008

Биыл Жетісуға келетін туристер 2 миллионға жетеді

Өткен жылы Алматы облысына келген туристер саны 1,5 млн. адам болса, соның ішінде 750 мыңнан астам адам Алакөлдің үлесінде. Демалысына Жетісуды қолайлы көретіндердің саны биыл 2 миллионға жетеді деп межеленіп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов тұрғындармен болған есепті кездесуінде айтты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Туризмде іргелі мақсаттарға қол жеткізу үшін биылғы жылы екі ірі жоба қолға алынған. Олар – Алакөл көлі жағалауында инвестиция көлемі 10 млрд. теңге болатын «Феникс» ЖШС-ның демалыс аймағы, сонымен қатар Еңбекшіқазақ ауданында жобалық қуатына сай күніне 5 мың адамды қабылай алатын «Есік» тау шаңғы курорты, жобаның құны 64 млрд.теңге.

Айта кетсек, Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджеттен 4 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Теміржол қатынасы ұйымдастырылып, Үшарал қаласында әуежай салынды, темір жол вокзалының құрылысы басталды.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Өркендеген өңір

Пікірлер

пікір