мүлдем дұрыс емесін мәлімдеген. «Кешегі күні елде аймақтарда, мұнай базаларында және жолда 138 мың тонна АИ-92 маркалы бензині болды. Баға ең алдымен нарықта Ресейдің қымбат бензинінің үлесі артқандықтан көтерілді» –  деген Бозымбаев.

Бірақ Сағынтаев министрдің түсініктемесін «сылтау, жауапкершіліктен қашу» деп, қабылдай алмайтынын айтты. Ол Бозымбаев сөгіс жариялау туралы Президентке ұсыныс жасайтынын, ал вице-министр Әсет Мағауовты қызметінен босататыны туралы шешім қабылдағанын айтты.

Премьердің сөзінше, министрлік Павлодар мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары көктемнен күзге ауыстырылатынын, екі мұнай өңдеу зауыты бірінен соң бірі жөндеуге жабылатынын білгенімен, тиісті шара жасамаған.

Қазақстанда бірнеше күннен бері бензин тапшылығы байқалып отыр. «Қазмұнайгаз» Ұлттық мұнай компаниясының жанармай бекетінде отынды тек талонмен беріп жатыр. Кей бекеттерде көліктер ұзын-сонар кезекте тұр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *