008

Мемлекеттік айыптаушы соттан Ерлан Біләлден 90 миллион теңге өндіруді сұрады

Алматының Алмалы аудандық сотында Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының  бұрынғы директоры Ерлан Біләлге қатысты қылмыстық істі қарау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ерлан Біләл ҚР Қылмыстық кодексінің  24-бабы, 3-бөлігі, 366-бабы, 2-бөлігінде (пара алуға оқталу) қарастырылған қылмысты жасады деп айыпталуда. Сотта ол “Сезам” шығармашылық қорының президенті Баяновтан 2018 жылдың 2 қаңтары күні 600 мың теңге алғанын айтты. 4 қаңтар күні 900 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталған.

Өткен сот отырыстарында Баянов сотталушыдан 600 мың теңге материалдық шығын талап еткен болатын, айыпталушы тарап бұл қаржыны төлеген. Дегенмен бүгін Баянов моральдық шығын ретінде тағы миллион теңге талап етіп жатқаны белгілі болды, қорғаушылар онымен келіспей отыр. Сот аталған мәселеге қатысты үкім шығаратын кезде шешім қабылдайды.

Мемлекеттік айыптаушы Ерлан Біләлге жаза ретінде параның алпыс еселенген көлемі  —

90 миллион теңге өндіруді сұрады.

Сонымен бірге прокурор мүлікті тәркілеуге негіз жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол соттан Ерлан Біләлдің барлық мемлекеттік наградасы мен медальдерінен айыруға ұсыным енгізуді сұрады.

 

Асанәлі Әшімов: «Біз Жапонияға кетіп, коллектив демалғанда театрға аппаратура орнатқан»

Қорғаушы тарап Қылмыстық кодекстің 65-бабы бойынша (қатты өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату) Біләлді қылмыстық жауапкершіліктен босату немесе прокурор сұраған айыппұл көлемін төмендетуді сұрады. Сондай-ақ, оның төрт баласы бар екені, оның екеуі кәмелетке толмағаны аталып өтті.

Біләл соттан үкім шығарар кезде өзінің денсаулық жағдайын, кінәсін мойындағанын назарға ала отырып, бас бостандығынан айырмауды және мүмкін болса айыппұл көлемін төмендетуді сұрады.

Естеріңізге сала кетсек, 5 қаңтарда М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры театр базасын балаларға арналған мерекелік шараларды өткізуге жалға бергені үшін 1,5 миллион теңге көлемінде пара алмақ болғаны анықталды.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын 2015 жылдың 27 сәуірінен бері басқарып келген.

 

Ерлан Біләл дауы: Әртістің көз жасына кім сенеді?

Пікірлер

пікір