008

Тәжіктер тоғыз миллионға жетті

Тәжікстандағы “Ховар” ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елде тоғыз миллионшы тұрғын қыз бала 26 мамырда таңғы сағат 06:30-да, астананың №1 перзентханасында дүниеге келген. Жаңа туған сәбидің салмағы – 3,6 келі, бойы 51 см.

Сәбидің анасы – 28 жастағы Нәзира Муллоджонова Тәжікстанның еңбек және халықты жұмыспен қамту агенттігінің маманы болып жұмыс істейді. Екеуі де өздерін жақсын сезінеді.

Босанған келіншек таңертең қуанышты хабарды естігенде, өзіме өзім сенбедім дейді. “Мен елде халықтың саны 9 миллионға жақындап қалғанын білмедім. Бүгін мен үшін екі есе қуанышты күн”, – дейді Нәзира. Сәбидің әкесі Фируз Латипов қызы болуды көптен бері армандапты. Олардың бір ұлы бар.

Тәжікстан президенті жаңа туған сәбидің ата-анасын құттықтап, Душанбеден пәтер кілтін табыс етті. Душанбе мэрі Рустам Эмомали Нәзира Муллоджоноваға астана орталығынан үш бөлмелі пәтер беру жөнінде қаулыға қол қойған.

Тәжікстан постсоветтік мемлекеттер арасында бала туу саны жағынан алда келеді. Ресми мәлімет бойынша жыл сайын бұл елде 200 мыңға жуық сәби туылады.

БҰҰ болжамы бойынша, 2050 жылға қарай Тәжікстан халқының саны 14,5 миллион адамға жетеді.

Пікірлер

пікір