008

Ауыз сумен қамту 89,5 пайызға жетеді

Халықты ауыз сумен қамтудағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде орталықтандырылған су жүйесін пайдалану көрсеткіші 87,3%жетті.Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы бүгін облыс әкімі А. Баталов тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өткен жылы «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары аясындасумен қамту нысандарының құрылысы мен жаңғыртылуына қатысты 66 жобаны жүзеге асыруға 8,9 млрд. теңге бөлінді. Соның нәтижесінде 25 елді мекенге ауыз су жеткізіліп, 29 ауылдағы ауыз судың сапасы жақсарды.

Биылғы жылы елді мекендердегі орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 89,5%  жетпек.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Өркендеген өңір

Пікірлер

пікір