008

Биыл Оңтүстікте 20 мыңға жуық тұрғын таза ауыз сумен қамтылады

Оңтүстік Қазақстанда өңір халқын сапалы ауызсумен жабдықтау бойынша жоспарлы жұмыстар тұрақты атқарылуда. Облыстың даму жоспарына сәйкес, үш жылда 84 елді мекенді, яғни, 209,7 мың адамды орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарланып отыр.

Оның ішінде биылғы жылы ауыз су саласына 9,6 млрд. теңге бөлініп, 76 нысанның құрылысы іске асырылуда. Аталған нысандардың 20-сы биыл пайдалануға берілсе, 56 нысанның құрылысы келер жылға өтпелі.  Нәтижесінде осы жылы аймақтағы 13 елді мекен, яғни 19,6 мың тұрғын таза ауыз сумен қамтылса, 2 елді мекендегі тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады.

Сонымен қатар, 35 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін биыл жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Нәтижесінде, 2020 жылға қарай қала тұрғындарының 97 пайызы, ауылдық елді мекендердің 83 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылатын болады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстағы қалалардың 93,4 пайызы, ал ауылдық елді мекендердің 73,6 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

95 ауылға таза ауыз су келеді

Пікірлер

пікір