008

Су бағасы қымбаттады

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 11 қазанда су, газ және электр энергиясы үшін халыққа берілген жеңілдікті алып тастауға тапсырма берді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл шара елде су бағасының 25 есеге өсуіне әкеледі.

Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің жарлығына қарағанда, осыған дейін адам басына 7,5 текшеметр тегін беріліп келген су енді 1 қарашадан бастап 10 текшеметріне бес манат (1,43 доллар) болады. Бердімұхамедов осы аптаның басында үкімет субсидияны біртіндеп қысқартады деп мәлімдеген.

Түркіменстан басшысы коммуналдық төлемдер енгізу арқылы жеті жылға арналған, құны 69 млрд доллар болатын инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырамыз деді. Оның ішінде 45 млрд доллар энергетикалық секторға жұмсалады.

Түркіменстан халқы әлі табиғи газ мен электр энергиясын тегін пайдаланады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *