008

«Мені ұрды…». Қазақ халқына тіл тигізген өзбек жігіт кешірім сұрады

Астана аялдамасында «қазақтарды итше қыру керек» деген арандатушылық сөз жазған ер адам сотта қазақ халқынан кешірім сұрады.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

2004 жылдан бері Қазақстанда жүрген 47 жастағы Өзбекстан азаматы ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша айыпталып отыр. Бұл іске қатысты сот отырысы Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында қаралып жатыр. Ер адам сот залында тұрып, мұндай жазба қалдыруға ненің итермелегенін түсіндірді.

«Менің жүрегім нашар. Сонымен қоса, ішімдікті қоя алмай жүрмін. Бірақ ол күні ұрттағаным да жоқ. Велосипедпен кетіп бара жатқанымда мені екі жігіт тоқтатты. Темекі сұрады, аузына келгендерін айтып, ақша талап етті.

Біреуі мені ұрып жіберді, велосипедімді тартып алмақ болды. Осыдан кейін қаным басыма шауып, ашуым келді. Жерде жатқан маркерді көрдім. Аялдама тұр екен. Ашумен осындай сөздер жазып қойыппын.

Сосын кетіп қалдым, ал 7 күннен кейін мені ұстады», — дейді айыпталушы.

«Қолым өздігінен жүгіріп кетті, қабырғаны сызып жүрген оқушының қылығындай», — дейді сотталушы БАҚ өкілдері арқылы барша қазақстандықтарға.

«Мұндай болады деп ойлағам жоқ. Мен Қазақстанның барша халқынан ресми түрде кешірім сұрауға дайынмын. 2004 жылдан бері Қазақстандамын. Сол көшеде тұрамын.

Кран басқаратынмын, мамандығым сол. Осындағы көптеген құрылыстарда еңбек еттім. Соңғы екі жыл жұмыс істей алмадым. Жүрегім ауырады, емделуге ақшам жоқ. Ол ауырған кезде ішімдік ішемін. Осы ішімдік ойымды тұмшалады.

Қымбаттыларым менің — қазақстандықтарға, қазақтарға еш өкпем жоқ. Олар маған үнемі қол ұшын беретін. Солардың арқасында аман қалдым десе де болады.

Өзбекстанда жұмыс болмаған соң осында келдім. Мұнда адамдар соңғы нанымен бөлісетін. Шын жүрегіммен айтамын: менің еш өкпем жоқ», — дейді 47 жастағы ер адам.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *