008

Достық мәңгілік

Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық белсенділер Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы күрделі жағдайдың оң шешім тауып, өз арнасына түскенін қолдап, пікір білдіруде. Осы ретте соларды біраз назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 

Абай Андабай, «Бізбен бірге» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– Қазақстан мен Қырғыстан келешекте өзара қарым-қатынастарының ары қарай дами түсетініне екі елдің сарапшылары сенім білдіріп отыр. Екі ел арасында сауда-экономикалық келісім бар. Қазақстанның оңтүстік егін алқабы Нарын ГЭС-інің суымен қамтамасыз етілсе, Қазақстан кырғыз еліне электр энергия, көмір және мазут беріп келеді. Бұдан басқа, Қазақстанның Ыстықкөл жағалауында өз пансионаттары да бар. Ғасырлар бойы жалғасқан екі жақты байланысты Алмазбек Атамбаевтің да мәлімдемесі үзе алмасы анық. Себебі, тамыры тереңге жайылған, тарихы ортақ  екі мемлекеттің достығы мәңгілік.

Айгүл Әлішер, Қазақстанның Жастар Конгресі ОҚО филиалының басшысы:

– Қырғызстан мен Қазақстан қарым-қатынасы ресми түрде жақсы дамыған. Көлік транзиті, еңбек көші-қон мәселесі де жолға қойылған. Екі ел арасындағы байланыстың одан әрі дами түсетіне күні кешегі екі елдің Үкімет басшыларының келіссөзі негіз болатыны сөзсіз. Шекарадағы еркін қатынасты қамтамасыз еткен осы жолғы келіссөз өз миссиясын орындады. Жалпы мен Қазақстан азаматы ретінде екі мемлекеттің арасына сызат түсіргісі келетін бәзбір азаматтардың әрекетін түсінбеймін. Жалған не арам пиғылдағы әрекеттер мен еспе әңгімелер ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан қазақ-қырғыз қатынасына нұқсан келтіре қоймасы анық. Қайта екі мемлекеттің бірлігін бекемдеп, ынтымағын нығайтуға үлес қосу қажет. Қырғыздың жанашыры қазақ, ал қазақтың жанашыры қырғыз халқы екенін жадымыздан шығармауымыз қажет.

Пікірлер

пікір