008

Дәурен Қуат “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы болып тағайындалды

Дәурен Қуат “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалды. 

Ол бұған дейін “Алтын орда” мен “Жас қазақ” газетінде бас редактор болған. “Алтын орда” атты аймақтық газетті республикалық деңгейге көтерген. 2002 – 2003 жылдар аралығында «Қазақ Әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары болған.

Дәурен Қуат 1973 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласы Қапал ауданы Ащыбұлақ ауылында дүниеге келген.

М. Қашқари атындағы және Ғ. Мүсірепов атындағы сыйлықтардың лауреаты. Түркі әлемі жазушыларына арналған сыйлықтың лауреаты. 2015 жылы ҚР Ақпарат саласының үздігі атанды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған медаль иегері.”Әлқисса” атты прозалық кітабы жарық көрген.

Пікірлер

пікір