008

Сапарбаев: «Біздер ауылға жиі барайық»

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жас басшыларды халықпен жұмыс жасауға шақырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Алыс ауылдағы сапарынан мысал келтірген әкім халықтың сенімін кездесулер арқылы тығыз байланыспен күшейту керектігін айтты.

– Біз халықпен неғұрлым көбірек кездессек жағдай соғұрлым жақсы болады. Біз ақпараттық вакуумды толтыруға жұмыс жасауымыз керек. Алыс аудан тұрғындарымен кездескенде жағдайларын сұрадым «бәрі жақсы» дейді. Ырғыз ауданының Нұра ауылына барғанда халық құмның арасында отыр. Біз барғанда жел тұрып, айнала құм болды. Қалай жақсы болады? Өйткені оларға әкім көп келе бермейді. Біз сондай ауылдарға жиі барсақ, жағдайлары басқа болар еді. Олар да «біздің артымыздан іздеп келетіндер бар, біздің жағдайымызды сұрайды» дейтін болады. Әсіресе, жас бастықтарға, жас партия мүшелеріне ұят болады. Біздің 30-40 жас аралығындағы жас бастықтар кабинеттен шыққылары келмейді, – деді облыс басшысы Сапарбаев.

Әкім «Туған жер» форумына қатысты жасалып жатқан жұмыстарды ай сайын тексеріп отыратынын айтып кетті.

– Форум өткізу қиын шаруа емес, бір-екі күнде өтеді де кетеді. Бірақ, халықтың есінде сол форумнан кейін не істелді, форум ойлағанын жасай алды ма, қарапайым халыққа қандай пайда деген мәселе маңызды. Бұл жерде біздің партия мүшелері өз белсенділіктерін таныту керек. Әсіресе, кәсіпкерлер бұл жерде өнеге болуға тиіс. Туған жер туралы біз ай сайын бір рет тыңдап тұрамыз. Әр ауданды, басқармаларды сөйлетеміз. Біз бүкіл республикаға айтып, жария салғаннан кейін оны орындауымыз керек. Жұмыстар жоқ емес, бірақ белсенділікті әлі де арттыруымыз керек, – деді Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбедегі «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында аудан әкімдері мен басқарма басшыларының да баяндамалары тыңдалды.

 

Сапарбаев: «Қытай компаниясы болмаса Ақтөбе құлап қалмайды»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *