008

Шаханов мереке кезінде әзілдейтін Төреғалидың жездесі ме?

Күні кеше ғана белгілі журналист, ақын Төреғали Тәшенов өзінің «Фейсбуктағы» жазбасында қазақтың от ауызды, орақ тілді үш ақыны Мұхтар Шаханов, Өтежан Нұрғалиев және Қадыр Мырза Әлінің кезінде үш әріптің «салпаңқұлағы» болған деп пост жазған еді. Күн айналмай жатып Төреғали Тәшенов өзінің жазбасын бас тартты.  

 

Аталған жазба әлеуметтік желіде қызу талқыланғаннан кейін Төреғали Тәшенов парақшасындағы жазбаны өшіріп, оның орнына

«Сағат түнгі 11-ден 30 минут кетті. Əзіл-күлкі күнінің бітуіне жарты сағат қалды. Қазақтың үш арысы (Қадыр, Өтежан, Мұхтар) жайлы жазбам əзіл екенін мəлімдеймін»,

– деп өзінің жазбасынан бас тартты.

Дардай ақынның 1 сәуір мерекесі қарсаңында бұлайша әзілдегенін ақылға жеңдіре алмадық. Әуел бастан ұлт мүддесі үшін жан аямай күресіп жүрген Мұхтар Шаханов жайында бұлайша орынсыз ой айтудың кімге қажеті болғанын біз де түсіне алмадық.

Тау қозғалса да орнынан қозғалмайтын Төреғали Тәшеновтің аяқ астынан әзіл айтып, қазақтың маңдайына басқан үш ақынына қарсы мұндай ауыр айыптау айтуын жұрт та қабылдай алмады.

Әлде Мұхтар Шаханов әзілдейтін Төреғали Тәшеновтың жездесі ме екен?

Бірақ Тәшеновтың Мұқаңа ондай жақындығын естіген емеспіз.

Соңғы уақыттары өздерінің танымалдығын арттыру үшін адамның ойына қонбайтын дүниелерді айтатындар көбейді. Күні кеше ғана заманауи жырау Жан Ахмадиев пен әйелі Сейфулин көшесінде жезөкшелердің сабаудың қойылымын қойып, жұртты дүрліктірген еді.

Енді соның қызуы басылмай жатып, белгілі журналист Төреғалие Тәшенов «қазақтың мықты үш ақыны КГБ-ның «салпанқұлағы» болған» деп әзіл айтып, айды аспаннан бірақ шығарды.

Байқап әзілдейікші. Қараптан-қарап қазақтың төбесіне көтерген азаматтарын халыққа қарсы қойып ала жаздадық.

Dalanews.kz    

Қазақ ақыны: “Мұхтар Шаханов КГБ-ның “салпаңқұлағы” болған”

Пікірлер

пікір