008

Басшы неге сөгіспен құтыла береді

Dalanews.kz сайтына Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы “Айгүл” балабақшасында орын алған келеңсіздіктер жайында қызметкерлері бернеше рет шағым жазған еді. Бұдан кейін Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкірекбаев пен аудан әкімі Балабек Нарбаевтың атына хат жазуға мәжбүр болғанбыз. Осы хаттардан кейін басшылар қарапайым халықтың жанайқайына назар аударып, мәселені оң бағытта шешіп те берген еді.

Ал 2017 жылдың соңында “Айгүл” балабақшасының қызметкерлерінен тағы да үшбу хат келді. Алақандай балабақшада жиі шу шыға берген соң, хатпен мұқият танысып, оны «Бізге бұндай басшының керегі жоқ!» деген қарапайым қызметкерлердің жанайқайын жарияладық.

Сол хатқа жақында Сарысу ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Дүйсенбин мырзадан редакциямыздың поштасына арнайы хат келді (хаттың түпнұсқасы төменде).

Хатмен танысқанымызда қарапайым қызметкерлердің шағымында көрсеткен мәселелер бойынша 2017 жылдың 11 желтоқсанында қызметтік тексеру жүргізіп, ешқандай мәселені анықтай алмағандарын жазыпты.

Бір қызығы тексерушілер ешқандай дүниені анықтай алмаса да “Айгүл” балабақшасының меңгерушісі Жанаш Стамбековаға ҚР “Еңбек кодексінің” 1 тармағының, 2 тармақшасына сәйкес өзіне жүктелген міндетті дұрыс атқармағаны үшін сөгіс жарялапты. Мұны хаттан танысуларыңызға болады. Осылайша Сарысу аудандық білім бөлімі балабақша меңгерушісінің қандай әрекеті заңға симаған соң, сөгіс жариялағандарын ашып жазбапты. Біз үшін осы жағы түсініксіз күйінде қалып отыр.  

Айналасындағы қызметкерлермен тіл табысып жұмыс істей алмайтын, “өзіне жүктелген міндетті дұрыс атқармайтын” басшыны (Сарысу аудандық білім бөлімі басшысы міндетін атқарушы Е.Дүйсенбиннің берген бағасы) аудан басшылары неге тәртіпке шақыра алмай отырғандарын түсіне алмадық.

“Қала мен Дала” газеті

 

Жаңатас тұрғыны Көкірекбаевтан көмек сұрайды

 

«Бізге бұндай басшының керегі жоқ!»

 

 

Пікірлер

пікір