008

Алматының жүйірік балалары жарысты

19 мамыр күні Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында “Алматы марафоны” аясында ең жас жүгірушілерге арналған спорттық шара  – Балалардың жүгіруден сайысы өтті. Шараға 3-14 жас аралығындағы балалар қатысты.

Жас жүгірушілер 200-500 метір және  3 шақырым қашықтықты еңсерді. 200 метр қашықтыққа жүгіруден балалар арасында Клим Ефименко және қыздар арасында Малика Шалекенова ең жүйрік атанды.

500 метрге жүгіруден балалар арасында Батыр Жұмат және қыздар арасында Ярослава Салагаева бірініші орынға табан тіреді. Ал 3 шақырымға жүгіруден 10 минут 54 секунд нәтижесімен балалар арасында Артемий Кузнецов және қыздар арасында Карина Канькова 12 минут 6 секунд нәтижесімен жеңіске жетті.

– Көптеген қатысушылар үшін бұл алғашқы сайыс болды. Балалар оған ерекше ықыласпен қатысты. Барлығы жолдан жаңылған жоқ. Спортта ең бастысы тәртіп екені белгілі. Бүгін біз жас спортшылардың мұқият дайындалғанын, жеңіске, мақсатқа – соңғы мәреге және армандаған марапатқа жетуге ұмтылыс байқадық, Балаларына қолдау көрсетіп, оларды жарыстарға әкелетін ата-аналарға үлкен алғыс! – деп “Алматы марафоны” директоры Салтанат Қазыбаева қатысушыларға ризашылығын біддірді.

“Бүгін жүгіруден жарысқа біздің әртістер, олардың арасында менің ұлым – Майкл қатысты. Ол жақында ғана 3 жасқа толды”, – дейді еліміздің ең танымал цирк әртісі және сайқымазағы Мұрат Мұтұрғанов.

– Мен өзім биыл “Алматы марафонында” 10 шақырым қашықтыққа жүгірдім. Ата-аналар балаларына үлгі болуы керек деп есептеймін. Тек үлкендерге қарап,  балалар физикалық жағынан дамуға тырысады. Мен балалар алдында жиі өнер көрсетемін. Сол себепті оларға үлгі болуым керек. Жүгіру – бұл спорттың бірегей түрі. Мұнда біреуді жеңуге тырысасың, метр мен шақырымдарды еңсере отырып, біріншіден өзіңді жеңесің. Бұл өмірлік жағдайларда өте көмектеседі, – цирк әртісі.

“Алматы марафонының” жүгіруден келесі жазғы сайысы шілденің 14-де өтеді. Шарада бірнеше қашықтық, соның ішінде балалардың 3 шақырым қашықтығы да болады. Сонымен бірге, 1 шілдеде “Алматы марафонының” жүзуден сайысы өтеді. Биыл “Алматы марафоны” командасы 20-дан астам спорттық шара өткізуді жоспарлап отыр.

Жарыс ұйымдастырушылары  – “Бірінші болуға батылдық” Корпоративті қоры, “World Class Almaty” фитнес-клубы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

 

Пікірлер

пікір