008

Өзбекстанда жол полицияларының жасырынып тұруына тыйым салынды

Өзбекстанда жол-патрульді инспекторларға талдың немесе бөгеттердің артына тығылып тұруға тыйым салды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, аталған бұйрықты Ташкент қалалық ішкі істер басқармасы басшысы, генерал-майор Рустам Жураев шығарған.

Осыған дейін жол инспекторларға ашық әрі жасырын жұмыс істеуге құқық берілген.

Соңғы аптада астана жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы қызметіне бірнеше өзгерістер енгізілді. Мәселен басқарманың арнайы сайты ашылды. Бұдан бұлай тұрғындар жол инспекторларының заңсыз әрекеттерін видеоға түсіріп, сайтқа жібере алады.

Пікірлер

пікір