008

Солтүстік Корея лидері АҚШ-пен бейбіт келісімге келгісі келеді

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын АҚШ-пен бейбіт келісімге келіп, дипломатиялық қарым-қатынас орнатқысы келеді. Осылай деп оңтүстіккореялық Donga Ilbo басылымы Оңтүстік Корея президенті әкімшілігіндегі дереккөзіне сілтеме жасап, хабарлайды.

Дереккөздің сөздерінше, КХДР лидері оңтүстіккореялық делегациямен Пхеньянда кездесуді қалайды.

Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Сандерс АҚШ президенті Солтүстік Корея лидерінің шақыртуын қабыл алады деп хабарлады. Алайда оның айтуынша, Пхеньян ядролық бағдарламасын тоқтатуға нақты шешім қабылдамайынша, Трамп Ким Чен Ынмен кездеспейді.

Өз кезегінде Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Пхеньян ұсынысын талқылап, “тым оптимист болуға әлі ерте” деді.

Трамп пен Ким Чен Ынның кездесу орны әлі белгіленген жоқ. Бірақ Ақ үй кез-келген ұсынысты қараймыз деп отыр. Оның ішінде АҚШ президентінің Пхеньянға сапары да қарастырылған.

Пікірлер

пікір