008

ҚазҰПУ пен ҚазҰУ арасындағы байланыс жандана түсті

Таяуда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің делегациясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сапармен барып қайтты. Делегация құрамында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың проректорлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары болды.

Сапардың басты мақсаты оқыту, білім беру және инновациялық үдерістерді қамтитын сандық университет құру тәжірибесімен алмасу.

Қазақстанның жетекші университеттерінің ректорлары Такир Балықбаев және Ғалымқайыр Мұтанов келесідей өзекті мәселелерды талқылады: жаңа жағдайларда білім беру жүйелерінің құрылымы мен өзгеруі; ҚазҰПУ мен ҚазҰУ арасындағы ортақ қызығушылық аясы; тәжірибе алмасудың жаңа бағыттары мен университеттер арасындағы ынтымақтастық.

Сапар Университеттің қалыптасуы мен дамуының бүкіл тарихы көрсетілген Әл-Фараби мұражайынан басталды. Кездесу университеттің ағымдағы қызметін бақылау және мониторинг жүргізу үшін  интерактивті деректерді жинау және талдауға барлық қажетті заманауи құралдармен жабдықталған ситуациялық орталығына және білім алушыларға «бір терезе» қағидаты негізінде құрылған «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығына барумен жалғасты. Ары қарай, ҚазҰПУ өкілдері «Кангнам Северанс» Оңтүстік Кореялық клиникалардың жетекші мамандарының қатысуымен телемедицина технологиясын пайдаланып, пациенттерге және қашықтағы кеңес беретін жаңа медициналық жабдықтармен жабдықталған, диагностикалық орталығында болды. Сапардың қатысушылары ҚазҰУ-дың ғылыми паркінің қызметі, халықаралық ынтымақтастық, білім беру және тәрбие жұмысымен танысты.

Оқу ісі жөніндегі проректор Асқар Хикметов және ақпараттық технологиялар және инновациялық даму институтының директоры Жанл Мамықова «Univer» жүйесі туралы презентация өкізді. Презентация барысында барлық негізгі бағыттар бойынша қажетті ақпарат алуға мүмкіндік беретін (білім беру, ғылыми, әкімшілік), тиімді басқару шешімдерін қабылдауды жеңілдететін Univer жүйесінің қағидаттарымен таныстырды. Сонымен қатар, жаңа технологиялар мен оларды кітапхана жұмысында пайдалану мүмкіндігі бойынша Ғылыми кітапханаға экскурсия өткізілді.

Сапар соңында бірінші проректор Мақтағали Бектемесов ұйымдастырушылардың жұмысын жоғары бағалап, іс-шараның табысты өткенімен құттықтады, ұйымдастырушыларға жылы қабылдағаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ұсынылған қызмет көрсету модельдері студенттерге қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге ұмтылатын  басқа қазақстандық жоғары оқу орындары  үшін үлгі болатынын атап айтты.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Қоғаммен байланыс бөлімі

 

Челябинскде Ресей және Қазақстан ЖОО-ның ректорлар форумы өтті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *