008

Бердоңғаров Оғыз Доғанды сотқа беруге кеңес берді

Қазір әлеуметтік желі де қандайда бір дау туса, соған желімше жабысып, пікір білдіргенсіп, бүйректен сирақ шығаратындар көбейгені жасырын емес. Жұрт Оғыз Доған мен Qazkom қызметкерлері арасындағы теке тіреске көз тіккен сәтте елдің есінен шыға бастаған ескі депутат Тәңірберген Бердоңғаров қазақ тілін қорлағандарға араша түсіп, Youtube желісінде әңгіме тартты.

Әр нәрсеге соқтығысып, атақ жасаудан әрі аспаған жартылай актер, жартылай саясаткер Бердоңғаров былай депті:

— Әлгі видеоға түсіп қалған қыз Оғыз Доғанды сотқа берсе болады. Өйткені оның видеосын таратуға өзінен рұқсат сұраған жоқ. Мүмкін халыққа қызмет көрсету орталығы немесе басқа бір мемлекеттік органда болса, түсіруге қақысы бар еді. Бірақ банкте болмайды, — деп Бердоңғаров “бірдеңе” депті.

Тіпті, ол “Конституцияның 18-бабына сәйкес, әр адамның жеке өмірге құқығы бар, оған қол сұғуға болмайды” деп әңгіме айтты.

Шамасы Тәңірберген банк қызметкерлерінен қазақ тілінде сөйлеуді талап кеткен Оғыз Доған олардың жеке басына қатысты ләм-лим деп сөз қозғамағанын түсінбесе керек.  Қазақ тілін жетік білмейтін Бердоңғаров Оғыз Доғанның не дегенін қайдан білсін?

Ол қазақ тілінің көсегесі көгерсін деудің орынына ана тілінің сойылын соққан Оғыз Доғанды “сотқа беріңдер” деп ақыл айтуынан оның қазақ тілі үшін қылшығыда қисайматынын біліп, жағамызды ұстадық.

Кезінде журналист Рафаэль Балгин ЖОО-да сабақ беріп жүргенде бір еркетотайдың қызды тәртіпке шақырып қаттырақ сөйлегенде араға Бердоңғаров түсіп (әдеттегідей), қоқан-лоқы көрсеткенде журналист оның бетінен түкіріп кеткені есімізде.

Бердоңғаровтың мына әңгімесінен кейін оның бетіне түкірушілердің қатары көбеймесе, азаймасы анық. Тәңіржанға дау басылғанша көшеге шықпауға кеңес береміз. “Бейтаныс біреу бетіме түкірді” деп шағым жазудан қолыңыз босамай қалуы мүмкін.

Айтпақшы Бердоңғаров өзінің түсініктемесінде ” Qazkom бәсекеге қабілетті банк болу үшін қазақтілді мамандарды тартқаны ләзім. Олар екі тілде де білікті жауап беруі тиіс. Камерадан қашпаңыздар” деп ақыл да айтыпты.

Бердоңғаров иі қанған қайстай былқ-сылқ етіп әңгіме айтқанда әркімге “қатын сенікі де дұрыс” деп төрелік айтқан Қожанасыр әпенденің әңгімесі еріксіз есімізге оралды.

Нұрлан ЖҰМАХАН 

 

Миллиондаған қазақтың жүрегіне қанжар сұқты

Пікірлер

пікір