008

Сол шалдардың қыздары мен ұлдары бірауыз қазақша білмейді…

Шыңғыс хан айтыпты деген бір қағида бар: «Алдымен өз басыңды, одан кейін отбасыңды түзе! Содан кейін мемлекет ісіне аралас!» деген.

Қазақ тілі үшін «күресіп» жүрген екіжүзді қайраткерлерді көргенде осы сөз ойға орала береді. Бір шалдар бар, қазақша жазған кітаптарында ана тілімізді, ұлттық дәстүр мен салт-сананы дәріптегенде сау адам елжіреп, мас адам еңіреп жылайтындай-ақ.

Сол шалдардың қыздары мен ұлдары қазақша бірауыз сөз білмейді

немерелері мен жиендері орысша шүлдірлегенде құлағыңды тесіп, миыңды ашытады.

Сонда әлгі шалдың шимай-шатпағы өз кіндігінен тараған ұрпағына қажет емес екен. Онда, оларды несіне дәріптейміз. Жеке басының атағы мен қаламақы үшін ғана шатпақтаған шимайын о дүниеге ала кетсін дерсің, екіжүзді атаққұмар мырқымбайлар!

 

Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

Пікірлер

пікір