008

Тәуелсіз Қазақстанның Шығыс шетелдеріндегі бейнесі

Таяуда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Тәуелсіз Қазақстанның Шығыс шетелдеріндегі бейнесі: бүгіні мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған  «Жаһандағы әлемдегі қазақстандық мә­дениет» жобасының аясында Шығыс шетелдеріндегі Қазақстанның қазіргі заманғы трансформациялануының жай-күйі мен болашағын анықтау.

Конференция жұмысына ректор Такир Балықбаев, бірінші проректор Мақтағали Бектемесов, ғылыми жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Ғабит Кенжебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Назар Балғымбаев, Қазақстан Республикасындағы Мысыр Араб республикасы Елшілігі жанындағы мәдениет және білім беру істері орталығының директоры, мәдениет және білім беру жөніндегі атташе Ибрагим Хемдан, Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Георгий Кан, шығыс тілдері және аударма кафедрасының меңгерушісі Князь Мирзоев, сонымен қатар белгілі шығыстанушы ғалымдар, филологтар, мәдениеттанушылар, саясаттанушылар, тарихшылар, Қазақстан мен алыс және жақын шетел мемлекеттерінің қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысының модераторлары: Филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдігазиұлы, шығыс тілдері және аударма кафедрасының меңгерушісі Князь Мирзоев, шығыс тілдері және аударма кафедрасының профессоры Айгүл Жұмабекова, Сорбонна-Қазақстан Институтының халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков, шығыс тілдері және аударма кафедрасының доценті Гүлсім Әбдрахманова.Конференцияны ашқан ректор Такир Балықбаев шет тілдерін меңгерудің маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, Шығыспен экономикалық және мәдени байланыстардың нығаюы нәтижесінде соңғы онжылдықта елімізде шығыс тілдеріне қызығушылық артқан, Қазақстан және Шығыс елдерінің ортақ қызығушылығы тіл мен мәдениет мәселесі болғандықтан, бұл конференцияда талқыланатын тақырыптардың еліміздегі тіл мен мәдениет дамуының кең ауқымды мәселелерін шешуге бағытталып отыр.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде Қазақстанның Таяу Шығыстағы елдермен рухани қарым-қатынастары, Түркиядағы қазақ тілін үйрену жайы, қазақ-әзербайжан тілдері байланыстары, Шығыс елдерінде Қазақстанның рухани құндылықтарын насихаттау, қазақ мәдениетін Шығыс шетелдерінде таныту құралы ретінде аудару мәселесі талқыланды.

 

Римма Жанбаева

Пікірлер

пікір