008

Мейрамбек «жұлдыз» ауруына ұшыраған жастарды сойып салды

Мейрамбек Бесбаев кей жастардың жер-көкке сыймай жүргенін ашына айтты. Әншінің пікірінше, ондай адамды тәрбиелеуге тырысудың өзі бос әурешілік. Ол елге мінез көрсеткендерді Жаратқанның өзі орнына қояды деген пікірде. Сондай-ақ, Бесбаев алғаш рет Төреғалидің ерсі әрекетіне қатысты пікірін білдірді, – деп хабарлайды stan.kz.

– Қанша талантты болсын, қандай аспандағы жұлдыз болсын адамгершілікке, тәрбиеге келіп тіреледі. Кенен атам: «Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, түбі тартпай қоймас негізге», – дейді. Түбі қалпы дұрыс болмаса, ол бәрібір бір жерден шығып тұрады. Қазіргі жастарға тәрбие, тәртіптің жетіспеушілігінен шығар деп ойлаймын. Оның үстіне, бақты көтере алатын, көтере алмайтын жандар бар. Аяқ астынан бағы жанып кеткен кезде адам өзі түсінбей қалуы мүмкін. Планетаға сыймай кетіп жатқан жастарды көріп жүрміз, өкінішке қарай. Бірақ бәрібір оны Алла Тағала тәубесіне келтіреді. Оны адам баласы, туған-туысы келтіре алмайды. Қалай құйылды, солай кетеді. Айт-айтпа бәрібір екен, Алла өзі ретке келтіреді, – дейді Мейрамбек.

Бесбаев бір кездері өзінің де басына берілген бақты көтере алмай кеткенін еске алды. Алайда тура жолға қайта түсуіме ұстазым Алтынбек Қоразбаевтың көмегі көп тиді, дейді әнші.

– Алтынбек Қоразбаевтың қасында жүргеннен кейін шығар, көп нәрседен өзімді тежеп отырғаным. Бала күнімде өңшең жұлдыздардың ортасына түсе салу маған да оңай тиген жоқ. Бүкіл мектепте танып жатады, кейде сабақ оқымаған кезде мұғалімдер де көз жұма қарайтын. Соның бәрі мінезіме кері әсер еткен тұстары болды. Бірақ көкемнің арқасында түзелдім деп айтуға болады, – дейді Мейрамбек.

 

Пікірлер

пікір