008

Бас прокурор Асанов мырзадан араша сұраймын!

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов мырзаның назарына!

Редакциямызға өз аяғымен келген Нұралы Қалиевтің алғашқыда неге наразы екенін түсінбедік. Артынан ұқтық. Ұлы ойламаған жерден істі болып, тергеуде отыр екен. Қамауда. Әділдік іздеп бармаған жері жоқ. Тым-тырыс. Ақыр аяғы ақпарат құралдарына айтуды жөн көрген.

«Ұлымды жазықсыз қамап тастады»

«Ұлым Ақмола облысы Целинград ауданына қарасты Талапкер ауылының әкімі болған. Қазір абақтыда жатыр. Жазықсыздан жазықсыз…» дейді Нұралы Қалиев.
Әрі қарай болған жағдайды баяндап берді.
Айтуынша, осыдан 2 жыл бұрын 6 наурызда Талапкер ауылының әкімі Нұртуған Мұзамелов ауылдағы 41 жер учаскісіне қатысты тексеру жүргізу қажеттігін айтып, бірқатар органдарға шағым жолдаған.
Арада бір апта өткесін әкімнің шағымы бойынша Целинград ауданының полициясы аталған жер учаскілері бойынша қылмыстық іс қозғайды. Биыл 29 мамыр күні «жер учаскелерінің құжаттарында жалғандық болуы мүмкін» деп шағым айтқан әкімнің өзі күдікке ілініп, қамауға алынған. Таққан айып ауыр.
– Сорақысы соңында ұлымды кінәлі қылды. Алаяқтықпен айналысты, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болды деген ілік тауып жауып тастады түрмеге. «Ұлыңыз ауылдағы 45 жер учаскісінің жалға алу мерзімін ұзарту туралы заңсыз шешім шығарған» деді. Жоқ, бұлары несі? Ақылға сия ма осы, қисынға келе ме? – дейді Нұралы Қалиев.
Ақылға сия ма дегені, ұлы полицейлерге өзі хабарласқан.
– Ойлап көріңізші, органдарға өзі хабарласқан. Жер учаскісіне қатысты бармақ басты, көз қысты әрекеттің барын аңдаған адам ақыр аяғы абақтыдан бір-ақ шықты. Жоқ, бұл қалай? – дейді.
Осы арада бір сауал туындайды: Полиция алдымен әкімді неге құрықтады?
Себебі, ілгерідегі жер учаскілерін жалға алу мерзімін ұзарту туралы құжаттарда әкімнің қолы тұр.
– Бұл былай… ұлымның атынан өзге біреу қол қойған. Қолтаңбасы айнымайды. Әуелде солай айттық. Тергеді. Тексерді. Ұлымның қолы қойылған құжаттарды әлдебір Н. есімді әйел тіркеген болып шықты. Қас қылғанда, қайтыс болыпты. Қиындығы сонда. Өлген адамнан ұлымның қолтаңбасын айнытпай қойғанын қалай анықтайсың?! – дейді Нұралы Қалиев.

Оның айтуынша, әкім қол қойды деген құжаттар сараптамадан өткізілген. Сараптамалық сот құжаттағы әкімнің қолы жалған екенін дәйектеген. Яғни, әкімнің сыртынан басқа біреу қол қойған…

Нұралы Қалиев ұлының ымыраға көнбей, жалғандыққа жол бермеу үшін бастаған ісі өз басына таяқ боп тигенін айтады. «Құжаттағы қол ұлымдікі емес екенін біле тұра, бұл істі қысқартқан жоқ. Әлі тергеу жүріп жатыр. Елімізде өзі әділет бар ма?», – деп күйінеді ол.

Нұртуған Мұзамелов

Тағы бір сауал…
Полиция Нұртуған Мұзамеловтің ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы барына қалай көз жеткізген?
– Жер учаскісін «жекеменшіктеп» алған қылмысты топ бар. Кінәсі де дәлелденген. Бірақ дәл менің ұлымның оған қатысы жоқ. Дәлел таба алмады. Ілік таба алмады. Ендеше оның қамауын неге ұзартып отыр? Әлде мұның бәрін ұлыма аудара салмақ па? Ұлымды кінәлі қылмақ па? Әкімді айыптай салу оңай шығар олар үшін?
Мәселе мынада. Айыптау тергеу кезіндегі қылмыстық топ серкесінің жауаптарына ғана негізделген. Болды. Басқа ештеңе жоқ. Көзбен көретін, қолмен ұстайтын, – дейді әкімнің әкесі.
Ал қылмыстық топтың жетекшісі бұдан бұрын да қолы былғанған. Қол астына 20-дан аса адамды топтастырған. Қазір бостандықта жүр екен…
– Сенесіздер ме, еркіндікте жүр! Тергеушілер де соның сөзін сөйлейтін сияқты. «Қылмыстық топтың серкесі» ретінде танылған адам «тергеу ісіне көмектесемін» деп, менің ұлымды кінәлап, өзі бостандықта жүр. Бізде заң бар ма өзі? Не түрлі қылмыс жасап, арам жолмен байыған адам бостандықта жүр. Ал менің ұлым абақтыда отыр, – дейді Нұралы Қалиев.
Ал ауыл ақсақалдары, тұрғындары түрмедегі әкімге араша түсуде. «Сауатты, білікті әкім еді. Ауылдың тағдырына жаны ашитын» дейді олар.
Нұртуған Мұзамелов Талапкер ауылының әкімі қызметіне 2014 жылы тағайындалған. Жап-жас жігіт. 83 жылғы. Мамандығы – заңгер. Әкесінің айтуынша, жер учаскесіне қатысты құжаттағы шикілікті алдымен аңғаруы да мамандығымен байланысты. Өрімдей үш баласы бар. Нұралы Қалиев немерелерінің «Әкем қашан келеді?» деген сұрағына жүрегі езіліп, айтар сөз таппай қиналатынын айтады.

Нұралы Қалиев сөз соңында бұл істі Бас прокурор Жақып Асановтың назарына жеткізгісі келетінін, сол кісіден көмек болар, әділдік орнар деген ниеті барын жеткізді. Бұл оқиға газет назарында болады.

Редакциядан: Болған жайды барынша ықшамдап бердік.

 

1 пікір

  1. Нуралы

    Хочу обратить ВНИМАНИЕ общественности на то, что мой сын Музамелов Нуртуган уже 4-месяца находится в следственном изоляторе? Сегодня 12.10.2017г. По ходатайству Руководителя следственной группы ГП РК опять судья продлил еще на один месяц под стражу, в данном случае считаю грубо попрано основное Констиционное право гражданина — право на личную свободу. Как может рассматриваться вопрос о необходимости продления содержания его под стражей , если в ходе досудебного расследования установлена полная непричастность Музамелова Н. к преступлению. На сегодняшнем судебном заседании я полагал и надеялся, что будет представлено Право установленное статьей двадцать девятой Главного нашего Основного Закона Констииуцией, которая гласит, что Граждане имеют Право на охрану здоровья. К большому сожалению данное право не может быть в полной мере реализовано в услоыиях следственного изолятора. Состояние здоровья моего сына ухудшается из-за дня в день, ему требуется не только уход да гигиена, но и срочное оперативное лечение. Промедление даже на один день может првести к ИНВАЛИДИЗАЦИИ, а может быть и к другим самым не предчказуемым последствиям, о которых мне, как отцу боязно даже и думать.
    По моему настоянию Музамелову Н. т.е. моему сыну был проведен комплекс лабораторных и инструментальных методов обследования, на самом современном оборудовании, самые компетентные врачи Астаны пишут о необходимости ему срочного лечения, но уже целый месяц после обследования каких либо действий медицинские работники СИЗО не предпринимают.
    Триннадцатого сентября т.г. была проведена магнитно-резонансная томография позвонков, на которых были выявлены множественные грыжи, данные снимки были консультированы в лучшей клинике Казахстана- Центре Нейрохирургии, врачи которой написали, что необходимо лечение у невропатолога и при отсутствии эффекта показано оперативное лечение, еще раз повторюсь — эффекта нет , иак как нет компетентных специалистов в штате СИЗО.
    В желчном пузыре камни размерами по полтора сантиметров.
    Врачом проктологом Высшей категории,- руководителем отделения колопроктологии выявлено очень грозное заболевание-Кандиломатоз анального канала, перианальной области, если говорить простым языком, то вокруг анального отверствия выросли бородавки, которые постоянно при раздражении ( при каждом акте дефикации ) кровят, инфиципуются и как следует из доступной медицинской литературы, если их вовремя не удалить — могут переродиться в злокачественные образования.
    Самое главное и не менее важное , что мой сын Музамелов Нуртуган страдает сахарным диабетом второго типа, а как всем известно, при сахарном диабете строго необходимо соблюдать диету и гигиену, что никак нельзя соблюсти в условиях СИЗО, также ему необходимо проведение двух сложнейших операции — на позвоночнике и прямой кишке, к которым обязательно нужно подготовиться. В соответствии с ч.3 ст.54 УПК РК «Следственный судья — судья суда первой инстанции , к полномочиям которого относится осуществление в порядке, предусмотренном настоящим УПК РК судебного контроля за соблюдением прав , свобод и законных интересов лиц в уголовном судопроизводстве» в праве изменить меру пресечения в отношении Музамелова Н. на домашний арест, тем более учитывая безотлагательное его госпитализацию, неисполнение которого ставит под угрозу тяжких последствий для его физического состояния, но большему сожалению этого не произошло.
    С большой надеждой надеюсь на поддержку и понимание общественности, в конце-концов ведь он не убийца какой нибудь.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *