008

Неміс бизнесі қазақ экономикасына инвестиция салуға мүдделі

Астана экономикалық форумының қарсаңында Берлин Еуразиялық клубының 23-отырысы «Қазақстанда жекешелендіру бағдарламасы – Неміс орта бизнесінің мүмкіншілігі ме?» атты басқосу болып өтті. Іс-шараны «Kazakh Invest» пен Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі ұйымдастырды.

Шараға қатысушылар Германия Еуропалық Одақта Қазақстанның стратегиялық серіктесі болғандықтан екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

– Бүгін инвесторлар, оның ішінде неміс инвесторлары іске асыратын мүмкіндіктердің барлық пулын көрсетті. Бұл жаңа инвестициялық стратегия, жер қойнауы туралы заңнамадағы өзгерістер, Англия құқығы негізінде АХҚО құру және басқалары. Осы форумда Инвестициялар және даму министрлігінің, АХҚО, «Kazakh Invest» өкілдері заңнамадағы осы жаңалықтарды және бар мүмкіндіктерді көрсетті, – деп атап өтті «Астана» халықаралық қаржы орталығының меңгерушісі Қайрат Келімбетов.

Іс-шара барысында неміс тарапының өкілдері инвестициялық ынтымақтастықты технологиялық даму шеңберінде белсендіру қажеттігін алға тартты.

– Біздер Қазақстандағы инвестициялық климатты өте жақсы екенін байқап отырмыз. Мұны барлық халықаралық рейтингтерден байқауға болады. Қазақстан инвестиция тартуда дүниежүзіндегі үздік іс-тәжірибелерді негізге алатынымен ерекшеленеді. Неміс бизнесі де мұны жоғары деңгейде бағалайды. Бізде үлкен неміс компанияларының Қазақстанға келуіне қатысты алғашқы тәжірибеміз бар. Қазіргі уақытта орта неміс бизнесін тартудың маңызы зор. Өйткені олар көптеген салаларда көшбасшы болып табылады. Сондықтан біздер технологиялық ынтымақтастыққа күш салатын боламыз. Осы ретте «Kazakh Invest» нақты инвестициялық жобалар бойынша ақпарат беруі үлкен роль атқарады, – деп атап кетті Германия экономикасының Шығыс комитетінің меңгеруші директоры Михаэль Хармс.

Өз кезегінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров Германиядан келген инвестициялардың шамамен 90 пайызы бірінші кезекте өңдеуші секторға бағытталғанын атап кетті.

–  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвесторларды стратегиялық тұрғыдан тарту керек. Неміс кәсіпкерлері Елбасының бұл бастамасын жоғары бағалап, мемлекеттік индустриаландыру бағдарламасына қатысуға қызығушылық танытуда, – деді комитет төрағасы.

Форум кезінде «Kazakh Invest» басқарма төрағасының орынбасары Марат Бірімжан Қазақстанда қандай инвестициялық мүмкіндіктердің бар екендігін айтып,  неміс компанияларын жекешелендіру бағдарламасына қатысуға шақырды: «Қазақстан – бұл транзиттік ел ғана емес, жақын жатқан елдерге өз өндірісіңді экспорттауға болатын ел. «Kazakh Invest» инвесторларға перспективалы инвестициялық жобаларға, сондай-ақ жекешелендіру бағдарламасын іске асыруға қатысты нақты ақпарат береді», – деп атап кетті ол.

Іс-шара қорытындысында неміс тарабы Қазақстандағы экономикалық реформалардың маңызын жоғары бағалады.

«ҚмД» ақпарат

Пікірлер

пікір