008

Қазақтың үйінен қуанып, орыстың үйінен құлазып шығатынбыз

Жедел жәрдем мен емханада дәрігер болып жүргенде де қазақтардың үйіне баратынбыз. Қариялары шақыртатын. Қазақтың үйіне кірсең тап-таза, жап-жарық.

Үйдегі үлкендер дәрігерлерді құрақ ұшып қарсы алса, қарияның немерелері бізді көріп қорықыныштарын жасыра алмай әлек болады. Есіктің алдында:

– Бір нәрсе керек пе? – деп келіндері бәйек болады.

– Апамның жағдайы қалай, не болып жатыр? – деп балалары жүреді. Барлығы шауып жүргенін көргенде қариялар нақышын келтіріп тұрып ауырады. Бәрі жарасымды. Жаның жадырап шығады.

Ал енді орыс кемпір-шалының үйіне барғанда мұндай отбасылық қуаныштың нышанын байқаймайсың.

Жалғыздықтан қажыған, көңілдері құлазыған қариялар алдыңнан шығады.

Үйіндегі қабырғада ілулі тұрған кілем және қоңыр шкафтардан жарық жанып тұрса да, түнеріп тұрады. Күлімсіген иіс, кейбір үйде иттің сасық иісі қолқаны бітеп тастайды. Көңілің құлазып, иістен басың ауырып, балалары үшін қиындықтың барлығына шыдап, қартайған шағында жалғыз қалған кемпір-шалды аяп үйден шығушы едік.

Және де бір ғана үймен осыны жазып отырған жоқпын. 90% жағдай осы.

Әділбек Нұрымбетов

 

Пікірлер

пікір