008

Назарбаева: “Құдайға шүкір, ешкім орыс тіліне тыйым салған жоқ”

Дариға Нұрсұлтанқызы тіл мәселесіне келгенде асыра сілтеуден сақ болуға шақырып отыр.

Тілшілер сауалына жауап берген Назарбаева Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевқа неліктен орысша сауал қойғанын былай деп түсіндіріпті:
 
“Жо-жоқ ешкім орыс тіліне тыйым салған жоқ. Мен мысалға баяндаманы өзіме ыңғайлы тілде жасап шықтым. Солай.
Иә, президенттің айтқанын орындауға тырысамыз енді.
 
Бірақ ешкім орыс тіліне тыйым салған жоқ, құдайға шүкір. Мұндай болмайды да…
 
Өзге де ұлттар бар ғой осы жерде, құрметпен қарайық. Артық кетпейік, асыра сілтемейік.
 
Достық, татулық сақталсын. Еліміздің Ата заңымен бекітілген тілдер қоғамда да, мемлекеттік мекемелерде де қолданылатын болады”, – деді Дариға Назарбаева.
 
Дариға Нұрсұлтанқызының әкесі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осының алдында ғана үкімет пен парламенттің жұмысы қазақ тілінде жүргізілуі керектігін айтқан еді.
 

Пікірлер

пікір