008

Назарбаевтың күйеубаласы Ресейдің портын неге сатып алды?

Назарбаевтың күйеубаласы Выборгтың түбіндегі Высоцк портын сатып алды. Неге? Не үшін? Қазақ байларының ақшаны Ресейге төгіп жатқанының белгісі ме бұл? DalaNews.kz немістің Deutsche Welle сайтында жарияланған сараптаманы аударды.

 Күні кеше Тимур Құлыбаев Ресейдің Выборг шығанағында орналасқан порттың қожайыны атанды. Бірінші Петрдің кезінде салынған бұл порт 90-шы жылдан бері көмір және мұнай тасымалымен айналысады.

«Ведомости» газетінің дерегінше бұл портта Кипр компаниясы қадағалайтын көмір аялдамасы бар, «Лукойлдың» мұнай құятын терминалы да осында. Жалпы алыс-беріс, барыс – келіс көп. Болашақта сұйытылған газ терминалы да салынбақшы.

Назарбаевтың күйеубаласы осы порттың иесі атанды.

Ресейдің шетелдік инвестицияны бақылайтын үкіметтік комиссиясы келісімге қол қойғаннан кейін Балтиканың бойындағы порт Құлыбаевтың қарамағына өтті.

Ал, Құлыбаев кім?

Ол – Kazenergy мұнай-газ және энергетикалық кешені қауымдастығының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрағасы, Қазақстандағы ең дәулетті адамның бірі, Назарбаевтың күйеубаласы. Президенттің ортаншы қызын алған Тимур.

Высоцк порты тіршілігі тынымсыз қайнап жатқан жер. Финляндия шекарасынан 50 шақырым, Санкт-Петербордан 90 шақырым қашықтықта орналасқан бұл порт. 

Қажыгелдин не дейді? 

Ал сарапшылар аң-таң.

«Осы күнге дейін Қазақстаннан Ресейге келген инвестицияның дерлігі қонақ үйлер не болмаса ірі қалалардағы құрылыс саласымен байланысты-тұғын», – дейді Қазақстанның экс-премьері Әкежан Қажыгелдин.

Айтуынша, нақты экономикаға келгенде қазақ кәсіпкерлері Қазақстанға да, Ресейге шындап қаржы құйған емес ешқашан.

Қажыгелдин Құлыбаевтың портты сатып алудағы саясатын түсінбейді. Қисынсыз деп санайды.

«Порттың ұлттық мүдде тұрғысынан болсын, кәсіпкерлік жағынан болсын түк пайдасы жоқ.  Балтықта орналасқан. Қазақстаннан тікелей келетін құбыр да жоқ, тек Ресей арқылы тасымалдайсың.

Құлыбаев қазақ мұнайының экспортын арттыруға ниетті болса, өзіндей бірнеше инвесторды топтастырып Каспий құбыр консорциумының келесі  торабын іске қосар еді. Осы арқылы оның өтімділігін арттырады еді ол…», – дейді Қажыгелдин.

Құлыбаев осы әрекеті арқылы Назарбаевтың сөзіне қарсы келгендей көрінбей ме?

Президенттің шетелдік инвесторларды белсенді түрде елге шақырып жүргеніне біраз болған.

«Ал Құлыбаев қайтті? Ол ғана емес, күні кеше Ұлттық қор пен «Самұрық-Қазына» Швеция, Голландия, Америка экономикасына инвестицияға салған жерінен ұсталды», – дейді экс-премьер.

Своик не ойлайды? 

Сонымен Высоцк портын сатып алған Құлыбаевтың түпкі мақсаты неде? Саясаттанушы Петр Своиктің пікірінше, бұдан экономикалық астар іздеуге негіз жоқ.

«Бұл көмір мен мұнайдың порты. Көмірді соншалықты саудаламаймыз.  Оны Балтық маңына болмаса қиырда жатқан басқа де елдерге жөнелтпейміз. Біздің  көмірдің энергетикалық қуаты болмаса, металлургиялық құны жоқ. Әрі кетсе шекара маңындағы ресейлік электростанцияларға жеткіземіз, оның тасымалы да жыл сайын кеміп келеді. Мұнайды негізінен Ресей құбырлары арқылы тасымалдаймыз, бұл арада порттың бәлендей ықпалы жоқ», – дейді Своик.

Айтуынша, Высоцкіні сатып алудың саяси себебі бар.

Картинки по запросу кулибаев назарбаев

Саясаттанушы бұл Қазақстан мен Ресейдің арасындағы өзара келісілген шешім дейді. Кремль осы арқылы Астананы өзінің стратегиялық активтеріне араластырмақ.

Ресейдің порттарына, порттық активтеріне қызығушылық танытып отырған Құлыбаев емес, оның аржағында Қазақстанның тұрғанына сенімді Своик.

«Құлыбаев жобадан шыққан акционерлерге қыруар ақша төледі. Енді оның орнын толтыру керек.  Порттан пайда түсірмек ойы бар Құлыбаевтың. Бұл пайда соншалықты сүбелі болмауы да мүмкін.

Бұдан ұтылмайды ол. Кеткен ақша қайтпаған күнде порт теңіз түбіне кетпейді. Дефолтқа ұшырамайды. Бұл таза саяси жоба. Кремль портты кім көрінгенге сата салмасы анық еді, сатуға, сенуге болатын адамға сатты», – дейді ол.   

Своик сонымен қатар бұл келісімнің саяси салдарын да сөз етіпті. Пікірінше, төрткіл әлемге түгелдей ұнауға тырысатын біздің елдің көпвекторлы саясаты шытынап сынудың аз алдында тұр.

«Астана Кремльдің алдында түлкібұлаңға сала алмайды.

Соңғы кездері Ресейдің қытығына тиетін бірқатар шешім қабылдаған Қазақстан билігі портты сатып алу арқылы Ресейді сабасына түсірген болды

, – дейді Своик.

«Бұл өтемақы. Американың әскери транзитіне Каспий теңізінен порт бергені, кириллицадан латынға ауысқаны үшін ақталғаны Қазақстанның. Мәскеуге Еуразиялық одақты жақсы жағынан жарнамалаған маңызды. Кремль осы арқылы Қазақстанның да Ресейдегі маңызды нысандарды сатып алып одақ жұмысын жандандырып жатқанын көрсеткісі келеді», – дейді ол бұған қоса.   

Сөзінің жаны бар. Құлыбаев Высоцкіні сатып алғанның күннің ертесіне Ресейдегі антимонополиялық қызметтің басшысы Игорь Артемьев:

«Кедендік одақтан бастау алған жұмыстың жалғасы бұл. Қазақ кәсіпкері Балтықтағы маңызды активті сатып алды. Бұған қалай қуанбайсың», – деді ағынан жарылып.

Тағы бір себеп…

Өз кезегінде Әкежан Қажыгелдин бұл келісімнің сыңайы мүлде бөлек дейді.

«Қазақстандағы дәулеттілердің бірсыпырасы капиталын қалай сақтарын, қайда жасырарын білмей қайғырып жүр. Олар өз елінің экономикасына сенбейді. Өз еліне инвестиция құйғысы жоқ.  

Қазақстанда жанар-жағармай жетіспейді. Бұл мақсаттағы зауыттың салынып жатқанына жиырма жылдан асты. Ал Құлыбаев бұл саладағы ең табысты кәсіпкердің бірі. Сонда қалай?», – дейді Қажыгелдин.

Айтуынша, елдегі қалталылардан маза кеткен.

Таза жолмен таппаған капиталын тыға алмай әуре. Батысқа сақтай алмайды. Санкцияның салдары. Қауіпті қазір. Дамыған елдер шығу тегі күмәнді қаражатқа қатысты көптеген шектеулер қабылдап тастаған.

Енді қайда барады?

Дегенмен Қажыгелдин «Высоцкіні сатып алу арқылы Құлыбаев жаңа үрдісті бастап берді. Одан үлгі алған Қазақстандағы байлар жұрт көзінен жасырған қырғын капиталын енді Ресейде сақтауы мүмкін» деген кейбір сарапшылардың сөзімен келіспейді.

«Ресей де оңып тұрған. Ол жақтан ағылған ақша Қазақстанмен салыстарғанда бес есе көп», – дейді ол.

Своик та солай ойлайды.

«Ресей қазақ байларының дәулетін жасыратын жер емес», – деген пікірде ол.

Дайындаған, Думан БЫҚАЙ

Пікірлер

пікір