008

20 мың түркістандық Түркістан облысы аталуын орталық алаңда атап өтті

Түркістан облысының құрылып, орталығының Түркістан қаласына ауыстыру туралы Елбасы Жарлығын өңір халқы ерекше қуанышпен мерекеледі. Түркістанның Есім хан атындағы орталық алаңдағы айрықша шараға 20 мыңдай адам қатысты.

Облыстың орталығы ретінде басталған жиынға алғашқы көшті Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бастап барды. Олардың қатарында облытық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, Қоғамдық кеңес төрағасы Ө.Мелдеханов сынды халық қалаулылары мен зиялы қауым өкілдері, ардагерлер болды. Шымкенттен Түркістанға жеткен топты жергілікті тұрғындар зор қуанышпен қарсы алды.

Тарихи сәтті тамаша мерекеге ұластыру мақсатында Астана мен Алматыдан арнайы әншілер тобы да түркістандықтардың қуанышына ортақтаса келді. Олардың ортасында елімізге белгілі өнер жұлдыздары – Жұбаныш Жексенұлы, Мақпал Жүнісова, Ұлықпан Жолдасов, Саят Медеуов, Айгүл Иманбаева, Тамара Асар, Ғаділбек Жанай,  Жазира мен Жанболат сынды оннан астам танымал әншілер ән салып, халықтың мерейін асырды.

Мерекелік жиында сөйлеген Түркістан облысының әкімі Ж. Түймебаев Елбасы Жарлығының стратегиялық маңызына ерекше тоқталып, ежелден қазақ хандығының орталығы, күллі түркі жұртының рухани ордасының ендігі бағытын қолдап-қуаттауға шақырды.

– Сіздерді көне шаһар Түркістанның облыс орталығы мәртебесін иемденген тарихи сәтімен шын жүректен құттықтаймын! Президентіміз атап көрсеткендей өңірдің өркендеуіне тың серпін беруін көздеген шешімнің тарихи мән-мағынасы өте тереңде.

Бұл қадам көне шаһардың қойнауында жатқан тарихи жәдігерлердің қайта жарқырап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің көтерілуіне, жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасының артуына оң ықпал жасайтыны сөзсіз.

1500 жылдан астам терең тарихы бар қаланың ХХІ ғасырдағы жаңа тынысы ашылғалы тұр. Ұлт көшбасшысының Мәңгілік елді қалыптастырудағы ұлы мақсаттарымен үйлескен мұндай саяси шешімді жүзеге асыруға жанжүрегімізбен аянбай еңбек етейік, – деген Жансейіт Қансейітұлының тебіреністі тілегін мыңдаған тұрғындар зор ықыласпен қабыл алды.

Салатанатты концертте түркістандықтардың тілегін қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі  Шора Есмолдаев қуана жеткізді. Елағасы Елбасының Жарлығы тек түркістандықтарды ғана емес, тұтас елдің рухын күшейткен көреген тоқтап болғанына баса мән беріп, халықтың атынан айрықша алғысын жеткізді.

Алаңға жиналған қауым эстарада жұлдыздарының өнері мен отшашуды тамашалып, шын ризалықтарын білдірді. Керемет кеш халықтық думанға ұласты.

 

Түркістан облысы әкімінің баспсөз қызметі

Пікірлер

пікір