008

ОҚО-да латын әрпімен басылған кітаптардың көрмесі өтті

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР Президенті Н.Назарбаевқа Елордамызда таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісін таныстыруға бағыттылған «Рухани жаңғыру – кемел келешек кепілі» тақырыбында облыс кітапханашыларының жиыны өтті.

Семинар-кеңесте облыста тұңғыш рет латын әрпімен басылған кітаптардың көрмесі қойылды. Оған ОҚО бас архивінде сақталған латын әрпімен жазылған құнды құжаттар, оңтүстіктің тұрғындарының қолында сақталған қолжазбалар, қан майданнан келген хаттар, 40-шы жылдары шыққан «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тігінділері қойылды. Қолжазбалар тарихы туралы құнды дүниені алып келген азаматтардың өзі әңгімелеп берді.

Семинар-кеңеске облыстың кітапханашылары мен жазушылары, педагогтер, танымал филолог мамандары мен оқырмандар қатысты.

Семинар-жиынның модараторы, «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Айдарбекова жаңадан ұсынылған латын әліпбиінің апострофтарда берілгені диграфтардан қарағанда жеңіл есте қалатындығы және оқу барысында оңайлығымен бөлісті. Мұның барлығы жалпыхалықтық талқылаудың толымды нәтижесі.

Жиында ең алғаш болып сөз алған М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Сәрсенбай Карибаев Елбасының алдында таныстырылған үлгінің тиімділігі және ыңғайлығына тоқталды.

Еліміздің қайта түлеуіне бағытталған көлемді мақалада айтылған бастамаларды алдағы уақытта жұмыла жүзеге асыруға бел байлаған кітапханашылар, семинардан жігерленген күйде тарқасты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *