008

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро төрағасы Алик Шпекбаев мырзаға!

Редакцияға хат кепті. Құрманғазы Рахметов есімді автордың атынан жөнелтілген хат Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро төрағасы Алик Шпекбаев мырзаға бағытталған екен. Мақала авторы былай дейді:  

Жаңақорған аудандық маслихатының депутаты Тұрдалы Қалдыбаев өзінің бірқатар жақтастарымен бірлесіп ауданымызда мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда үнемі өзінің тарапынан кедергі келтіріп келеді.
 
Оған мынадай себептер дәлел:
2017 жылғы 11 желтоқсанда өткен Жаңақорған ауданы маслихатының тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында өзі төрағалық ете отырып, аудан әкімінің қатысуын талап еткен.
 
Онда төрт мәселе қаралып, оның бірі, аудан әкімі жанындағы Құрметті азамат атағын беру жөніндегі комиссияның оң қорытындысын алған азаматтарға «Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс кезінде, депутаттарға алдын ала үгіт насихат жүргізіп, аудан әкімі ұсынысына қарсы шығамыз деп жария етіп отырған.
 
Алайда, талқылау үстінде, басқа депутаттар қолдау білдірген сәтте, тұрақты комиссия төрағасы бола тұра, Т.Қалдыбаев тұрақты комиссия отырысынан шығып кеткен.
 
Осындай іс-әрекеттер, 2017 жылғы 27 желтоқсанда өткен сессия кезінде төрағалықтан бас тартып, Жаңақорған ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту туралы шешімге жалғыз өзі қарсы болған. 
 
2018 жылғы 16 мамырда өткен Жаңақорған кент әкімі сайлауы қарсаңында, аудан әкімімен ұсынылған екі кандидатқа да қарсы болып, басқа депутаттар (Т.Мамуов, М.Балхожаев, С.Абдуллаев) арасында сырттан келген кандидатарды өткізбейміз, сайлауға қатыспаймыз деп үгіттеген.
 
2018 жылғы 20 маусымда өткен Жаңақорған ауданы маслихатының сессиясында аудандық бюджетті бекітпей кері қайтарылсын деп қарсы болған. Оған себеп, тұрақты комиссия кезінде Бесарық ауылдық округы мен Жаңақорған кенті әкімдігіне сұралған қызметтік автокөлікке қарсы болған. Осы мәселені негізге алып, сессияны тоқтатамыз, аудан бюджетін қабылдамаймыз деп шу шығарып, сессия үстінде сыртқа шығып кеткен. 
 
Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары лауазымы бос орынға өзінің жиені С.Асеновты аудан әкіміне жиналып ұсынайық деп, аудан тұрғындары арасында тектік-топтық және рулық астамшылықты насихаттап, аудандағы қожа ағайындардың басын қосып бірнеше мәрте жиналыс ұйымдастырған. 
 
Т.Қалдыбаев, осы кезге дейін аудандағы болып жатқан кадр мәселелері бойынша араласып, өз адамдарын жұмысқа орналастыруға әрекеттер жасаған. Оған дәлел, Талап ауылдық округындағы №254 жалпы орта мектеп директоры қызметіне, Талап ауылдық округ әкімдігіне және Бесарық ауылдық округы №239 жалпы орта мектеп штаттарына араласып, айтқаны болмағасын қарсы жұмыс істеп, кедергі келтіруде.Рушылдық пен непотизмге қолдау көрсетіп, “ақсақализм”дертіне шалдыққан Т.Қалдыбаевтің тату-тəтті ынтымақта ұйыған  жергілікті аудан халқын арандатып,  атқарушы билік өкілі əкімге айдап салуына тиым салуыңызды сұраймыз! 
 
Бір топ аудан тұрғындары…
 
P.S. Айтпақшы дәл осы мақала Фейсбук әлеуметтік желісінде де жарияланған екен.
Редакция өз тарапынан аталған мақаланың мазмұны мен автордың көзқарасына жауап бермейтінін хабарлайды.  

Пікірлер

пікір