008

Назарбаев Қырымбек Көшербаевтың өкілеттігін неге ұзартты?

 Күні кеше Назарбаев Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкілеттілігін ұзартты.

Көшербаев 20 мамырда 63 жасқа толады. Алайда президенттің бұйрығына сай өңір басшысының өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2021 жылғы 20 мамырды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды. Неге? Бұған не себеп болды?

Егемендік алған күннен бері Назарбаевтың жанынан бір елі қалмай келе жатқан үзеңгілесі әрі сенімді серігі – Қырымбек Көшербаев осы уақытқа дейін бірталай жауапты қызметтің тізгінін ұстады. Барған жерінде жүктелген жұмысқа асқан жауапкершілікпен қарап, сөзі мен ісі бір жерден шықты. Содан да шығар бірнеше рет әкімдер рейтингінің көшін бастады Көшербаев.

Оның 2013 жылы Қызылорда өңіріне әкім болып тағайындалуы да ерекше мәнге ие, негізінде.

Бұл туған жерге оралу еді. Ұзақ жылға созылған табысты саяси мансаптың тағы бір маңызды кезеңі туған жерге оралумен түйінделді.

Осы уақыттың ішінде Көшербаев Президенттің баспасөз-хатшысы, Денсаулық сақтау, Білім және мәдениет министрі (1997 жылдары бұл бағыттағы жұмыс бір ведомствоның мойнында болатын), Үкіметбасының орынбасары, Ресейдегі, Финляндиядағы, Армениядағы елші және бірнеше өңірдің (Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы)  әкімі қызметін атқарып үлгерген-тұғын.

Көшербаевтың кеңесшісі болған Артұр Нығметовтың айтуынша, Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың адал шәкірті әрі сенімді серігі.

Картинки по запросу артур нигметов

«Қырымбек Елеуұлының кәсіби қарым-қабілеті мен жұмысқа деген жауапкершілігі өзгелерге үлгі боларлықтай. Оның табыс кілті де осында. Көшербаев Президенттің әрбір тапсырмасын мұқият тыңдап, тиянақтап  орындайды. Әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық мәселелерге кешенді түрде көңіл бөледі. Бұл бағыттағы мәселелерді кешенді түрде шеше білетін басшылардың бірі ол.

Қырымбек Елеуұлының мамандығы инженер-құрылысшы. Осы себепті де ол құрылыс саласын экономикалық дамудың диірмені бола аларын жақсы түсінеді.

Соңғы бес жылда Қызылорда облысында өңірдің өркендеуіне серпін берген ауқымды жұмыстар атқарылды.  Облыстың экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштері жыл санап жақсарып келеді. Мұның барлығы Қырымбек Елеуұлының қажыр-қайратының арқасында мүмкін болды», – дейді Артұр Нығметов.

Айтуынша, 2013 жылдан бері Қызылорда облысында жалпы аумағы екі миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй қолданысқа берілген. Сонымен қатар осы уақыт аралығында Қызылордада 14 жаңа шағынаудан бой көтеріпті.

Соңғы бес жылда әлеуметтік сала бойынша 200-ден аса нысан қолданысқа берілген екен. Ал «Балапан» бағдарламасы белгіленген уақытынан ерте орындалған. Осылайша апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымда оқыту мәселесі шешімін тауыпты.

Артұр Нығметов сонымен қатар өңір басшының жұмыс кестесін де айтып берді.

«Қырымбек Елеуұлы тәулігіне 15 сағат тапжылмай жұмыс істейді. Тіпті, демалыстарда да тыным тапқанын көрмейсің.  Ол заманауи трендтерден де қалыспайды.  Көп оқиды, көп ізденеді. Әсіресе Илон Масктың, Стив Джобстың технология туралы еңбектеріне ерекше қызығады. Мәскеу академиясының профессорлар құрамымен тығыз байланыста», – дейді ол.

Сонымен бірге ол Қызылорда облысы әкімінің өзіне және қарамағындағыларға ерекше талапшыл екенін айтады.

«Басшы ретінде қатал әрі талапшыл. Алайда қаталдығы ешқашан шектен шыққан емес, әділетті. Ең бастысы адамгершілігі мол. Адамды, адам еңбегін бағалай біледі. Бұл Қырымбек Елеуұлының отбасынан алған тәрбиесі, жанұя дәстүрі деп білемін. Ол идеяшыл жастарды ешқашан бетінен қайтарған емес. Керісінше, әрдайым қолдап, шығармашылық шабыт береді. Оқимын, ой-өрісімді, кәсіби деңгейімді көтергім келеді деген талай жасқа қанат бітірді. Көшербаевпен бірге істеген уақытта мен тәртіп пен талаптың арқасында қандай нәтижеге жетуге болатынын түсіндім» дейді ол.  

Артұр Нығметов облыс әкімінің футболға қызығушылығы жоғары екенін айтады. Көшербаев жергілікті «Қайсар» футбол клубының жанкүйері. Сүйікті командасының бір де бір кездесуін жіберген емес.

Еселі еңбектің ескерілетіні де анық. Осы уақытқа дейінгі өмірінде Көшербаев көптеген марапатқа ие болды. Оның ішіндегі ең сүбелілері «Парасат» және «Достық», ІІ дәрежелі «Барыс» және “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев” ордендері.

«Дегенмен, Қырымбек Елеуұлы өзінің әлуетін әлі де болса толық таныта алған жоқ» – дейді Артұр Нығметов. Оның ел дамуына қосар үлесі әлі де мол.

Айтуынша, Мемлекет басшысының  Қырымбек Көшербаевтың өкілеттілігін ұзартқанының бір себебі де сонда.

«Мұндай шешімді президент Әділбек Жақсыбеков, Бердібек Сапарбаев, Даниал Ахметов және Амандық Баталовқа қатысты да қабылдаған болатын.  Демек Назарбаев бұлардың еңбегін лайықты бағалайды және олардың елге берері әлі де көп екеніне сенеді деген сөз. Олар әлі де тың. Олардың кәсіби мүмкіндігі мен әлуеті әлі де жоғары», – дейді Нығметов.

Пікірлер

пікір